2005 жылы балалар мен жасөспiрiмдердiң жазғы демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 27 сәуірдегі N 127 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 6 мамырда N 1581 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011 жылғы 17 қазандағы N 01.04-08/2964 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)

      "2003-2005 жылдарға арналған балалар мен жасөспiрiмдердiң жазғы демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2003 жылғы 22 сәуiрдегi  N70-ө өкiмiн орындау үшiн және 2005 жылғы жазғы кезеңде балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын, олардың творчестволық дамуын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы мен қадағалаудан тыс қалуының алдын алу мақсаттарында облыс әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Аудандар мен Петропавл қаласының әкiмi, бiлiм департаментi 2005 жылы балалар мен жасөспiрiмдердiң жазғы демалысын сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн:
      қаладан тыс сауықтыру лагерлерi мен еңбек және демалыс лагерлерiнiң материалдық-техникалық базасы 2005 жылдың 31 мамырына дайындалсын, оларда мектеп оқушыларын жалпы және рухани адамгершiлiк жағынан тәрбиелеу, жан-жақты мәдени-бұқаралық, спорттық және сауықтыру жұмыстары үшiн қажеттi жағдайлар туғызылсын;
      2005 жылдың 6 маусымына дейiнгi мерзiмде қалалық және аудандық комиссиялар лагерлердi қабылдауды қамтамасыз етсiн;
      сауықтыру лагерлерiн, мектептен тыс ұйымдардың лагерлерiн, еңбек және демалыс лагерлерiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражат есебiнен жасалсын;
      өңiрдiң ерекшелiктерiн, экономикалық жағдайларын, ата-аналар мен балалардың ұйымдасқан түрде демалыс жөнiндегi сұраныстарын ескере отырып, 2005 жылғы жазғы кезеңдегi балалар мен жасөспiрiмдердiң демалыс, сауықтырылу және еңбекпен қамтылу бағдарламасы әзiрленсiн және бекiтiлсiн;
      "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының табысты жүзеге асырылу мақсаттарында сауықтыру лагерлерiнде облыс әкiмi грантының иегер мұғалiмдерiн тарта отырып қазақ тiлiн үйрету бойынша жазғы мектептердiң жұмысы ұйымдастырылсын; 
      бiрiншi кезектi тәртiпте жетiм балалардың, ата-аналарының қамқорлықтарынсыз қалған балалардың, атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар, көпбалалы, толық емес отбасылар балаларының, мүгедек балалардың демалысын, сауықтырылуын қамтамасыз етсiн;
      сауықтыру лагерлерi жүйесiн дамытуға жәрдемдесу;
      жалпы бiлiм беретiн мектептер жанынан тыс ұйымдарда күндiз болатын лагерлерiн, еңбек және демалыс лагерлерiн және мектеп орманшылығын ұйымдастыру;
      балалар мен жасөспiрiмдердiң еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету, олар үшiн жазғы демалыс кезiнде еңбек заңдарына сәйкес, уақытша жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнiнде шаралар қабылдау;
      балалардың өмiрi мен денсаулығы сақтығын, сондай-ақ балалардың сауықтыру ұйымдарындағы өртке қарсы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету.

      2. Мыналар бекiтiлсiн:
      1 қосымшаға сәйкес балалар мен жасөспiрiмдердiң жазғы демалысын ұйымдастыру жөнiндегi облыстық комиссияның құрамы;
      2 қосымшаға сәйкес қаладан тыс лагерлерде балаларды сауықтырумен қамту жоспары;
      3 қосымшаға сәйкес мектеп жанындағы алаңдарда балаларды сауықтырумен қамту жоспары.

      3. 2005 жылдың 1 маусымына дейiн бiлiм және денсаулық сақтау департаменттерi барлық тұрпаттағы лагерлердi педагогикалық, медициналық және музыкалық қызметкерлерiмен толықтырсын.

      4. Денсаулық сақтау, мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттерi:
      балалардың сауықтыру алаңдарын дәрiлiк препараттармен, дезинфекциялық құралдармен және қажеттi медициналық жабдықтармен жабдықтауға көмек көрсетсiн;
      балалар демалысының қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес ұйымдастырылуына және денсаулығының қорғалуына, лагерлердiң маусым басталғанға дейiнгi дайын болуына бақылау орнатсын.

      5. Iшкi саясат департаментi бұқаралық ақпарат құралдарында балалар мен жасөспiрiмдердiң жазғы кезеңде сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыруға дайындық барысы туралы хабарлар берiп тұрсын.

      6. Мәдениет департаментi мәдениет мекемелерiнiң жазғы демалысты өткiзуге қатысуларын қамтамасыз етсiн. 

      7. Дене шынықтыру және спорт басқармасы спорттық алаң, стадион, балалар-жастық спорттық мектептерiнiң жұмыстарын ұйымдастырсын.

      8. Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаментi туған өлке бойынша туристiк және экологиялық маршруттар ұйымдастырсын.

      9. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөнiндегi министрлiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы төтенше жағдайлар жөнiндегi департаментiне (келiсiм бойынша), мобилизациялық даярлық және төтенше жағдайлар, iшкi iстер басқармаларына:
      демалыс аймақтарында қоғамдық тәртiптiң сақталуын, балаларды тасымалдау қауiпсiздiгiн, балалардың су айдындарында өмiр қауiпсiздiгi ережелерi мен нормаларын сақтауларын қамтамасыз етсiн;
      балалардың сауықтыру лагерлерiне келуiн және кейiн қайтуын жол полициясының iлесуiмен жүзеге асырсын.

      10. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Е.Е.Нұрақаевқа жүктелсiн.

       Облыс әкiмi

Облыс әкiмдiгiнiң   
2005 жылғы 27 сәуiрдегi 
N 127 қаулысына 1 қосымша

Балалар мен жасөспiрiмдердiң жазғы демалысын
ұйымдастыру жөнiндегi облыстық комиссияның
құрамы

Нұрақаев
Ерiк Есiмұлы

- комиссия төрағасы,
облыс әкiмiнiң орынбасары

Денкенова
Сайран Әбiлқайырқызы

- төрағаның орынбасары
бiлiм департаментiнiң бастығы


Комиссия мүшелерi:

Зверева
Наталья Николаевна

- экономика және бюджеттiк жоспарлау
бастығының орынбасары

Есенеев
Қайырғали Қапезұлы

- солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң
мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау департаментiнiң бастығы

Қасейiнов
Қуандық Әскерұлы

- мобилизациялық даярлық және
төтенше жағдайлар басқармасының бастығы

Құдайбергенова
Fалия Бейсенқызы

- еңбекпен қамтуды үйлестiру және
әлеуметтiк бағдарламалар департаментi
бастығының орынбасары

Күлжанова
Тотықамал Ниязқызы

- Петропавл қаласы әкiмiнiң орынбасары

Молдағулов
Артур Кенжеәкiмұлы

- Қызылжар ауданы әкiмiнiң орынбасары

Павлухина
Валентина Николаевна

- денсаулық сақтау департаментi бастығының
орынбасары

Пульникова
Наталья Петровна

- мәдениет басқармасының бөлiм бастығы

Рақымов
Болат Шонұлы

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс
департаментi бастығының орынбасары

  Облыс әкiмдiгiнiң    
2005 жылғы 27 сәуiрдегi 
N 127 қаулысына 2 қосымша

Қаладан тыс лагерлерде балаларды сауықтырумен қамту
жоспары

  N

  Аумақтың атауы

  Лагерлердің
атауы

  Сыйымды
лығы

1

Айыртау

Қарлығаш

150

2

Аққайың

Валентина
Терешкова
атындағы

200

3

Есiл

"Родничок"

130

4

Жамбыл

"Лесные
поляны"

150

5

Мағжан
Жұмабаев

"Березка"

150

6

Қызылжар

"Серебрянный
бор"

200

7

"Орленок"

120

8

Мамлют

"Искра"

150

9

Fабит
Мүсірепов

"Солнышко"

120

10

"Қарлығаш"

150

11

Тимирязев

"Счастливое
детство"

150

12

Шал ақын

"Аю-тас"

150

13

Петропавл
қаласы

"Юный
железно-
дорожник"

300

14

"Золотая
осень"

250

15

"Березка"

250

16

"Балауса"

60

17

"Лашын"

50

18

Ақмола
облысы Щучинск

"Арман"

200


барлығы: 

      кестенің жалғасы

Маусым бойынша жоспарланған
қамту шамасы

Жалпы
сауықтырылатын
балалар саны

1
маусым

2
маусым

3
маусым

4
маусым

150

150

150

150

600

200

200

200

200

800

130

130

130

130

520

150

150

150

150

600

150

150

150

150

600

200

200

200

200

800

120

120

120

120

480

150

150

150

150

600

120

120

120

120

480

150

150

150

150

600

150

150

150

150

600

150

150

150

150

600

300

300

300


900

250

250

250

250

1000

250

250

250


750

60

60

60

60

240

50

50

50

50

200

200 баладан 5 маусым

1000


11370

Ескерту: "Арман" облыстық сауықтыру орталығында жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлықтарынсыз қалған, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балалары сауықтырылады.

Разнарядканы бiлiм департаментi жасайды.

Облыс әкiмдiгiнiң   
2005 жылғы 27 сәуiрдегi 
N 127 қаулысына 3 қосымша

Балаларды мектеп жанындағы алаңдарда сауықтырумен қамту
жоспары

N

Аудан, қала атауы

Алаңдар
саны

Балаларды
тамақтандырумен
қамту

1

Айыртау

61

3500

2

Ақжар

25

1800

3

Аққайың

40

2000

4

Есiл

30

1400

5

Жамбыл

57

2300

6

Мағжан Жұмабаев

62

2100

7

Қызылжар

59

2500

8

Мамлют

43

1800

9

Fабит Мүсірепов

68

3600

10

Тайынша

70

4700

11

Тимирязев

24

1200

12

Уәлиханов

36

1500

13

Шал ақын

45

2500

14

Петропавл қаласы

44

9200


Барлығы:

664 40100

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады