Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2011.07.28 № 28 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы № 321 "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңын орындау мақсатында шешім етемін:
1. Аудандардың және Атырау қаласының әкімдері бюджет шығыстары сметасымен бекітілген қаражат шегінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды дербес жүргізсін.
2. Өзіндік-облыстық бюджет бағдарламалары әкімшілері үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың бірыңғай ұйымдастырушысы болып Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті (бұдан әрі -
Конкурсты ұйымдастырушы) белгіленсін.
3. Конкурсты ұйымдастырушының департаменттер, облыстық әкімият басқармалары және тапсырыс беруші өкілдері ішінен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстық комиссия мен сарапшылар топтарының құрамын бекітуге құқығы бар.
4. Қоса берілген тізбеге сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментін конкурс ұйымдастырушысы етіп белгілеу ұсынылсын.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 2 шешімімен.
5. Мемлекеттік сатып алу мониторингін жүзеге асыру мақсатында және аудандар мен Атырау қаласының әкімдері, облыстық бюджет бағдарламаларының әкімшілері мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысандарға және мерзімдерге сәйкес мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі тиісті ақпаратты Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментіне ұсынсын.
6. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Облыс әкімінің 2002 жылғы 31 мамырдағы № 433 "Мемлекеттік сатып алуды өткізу мәселелері" шешімі (Атырау облысы әділет басқармасында 2002 жылдың 8 шілдесінде № 1042 тіркелген);
2) Облыс әкімінің 2004 жылғы 8 мамырдағы № 52 Облыс әкімінің 2002 жылғы 31 мамырдағы № 433 "Мемлекеттік сатып алуды өткізу мәселелері" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Атырау облысы әділет департаментінде 2004 жылдың 28 маусымында № 2027 тіркелген).
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К. Нокинге жүктеледі.
Облыс әкімі міндетін атқарушы
Облыс әкімиятының
2005 жылғы 7 қаңтардағы № 1
қаулысына қосымша
Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - Атырау облысы әкімінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 2 шешімімен.
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу тізбесі
№ |
Атауы |
1 |
Бюджеттік ұйымдар үшін 2005-2006 жылдардың жылыту кезеңіне |
2 |
Атырау облысы білім беру мекемелері үшін лингафондық және |
Мақат ауданы |
|
3 |
Мақат ауданы Доссор поселкесіндегі Шәріпов атындағы орта |
4 |
Мақат ауданы Белинский атындағы орта мектеп үшін активтер |
Исатай ауданы |
|
5 |
Исатай ауданы Ерғалиев селосындағы 320 оқу орындық орта |
6 |
Исатай ауданы Забурын селосындағы 320 оқу орындық орта |
7 |
Исатай ауданы Исатай селосындағы 250 оқу орындық орта |
8 |
Исатай ауданы Забурын селосындағы орта мектеп үшін активтер |
9 |
Исатай ауданы "Қарлығаш" бала бақшасы үшін активтер мен өзге |
Жылыой ауданы |
|
10 |
Құлсары-Шоқпартоғай-Ақкиізтоғай топтың су құбырын қайта |
Қызылқоға ауданы |
|
11 |
Қызылқоға ауданының "Киізауыз-қарабау" құбырын қалпына |
Махамбет ауданы |
|
12 |
Махамбет поселкесіндегі газ құбыры желілерін күрделі жөндеу |
Құрманғазы ауданы |
|
13 |
Құрманғазы ауданының Асан селосындағы Момышұлы атындағы орта |
14 |
Құрманғазы ауданының Ұштаған селосындағы Құрманғазы атындағы |
Индер ауданы |
|
15 |
Индер ауданының Өрлік селосындағы бала бақшаны күрделі жөндеу |
16 |
Индер ауданының Өрлік селосындағы бала бақша үшін активтер |
17 |
Индер ауданының Арман бала бақшасын күрделі жөндеу |
Атырау қаласы |
|
18 |
Атырау қаласы "Сельстрой" шағын ауданындағы орта мектеп үшін |
19 |
Атырау қаласының Курилкин селосындағы орта мектеп үшін |