Облыс әкімінің 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 1 "Мемлекеттік сатып алу өткізу мәселелері" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімінің 2005 жылғы 4 ақпандағы N 2 шешімі. Атырау облыстық әділет департаментінде 2005 жылғы 14 наурызда N 2358 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2009 жылғы 30 наурыздағы N 15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2009.03.30 N 15 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы N 321 "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес шешемін:
      1. Облыс әкімінің 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 1 "Мемлекеттік сатып алу өткізу мәселелері" шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
      шешімнің 4-тармағы мынадай мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
      "Қоса берілген тізбеге сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментін конкурс ұйымдастырушысы етіп белгілеу ұсынылсын".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К. Нокинге жүктелсін.

      Облыс әкімі

Облыс әкімиятының   
2005 жылғы 4 ақпандағы N 2
қаулысына қосымша  

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу тізбесі

Атауы

1

Бюджеттік ұйымдар үшін 2005-2006 жылдардың жылыту кезеңіне
қатты және сұйық отын сатып алу

2

Атырау облысы білім беру мекемелері үшін лингофондық және
мультимедиялық кабинеттер сатып алу

Мақат ауданы

3

Мақат ауданы Доссор поселкесіндегі Шәріпов атындағы орта
мектеп жанындағы 420 оқу орындық интернат құрылысы

4

Мақат ауданы Белинский атындағы орта мектеп үшін активтер
мен өзге де тауарлар сатып алу

Исатай ауданы

5

Исатай ауданы Ерғалиев селосындағы 320 оқу орындық орта
мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстарының жалғасы

6

Исатай ауданы Забурын селосындағы 320 оқу орындық орта
мектептің құрылысы

7

Исатай ауданы Исатай селосындағы 250 оқу орындық орта
мектептің құрылысы

8

Исатай ауданы Забурын селосындағы орта мектеп үшін активтер
мен өзге де тауарлар сатып алу

9

Исатай ауданы«"Қарлығаш" бала бақшасы үшін активтер мен өзге
де тауарлар сатып алу

Жылыой ауданы

10

Құлсары-Шоқпартоғай-Ақкиізтоғай топтың су құбырын қайта
құрылымдау

Қызылқоға ауданы

11

Қызылқоға ауданының "Киізауыз-қарабау" құбырын қалпына
келтіру жұмыстарын жобалау

Махамбет ауданы

12

Махамбет поселкесіндегі газ құбыры желілерін күрделі жөндеу

Құрманғазы ауданы

13

Құрманғазы ауданының Асан селосындағы Момышұлы атындағы орта
мектеп үшін активтер мен өзге де тауарлар сатып алу

14

Құрманғазы ауданының Ұштаған селосындағы Құрманғазы атындағы
орта мектеп үшін активтер мен өзге де тауарлар сатып алу

Индер ауданы

15

Индер ауданының Өрлік селосындағы бала бақшаны күрделі жөндеу

16

Индер ауданының Өрлік селосындағы бала бақша үшін активтер
мен өзге де тауарлар сатып алу

17

Индер ауданының Арман бала бақшасын күрделі жөндеу

Атырау қаласы

18

Атырау қаласы "Сельстрой" шағын ауданындағы орта мектеп үшін
активтер мен өзге де тауарлар сатып алу

19

Атырау қаласының Курилкин селосындағы орта мектеп үшін
активтер мен басқа да тауарлар сатып алу

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады