Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі N№548 Бюджет кодексінің 51-бабы 1 тармағының 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593 "Жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегі N 1230 "Республикадағы жыртқыштардың жекелеген түрлерінің санын реттеу жөніндегі шаралар туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1458 "Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыс әкімияты қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған қасқырлар мен шибөрілерді (бұдан әрі - зиянды жыртқыштар) жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу және сыйақылар төлеу Нұсқауы бекітілсін.
2. Атырау қаласы мен аудандардың әкімдері зиянды жыртқыштарды жою жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
3. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті әрбір ауланған жыртқыш үшін сыйлықтық сыйақыларды және терілерді жинауға, сақтауға және жоюға байланысты шығындарды төлеу үшін мемлекеттік сатып алу жөнінде конкурс өткізсін.
4. Облыс әкімиятының 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 101 "Қасқырлар және шибөрілермен күрес жөніндегі шаралар туралы" қаулысының (Атырау облысы Әділет департаментінде 2004 жылғы 26 мамырда N 1975 тіркелген, 2004 жылғы 22 маусымдағы N 71 "Прикаспийская коммуна" және 2004 жылғы 5 тамыздағы N 90 "Атырау" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Қ. Ищановқа жүктелсін.
Облыс әкімі |
Облыс әкімиятының 2005 жылғы 28»тамыз N 248 қаулысымен бекітілген |
Қасқырлар мен шибөрілерді жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу және сыйақылар төлеу НҰСҚАУЫ
1. Қасқырлар мен шибөрілерді (бұдан әрі - зиянды жыртқыштар) жою Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1458 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.2. Зиянды жыртқыштарға қарсы күресуге арналған қаражат облыстық бюджетпен 10.254.008.000 "Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс шараларды жүргізу" бағдарламасы бойынша қарастырылады.
3. Жойылған жыртқыштар үшін сыйақылардың жеке сомаларын төлеу, сондай-ақ олардың терілерін жою конкурсты ұйымдастырушы өткізетін мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың жеңімпазымен жүзеге асырылады.
4. Конкурстың жеңімпазына қаражат төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
5. Сыйақы төлеудің негізі селолық округтер мен кенттер әкімдерінің, мал-дәрігерлік қызмет өкілдерінің және аңшының қолдары қойылған орындалған жұмыстар актісі болып табылады.
6. Қол қойылған актілерді, сондай-ақ зиянды жыртқыштардың терілерін аңшы мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс жеңімпазына ұсынады.
Олжаланған жыртқыштың терісі аңшының меншігі болып табылатындықтан және оның қалауы бойынша пайдаланылатындықтан, жоюға зиянды жыртқыш терісінің бас бөлігі және құйрығы ұсынылуы мүмкін.
7. Күмәнді ақпарат ұсынған және оны дер кезінде бермеген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.