"Орманды пайдалануға арналған төлемақы ставкалары туралы" 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 9/118-ІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

III шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 18 қазандағы N 13/196-III шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 29 қазанда N 2399 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/226-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО мәслихатының 2009.12.21 № 17/226-IV шешімімен.

       Қазақстан Республикасы Орман кодексінің  14,   88,   105 -баптарына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің  470 473 -баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Орманды пайдалануға арналған төлемақы ставкалары туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 9/118-ІІІ (2004 жылғы 28 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу N 2095, "Дидар" газетінің 2005 жылғы 08 қаңтардағы N 2-3, "Рудный Алтай" газетінің 2005 жылғы 8 қаңтардағы N 3-4 сандарында жарияланған)  шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 
       2-қосымшадағы 5-тарау "Балұясы мен омарталарды орналастыру" мынадай редакцияда жазылсын: 

5. Балұясы мен омарталарды орналастыру

Орманды қысқа мерзімді пайдалану кезінде балұяны орналастыру

100 кв.м

44

Орманды ұзақ мерзімді пайдалану кезінде омарталарды орналастыру

га

4350

      2. Осы шешім Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

      Сессияның төрағасы

      Шығыс Қазақстан облыстық
      мәслихатының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады