Халықтың мақсаты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар және оларды қаржыландыру ережелері туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 2 наурыздағы N 56 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 14 наурызда N 2225 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2009.05.12 № 820 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2009.05.12 № 820 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 52-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 4, 5, 7, 9- баптарына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындықтар көретін халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар белгілеу мақсатында Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. "Жастар іс-тәжірибесін" ұйымдастыру жөніндегі Ереже (1 қосымша), әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесі (2 қосымша), кәсіптік оқытуға жіберілген жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу Ережесі (3 қосымша) бекітілсін.
      2. Қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Е. Байбатчинге жүктелсін.
       3. Осы қаулы 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

      Өскемен қаласының әкімі

Қала әкімдігінің
2005 жылғы 2 наурыздағы
N 56 қаулысына 1 қосымша

Қала әкімдігінің
2005 жылғы 2 наурыздағы
N 56 қаулысымен бекітілген

"Жастар іс-тәжірибесін" ұйымдастыру жөніндегі
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Жастар іс-тәжірибесін" ұйымдастыру жөніндегі ереже бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының жұмыссыз түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіншіліктерін кеңейту және олардың тәжірибе, білім, іскерлік және дағды алулары мақсатында әзірленді.
       2. Осы ереже Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес әзірленді.
       3. Ереже "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарын аяқтаған, "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркелген жұмыссыз жастармен алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтау, еңбек нарығында бәсекелестікке төтеп беруін көтеру үшін, тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік тудыру бойынша жұмысының бір бағытын анықтайды.
      "Жастар іс тәжірибесі" меншік түріне қарамастан мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда (одан әрі "Жұмыс беруші" деп аталатын) ұйымдастырылады және өткізіледі. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (одан әрі "Жұмыспен қамту бөлімі" деп аталатын) "Жұмыс берушімен" келісім-шарт негізінде бірлесіп әрекет жасайды.
       4. "Жұмыспен қамту бөлімі" "Жастар іс тәжірибесіне" жіберу үшін еңбек нарығындағы жағдайды және жұмыссыз жастардың құрамын ескере отырып оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектер есебін анықтайды.

2. "Жастар іс-тәжірибесін" ұйымдастыру

      5. "Жұмыспен қамту бөлімі" өңірдегі еңбек нарығында туындаған жағдайды талдау негізінде жастарды жұмыспен қамту саласында "Жастар іс тәжірибесін" өткізу туралы шешім қабылдайды.
      Шешім қабылдарда келесі негізгі белгілер есепке алынады:
      1) оқу орындарының жұмыссыз түлектерінің саны және олардың "жұмыспен қамту бөлімінде" тіркелген жұмыссыздардың жалпы санындағы үлесі;
      2) жастар арасындағы ұзақ уақыт жұмыс істемеген түлектердің санының өсуі;
      3) оқу орындарының түлектерінің еңбек өтілінің, алған мамандықтары бойынша дағдыларының болмауы жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін төмендетеді.
       6. "Жастар іс тәжірибесін" өткізу жөніндегі шешімді қабылдағаннан кейін "Жұмыспен қамту бөлімі" қаржылық-экономикалық жағынан тұрақты, одан әрі даму және өндірісін кеңейтуге болашағы бар, жұмыс орындарында еңбек жағдайы бар, "Жастар іс тәжірибесіне" қатысушылар үшін әлеуетті жұмыс беруші бола алатын мекемелер жөнінде ақпараттар жинақтау жұмыстарын жүргізеді.
      Сонымен бірге "Жұмыспен қамту бөлімі" бұқаралық ақпарат құралдары арқылы "Жастар іс тәжірибесін" өткізу жағдайлары және мекеменің негізгі қағидалары жөнінде ақпарат береді.
       7. Кәсіпорындар жөнінде жиналған ақпараттарды қорыту және талдау негізінде "Жұмыспен қамту бөлімі" "Жастар іс тәжірибесіне" қатыстыру үшін оқу орындарының жұмыссыз түлектерін іріктейді.
      Іріктеу белгілері келесідегілер болуы мүмкін:
      1) "Жұмыспен қамту бөлімінде" жұмыссыз ретінде тіркелу;
      2) қатысушыларды іріктеу кезеңінде олар үшін қолайлы жұмыстың болмауы;
      3) жасы 28 жасқа дейін.
      "Жастар іс тәжірибесіне" тек қана жұмыссыздың келісімімен 6 ай мерзіміне дейін жіберіледі.
       8. "Жастар іс тәжірибесін" өткізуді "Жұмыспен қамту бөлімі" жергілікті атқарушы органдармен, жастар істері жөніндегі комитеттермен және жастарды жұмысқа орналастыруға ынталанған басқа мекемелермен бірлесіп ұйымдастырады.
       9. Жұмыссыз түлектерді уақытша жұмысқа қабылдауға келісім берген кәсіпорындармен "Жұмыспен қамту бөлімі" келісім шарт жасасады.
      Келісім шарт жұмысқа қабылданған азаматтар саны, "Жұмыс беруші" жұмыссыз жастарды жұмысқа алатын мамандықтар (кәсіптер) бойынша тізімді, "Жастар іс тәжірибесіне" қатысушылардың мамандыққа сәйкес кәсіби білімі мен дағдысын қамтамасыз етуді қарастыруға тиіс.
       10. "Жұмыспен қамту бөлімі" жасасқан келісім шартқа сәйкес "Жастар іс тәжірибесі" белгісі бар жолдамамен жұмыссызды мекемеге жібереді. "Жұмыспен қамту бөлімімен" жасасқан шарт шеңберінде, жұмыссызды нақты жұмыс орнына алу жөніндегі шешімді "Жұмыс беруші" қабылдайды. "Жұмыс беруші" жолдаманың қиынды талонын толтырып "Жұмыспен қамту бөлімінің" мекен жайына жібереді.
       11. Жұмыссызды "Жастар іс тәжірибесіне" қабылдау жөніндегі шешім қабылданған жағдайда "Жұмыс беруші" Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңына сәйкес "Жұмыспен қамту бөлімімен" келісім шартта ескерілген мерзімге онымен еңбек келісім шартына (контрактқа) отырады. Жастар іс тәжірибесінің басталуы алдында жұмыс беруші қажеттілігіне байланысты жұмыссызға жұмыс орнына жіберуге міндетті қосымша курстық даярлықты өткізді.
       12. "Жұмыс беруші" "Жастар іс тәжірибесін" ұйымдастырғанда "Жұмыспен қамту бөліміне" жұмысқа қабылдаған күннен кейін 3 күннен кешіктірмей еңбек шартының көшірмесінің қосымшасымен уақытша жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынады.
       13. "Жастар іс тәжірибесіне" қатысушы еңбек заңнамасын бұзған жағдайда "Жұмыс беруші" келісім шартты бір жақты тәртіпте бұзуға құқылы.
       14. Жұмыссызбен келісім шарт "Жұмыс берушінің" ықыласы бойынша бұзылғанда жұмыс беруші "Жастар іс тәжірибесінің" аяқталғаны және "Жастар іс тәжірибесі" қатысушысының жұмыстан босағаны жөнінде 3 күн мерзімінде "Жұмыспен қамту бөліміне" ақпарат береді.
      Кәсіпорыннан жұмыстан босатылу Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңына сәйкес жүргізіледі.
      Жұмыссыз "Жастар іс тәжірибесіне" қатысуын доғаруы жөнінде шешім қабылдауына болады, ол туралы "Жұмыс берушіні" және "Жұмыспен қамту бөлімін" 3 күн мерзімінде хабардар етеді.
       15. Келісім шарт мерзімі өткеннен кейін "Жұмыс беруші" "Жұмыспен қамту бөліміне" азаматтың еңбек келісім шарт (контракт) бойынша жұмысқа қабылданғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін немесе оның кәсіпорыннан жұмыстан босатылуы туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.
       16. "Жұмыс берушінің" шешімі бойынша жұмыссыз "Жастар іс тәжірибесін" өту мерзімінің аяқталуына дейін тұрақты жұмысқа орналаса алады. Онда "Жұмыс беруші" "Жұмыспен қамту бөліміне" "Жастар іс тәжірибесіне" қатысушының еңбек келісім шарты бойынша (контракт) жұмысқа алынғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін жібереді.
       17. "Жұмыс беруші" шарт мерзімінің аяқталуы бойынша оған қатысушының "Жастар іс тәжірибесін" өткені туралы мінездеме ұсынады.         18. Жұмыссыз осы немесе басқа кәсіпорындарға тұрақты (уақытша) жұмыс орнына жұмысқа орналаспаса "Жастар іс тәжірибесінің" аяқталуы бойынша "Жұмыспен қамту бөлімінде" жұмыссыз ретінде есепте тұруын жалғастырады.

3. "Жастар іс-тәжірибесін" қаржыландыру

      19. "Жастар іс тәжірибесін" қаржыландыру жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға бекітілген шығыс сметасына сәйкес қалалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
       20. Маманды жұмыс орнына жіберуге қажетті қосымша курстық даярлықтың төлемі жұмыспен қамту бағдарламасында жұмыссызды кәсіптік даярлауға қарастырылған қаражат есебінен жүргізіледі.
       21. "Жастар іс тәжірибесіне" қатысушының еңбекақысы келесі мөлшерде жүргізіледі:
      1) бастауыш және орта кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектері үшін толық айға ең төменгі бір жалақы;
      2) жоғары оқу орындары түлектері үшін 1,2 ең төменгі жалақы.
      22. "Жұмыс беруші" "Жастар іс тәжірибесіне" қатысушыға өз қаражаты есебінен қосымша төлем жасай алады.
       23. "Жастар іс тәжірибесіне" қатысушылардың еңбекақысы "Жұмыспен қамту бөлімінің" олардың жеке шоттарына қаражат аудару жолдарымен жүргізеді.
       24. "Жастар іс тәжірибесіне" қатысушы жұмыссызға есептелген еңбекақыға қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес салық салынады.

      "Өскемен қаласының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі

Қала әкімдігінің
2005 жылғы 2 наурыздағы
N 56 қаулысына 2 қосымша

Қала әкімдігінің
2005 жылғы 2 наурыздағы
N 56 қаулысымен бекітілген

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер мақсатты топтарға жататын жұмыссыздарды және бос халықты жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін белгілейді, негізгі жағдайларды және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен (меншік түріне қарамастан) есеп айырысу жүйесін реттейді.
       2. Осы Ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1) Әлеуметтік жұмыс орны - мақсатты топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші жергілікті атқарушы органмен шарт жасасудың негізінде, олардың еңбек ақыларын төлеуге кеткен жұмыс берушінің шығынының орнын жартылай толтырумен құрылатын жұмыс орны; <*>
      2) Мақсатты топтар - Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен, жергілікті атқарушы органдармен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындықтар көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін адамдар тобы.
       3. Осы ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 1, 7, 18-1 баптарына сәйкес әзірленген. <*>
       4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан азаматтарға Қазақстан Республикасындағы еңбек, зейнетақымен қамту және сақтандыру жөніндегі заңнамалық актілер қолданысқа жатады.
      Ескерту. 2 тармақтың 1) тармақшасы және 3 тармақ жаңа редакцияда - ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 1390 қаулысымен.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және
ұйымдастыру тәртібі

      5. Әлеуметтік жұмыс орындарын жұмыс беруші, өз қаражатынан қаржыландыру арқылы және осы жұмыс орнына қабылданған азаматтардың еңбекақысы шығынын қалалық бюджет қаражатынан жартылай өтеумен анықтайды.
       6. Әлеуметтік жұмыс орындарын құруды жұмыс беруші жергілікті атқарушы органмен жасасқан шарттың негізінде жүзеге асырылады. <*>
      Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда - ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 1390 қаулысымен.
       7. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған азаматтардың еңбекақысының шығынын жартылай өтелу шартқа сәйкес жұмыспен қамту мәселесі жөнінде (одан әрі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) уәкілетті органдармен жүзеге асырылады.
       8. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін мақсатты топтарға жататын жұмыссыздар мен бос халықты іріктеуді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүргізеді.
       9. Жұмыс беруші жұмыссыздарды және бос тұрғындарды "Әлеуметтік жұмыс орындарына" жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы бойынша жұмысқа қабылдайды, жолдаманың қиынды талонын толтырады және оны жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мекен жайына жібереді.
       10. Азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына қабылдағанда жұмыс беруші онымен Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңына сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен келісілген мерзімге еңбек шарт (контракт) жасайды.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен шарттары

      11. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа қабылданған мақсатты топтарға жататын жұмыссыздың және бос халықтың еңбекақысын ай сайын жұмыс беруші өз қаражаттарынан жеке еңбек шартының жағдайларына сәйкес және орындалатын жұмыстың көлеміне, сапасына және қиындығына байланысты жүзеге асырады.
       12. Жұмыс берушілердің мақсатты топтардан әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмыссыздың және бос халықтың еңбекақысына кеткен шығыны, жартылай қалалық бюджет қаражатынан мерзімі алты айдан аспайтын 0,5-тен 1,0-ге дейін ең төменгі жалақы мөлшерінде, жұмыс берушінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ұсынған жұмыссыздың осы айда жұмыс істеген күндері көрсетілген анықтаманың негізінде өтелінеді.
      Мақсатты топтарға жататын жұмыссыздардың және бос халықтың еңбекақысы бойынша дотацияны жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар жұмыспен қамту бағдарламасы есебінен жұмыс берушінің есеп шотына аударады.
       13. Мақсатты топтарға жататын әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға және бос халыққа төленетін еңбекақыға заңнамада белгіленген тәртіппен салық салынады.
       14. Мақсатты топтан әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздың және бос халықтың еңбекақысы нақтылы орындалған жұмыс көлемінде жүргізіледі.
       15. Мақсатты топтағы жұмыссыздардың және бос халықтың еңбекақысының шығынын жартылай өтеу үшін кәсіпорынның есеп шотына түскен бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланғаны үшін жұмыс беруші жауапты.

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
тәртібіне бақылау жасау

      16. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерін сақтауға бақылау жасау заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.

      "Өскемен қаласының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі

Қала әкімдігінің
2005 жылғы 2 наурыздағы
N 56 қаулысына 3 қосымша

Қала әкімдігінің
2005 жылғы 2 наурыздағы
N 56 қаулысымен бекітілген

Кәсіптік оқытуға жіберілген жұмыссыз азаматтардың жол жүру,
тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу
Ережелері

      Осы ережелер Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасын, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 4, 5, 7, 9- баптарын, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген жұмыссыздарды кәсіптік дайындау, біліктілігін көтеру және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерін басшылыққа ала отырып әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1) өтініш беруші-кәсіптік дайындауға, қайта даярлауға және біліктілігін көтеруге жіберілген және шығынын өтеп беру үшін өтініш жасаған жұмыссыз;
      2) шығындарды өтеу-өтініш берушіге жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын жартылай немесе толық өтеу.
       2. Оқыту аяқталған соң оқу орнына барып, қайта тұрған жеріне қайту, медициналық куәландыру, тұру шығындарын өтеу тұрмайтын жерінде оқитын, облыс шеңберіндегі өтініш берушілерге жүргізіледі.
       3. Өскемен қаласында тұратын өтініш жасаушыларға тек медициналық куәландыру және тамақтану шығындары ғана өтеледі.
       4. Оқу орнына облыс шеңберінде барып, қайта қайту, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеуді "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді.
       5. Кәсіптік жарамдылықты анықтауды талап ететін кәсіптер бойынша оқытуға жіберілген өтініш берушіге медициналық куәландыру шығыны тексеру нәтижесіне қарамастан өтеледі.
       6. Медициналық куәландыруды өтініш берушілер "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жолдауы бойынша өтеді.
       7. Өтініш берушілердің шығындарының өтелуі құжаттарды ұсынған уақыттан бастап, бірақ оқыту аяқталу күннен бір ай бұрын жүргізіледі.
       8. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде ресми түрде тіркелген, кәсіптік дайындауға, біліктілігін көтеруге және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздар шығындарын өтеп беру құқығына ие.

2. Шығындардың өтеуін алуға өтініш беру тәртібі

      9. Өтініш беруші "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жазбаша өтініш береді және қажетті құжаттарды ұсынады.
       10. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш пен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен сенімділігі үшін жауапты.

3. Қажетті құжаттардың тізбесі

      11. Шығындардың өтеуін алу үшін қажетті құжаттар:
      1) тұратын жері бойынша банкте жеке шотының нөмірі көрсетілген жазбаша өтініш;
      2) жолаушы көлігі (таксиден басқа) бойынша жол жүру құжаттары немесе жол жүрудің құны туралы аталған тасымал түрлерімен шұғылданатын ұйымның анықтамасы;
      3) Медициналық куәландыруды өткені жөнінде төлем құжат.

4. Шығындарды өтеу мөлшері

      12. Шығындардың толық өтелуі:
      1) медициналық куәландыру үшін-құжаттармен расталған тексерілудің құны;
      2) өңір (облыс, аудан) шегіндегі оқу орындарына барып, қайта қайту жолы үшін-құжаттармен расталған жол жүру шығыны.
       13. Тұру шығындарының жартылай өтелуі өзге қаладан келген өтініш берушілер оқу мерзімінде  Өскемен қаласының жатақханаларында тұрған жағдайда ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айына үш айлық есептік көрсеткіштен аспағанда жүргізіледі. Жалдаған тұрғын үйлерде тұрған жағдайда-айына үш айлық есептік көрсеткіш.
       14. Өскемен қаласында оқитындар үшін тамақтану шығындарының өтелуі айына үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.

5. Шығындарды өтеу төлемдерінің тәртібі

      15. Шығындарды өтеудің төлемі халықты жұмыспен қамту Бағдарламасын орындауға қарастырылған қалалық бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі.
       16. Тұру шығындарын жартылай өтеудің төлемі оқудың аяқталуы бойынша немесе ай сайын жүргізіледі.
       17. Тамақтану шығындарын өтеу төлемі ай сайын жүргізіледі.
       18. Медициналық куәландыру мен өңір шегіндегі (облыс, аудан) оқу орнына барып, қайта қайту жолына арналған шығындардың толық өтелуінің төлемі құжаттар ұсынған кезден бір ай ағымында жүргізіледі.
       19. Шығындарды толық немесе жартылай өтеу ақшалай түрде өтініш берушінің жеке шотына аудару жолымен жүргізіледі.

      "Өскемен қаласының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады