Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы тұру мен алдын алу бойынша жұмыстарды үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы

Күшін жойған

Риддер қала әкімдігінің 2005 жылғы 12 қыркүйектегі № 1716 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Риддер қалалық Әділет басқармасында 2005 жылғы 18 қазанда № 5-4-6 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 295 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 01.10.2024 № 295 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы N 394 "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Жарлығын Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі N 279 "Есірткі, психотропты заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 411 "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" қаулысын жүзеге асыру үшін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 1, 17 тармақшаларын басшылыққа ала отырып, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Консультативтік-кеңестік орган - нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы тұру мен алдын алу бойынша жұмыстарды үйлестіру мәселелер жөніндегі қалалық комиссия құрылсын.

      2. Қалалық мәслихат сессиясының бекітілуіне шығару үшін жоғарыда аталған комиссияның дербес құрамы қала әкіміне ұсынылсын.

      3. Қалалық мәслихат сессиясының бекітілуіне шығару үшін Ңашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы тұру мен алдын алу бойынша іс- шаралар жоспары әзірленсін.

      4. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы тұру мен алдын алу бойынша жұмыстарды үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы Ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      5. Осы қаулының орындаулына бақылау қала әкімінің орынбасары Г.Д. Ушановаға жүктелсін.

      Риддер қаласының әкімі Ш.С. Буктугутов

  Риддер қаласының әкімдігінің
2005 жылғы "12" 09
№ 1716 қаулысымен бекітілген

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы тұру мен алдын алу бойынша жұмыстарды үйлестіру жөніндегі комиссия туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы тұру мен алдын алу бойынша жұмыстарды үйлестіру жөніндегі қалалық комиссия ( бұдан былай - Комиссия) консультативтік - кеңестік орган болып табылады.

      2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент пен Үкіметтің актілерін және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, сонымен қатар осы ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгі мақсаттары мен міндеттері

      3. Комиссияның негізгі мақсаттары:

      1) Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің жоспарын жүзеге асыру жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған іс-шараларды жүзеге асыру үшін қолдау көрсету;

      2) нашақорлық пен есірткі бизнесіне, есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күреске бағытталған шаралардың әрі қарай жетілдірілуі;

      есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы мен олардың заңсыз айналымына, орынсыз қолданылуына қарсы әрекет жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың жетілдірілуі жөнінде ұсыныстар дайындау болып табылады.

      4. Комиссия өзіне жүктелген мақсаттарға сәйкес төмендегі міндеттерді жүзеге асырады:

      1) есірткі мен есірткісі бар заттардың заңсыз айналымына қарсы тұру мәселелері жөніндегі аудандық бағдарламаларды дайындауға қатысу;

      2) жергілікті атқару органдарының комиссия құзырына кіретін мәселелер жөніндегі ұсыныстары мен жобаларын қарауға қатысу;

      3) нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің, есірткі заттары мен қоздырғыш заттарды орынсыз қолдану, нашақорлықтың алдын алу, емдеу және есірткіге тәуелді адамдарды сауықтырудың негізгі бағыттарын анықтау, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың жұмыстарын одан әрі жетілдіру;

      нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында мемлекеттік органдардың жұмыстарын үйлестіруді жетілдіру;

      Риддер қаласы халқының әлеуметтік есірткілік иммунитетін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;

      4) Риддер қаласында есірткі жағдайының даму тенденциясы мен халахуалына талдау жасау, есірткінің заңсыз айналымына қарсы тұру саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен түбегейлі жоспарларды жүзеге асыру барысы туралы ақпараттық-талдау қүжаттамаларын дайындау.

3. Комиссия құқықтары

      Комиссияның:

      1) комиссия мәжілістерінде атқару органдары мен басқа да ұйымдардың басшылары мен өкілдерін комиссия құзырына жататын мәселелер бойынша шақыруға және тыңдауға;

      2) өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін атқару органдары мен басқа да ұйымдардан қажетті құжаттамалар мен ақпараттарды сұратып алуға;

      3) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың мамандардың штаттан тыс сарапшы ретінде аудандағы нашақорлық сараптау және зерттеу үшін тартуға;

      4) мемлекеттік органдарға осы бағыттағы осы жұмысты одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      5) түбегейлі жоспарларды, мемлекеттік және басқа да бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық ұйымдармен ведомствоаралық және аудандық үйлестірудің өзара қызметін жүзеге асыруға;

      6) Комиссия құзырына жататын басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      4. Комиссия жұмыстарын ұйымдастыру

      6. Комиссия төрағасы оның жұмысын басқарады, мәжілістерінде төрағалық етеді, жұмыстарын жоспарлайды, оның шешімдерінің жүзеге асырылуына жалпы бақылау жасайды. Төраға болмаган кезде оның міндеттерін орынбасары атқарады.

      7. Комиссия мәжілісінің күн тәртібі бойынша ұсыныстары, құжаттарды;

      материалдар әзірлеуді және мәжілістен соң хаттамасын рәсімдеуді комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.

      8. Комиссия отырысының материалдарын дайындауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады, ол комиссия мәжілісін өткізуден 3 күн бұрын барлық қажетті құжаттарды комиссия мүшелеріне таратады.

      9. Комиссия отырысы қажет болган кезде өткізіледі, бірақ тоқсанына бір реттен кем болмауы тиіс.

      Комиссия мәжілісі оған мүшелерінің үштен бірі қатысқан жағдайда заңды саналады.

      10. Комиссия шешімі оған комиссия мүшелерінің жалпы санынан ашық көп дауыс берілсе қабылданады және комиссия мәжілісінің хаттамасымен рәсімделеді. Дауыс тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші дауысқа ие болады.

      Хаттамаға комиссия төрағасы қол қоялды.

      Риддер қаласы әкімнің аппарат басшысы А.Т. Жумабаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады