Риддер қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 295 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 қазанда № 9090-16 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Риддер қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Д. Рахметкалиев

  2024 жылғы 1 қазандағы
№ 295 қаулысына
қосымша

Риддер қаласы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1) Риддер қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 12 қыркүйектегі № 1716 "Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы тұру мен алдын алу бойынша жұмыстарды үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-4-6 болып тіркелген);

      2) Риддер қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі № 1721 "Тұрғын үй комиссиясы жөніндегі Ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-4-5 болып тіркелген);

      3) Риддер қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 1961 "Әлеуметтік көмек алуға үміткер өтініш иелерінің нақты материалдық жағдайларын зерттеу жөніндегі қалалық учаскелік комиссиясын құру туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-4-23 болып тіркелген);

      4) Риддер қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 768 "Риддер қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 1985 "Үйде оқытылып және тәрбиеленетін, мүгедек - балаларды материалдық қамтамасыз етуді тағайындау және төлеу Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-4-90 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады