Құқықтық жаппай оқыту және құқықтық насихаттау жөніндегі Әдістемелік -үйлестіру Кеңесі туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2005 жылғы 14 қарашадағы № 1384 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық әділет басқармасында 2005 жылғы 1 желтоқсанда № 5-9-14 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2024 жылғы 26 тамыздағы № 389 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 26.08.2024 № 389 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жыл 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31-бап 1-тармақ 17) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында құқықтық жаппай оқытуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жыл 21 шілдедегі № 2347 қаулысына сәйкес, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Глубокое әкімдігі жанында құқықтық жаппай оқыту және құқықтық насихаттау жөніндегі Әдістемелек-үйлестіру Кеңесі қосымшаға сәйкес қүрылсын (бұдан былай-Кеңес).

      2. Ұсынылып отырған құқықтық жаппай оқыту және құқықтық насихаттау жөніндегі Әдістемелек-үйлестіру Кеңесі туралы ереже бекітілсін.

      3. Әдістемелік-үйлестіру Кеңесінің дербес қүрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітілуге ұсынылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.А. Баймульдиновке жүктелсін.

      Глубокое ауданы әкімі С. Плотников

  Глубокое аудандық әкімдіктің
"14" қараша 2005 ж.
№ 1384 қаулысына қосымша

Құқықтық жаппай оқыту және құқықтық насихаттау жөніндегі Әдістемелік -үйлестіру Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Глубокое ауданы әкімдігінің жанында жалпыға бірдей құқықтық насихат және құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі (ары қарай- Кеңес) жалпыға бірдей құқықтық білімнің насихат жөніндегі ауданның атқарушы органдарының мемлекеттік мекемелері, ұйымдары қызметінің ведомствоаралық үйлестіруін қамтамасыз ету жөніндегі кеңестік-мәслихаттасу органы болып табылады.

      2. Кеңес Глубокое ауданы әкімдігінің жанында құрылады. Кеңестің төрағасы болып Глубокое ауданы әкімі аппаратының басшысы саналады.

      3. Өз қызметінде Кеңес Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Ережені басшылыққа алады.

2. Кеңестің негізгі мақсаттары және міндеттері

      4. Кеңестің негізгі мақсаттары:

      1) азаматтардың құқықтық білім деңгейін жоғарылату, осы жұмысқа кәсіби заңгерлерді тарту;

      2) тұрғындардың құқықтық мәдениетін жоғарлату;

      3) мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің құқықтық жұмыстарын үйлестіру.

      5. Кеңестің негізгі міндеттері болып табылады:

      1) ауданның атқарушы органдарының, мемлекеттік мекемелерінің ұйымдарының, жалпыға бірдей құқықтық насихат және құқықтық білімінің оқу жөніндегі қызметін үйлестіруді ведомствоаралық қамтамасыз ету;

      2) ауданның атқарушы органдарының, мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының жалпыға бірдей құқықтық оқуды насихаттау жөніндегі жұмысын талдау;

      3) ауданның атқарушы органдарына, мемлекеттік мекемелерге, ұйымдарына жалпыға бірдей құқықтық білімді және құқықтық оқуды насихаттау жөніндегі ұсынысын әзірлеу;

      4) оң тәжірибені тарату, құқықтық жүмысты жетілдіру бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу, азаматтарды құқықтық тәрбиелеудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

3. Кеңес қызметінің нысандары

      6. Кеңес мынадай міндеттерді жүзеге асырады:

      1) өзара ақпарат алмасу;

      2) жалпыға бірдей құқықтық насихат және құқықтық оқу мәселелеріндегі жұмыс жағдайын бірлесіп талдау;

      3) ауданның атқарушы органдарымен, мемлекеттік мекемелерімен, ұйымдарымен бірлесіп шаралар ұйымдастыру және өткізу (дөңгелек үстел, пікірсайыс, кездесу, семинар, дәрістер);

      4) құқықтық білім "күндерін", "апталарын", "айлықтарын" өткізу.

      7. Кеңес қабылдаған барлық шешімдері, ұсыныстары және құжаттары ведомстволарға, қоғамдық ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына жіберіледі.

4. Кеңестің функциялары

      8. Кеңес мынадай міндеттері жүзеге асырады:

      1) аудан мекемелерінде, мемлекеттік кәсіпорындарында жалпыға бірдей құқықтық білімінің және құқықтық оқу насихатты бойынша жұмысының жағдайымен танысады, олардың басшыларының осы мәселелер жөніндегі ақпаратын тыңдайдьі, жалпыға бірдей құқықтық оқу мен құқықтық тәрбиенің нысанын және әдістерін жетілдіру бойынша қажетті кепілдемелер мен қорытындылар, ұсыныстар әзірлеп, жүзеге асыруына көмек көрсетеді;

      2) ауданның атқарушы органдарының, мемлекеттік мекемелердің, ұйымдарының, дәрістік бағдарламасының тақырыптық бағдарын және кәсіптік мазмунын талдайды;

      3) құқықтық тақырыбына тақырыптық жоспарлар әзірлеуге және материал жариялауына ауданның атқарушы органдарына, мемлекеттік мекемелеріне, уйымдарына практикалық көмек көрсетеді;

      4) құқықтық насихат және құқықтық жаппай оқыту жөнінде мемлекеттік органдардың бірлескен шаралар жоспарын қурады;

      5) құқықтық насихат және құқықтық жаппай оқытудың оңды іс-тәжірибесін таратады және көрсетеді;

      6) баспадағы қуқыктық насихаттың хал-ахуалын зерттейді және газет редакциясының келісімімен құқықтық тақырыптарға жарияланымдардың жоспарларын қурады;

      7) тікелей Кеңес немесе мемлекеттік органдар арқылы халықтың құқықтық тәрбиесін жақсартуға бағытталған ұйымдастыру шараларын даярлауды жүзеге асырады (декадалар, айлықтар);

      8) Кеңес мүшелерінің құқықтық насихат пен құқтық жаппай оқытуды тарату жөніндегі шаралар туралы ақпаратын, басқа да мемлекеттік органдар басшыларының орындалған құқықтық түсінік жұмыстарының ақпаратын тыңдайды;

      9) Кеңестің құзырына жататын басқа міндеттерді жүзеге асырады;

5. Кеңестің жұмысын уйымдастыру

      9. Кеңес жылдық жәие тоқсандық жоспарға сәйкес жұмыс атқарады. Кеңестің отырысы тоқсанда бір рет өткізіледі. Жоспарда Кеңес отырыстарында қарауға жататын мәселелер, оны орындауға міндетті жауаптылар белгіленеді, сонымен қатар, әдістемелік және үйлестірушілік шаралар белгіленеді.

      10. Отырыс төрайымының басшылығымен немесе оның тапсыруымен Кеңес мүшесінің бірінің басшылығымен өткізіледі. Кеңес төрағасы Кеңес жұмысын осы Ережеге сәйкес ұйымдастырады, отырыстарға басшылық етеді, Кеңес мүшелері мен хатшыға тапсырмалар береді.Кеңес ұсынымдарын құру мен жүзеге асыру мен құру тәртібін белгілейді. Олардың орындалуына шаралар қолданады, оның ұсынымдары бойынша орындалғаны туралы Кеңесті хабардар етеді.

      11. Кеңес хатшысы Кеңес отырыстарына құжаттамаларды дайындауды жүзеге асырады, жумыс жоспарларының Кеңес шешімдерінің жүзеге асырылуына бақылауды жүзеге асырады.

      12. Егер Кеңес мүшелерінің жартысынан аса қатысқан болса, отырыс құқықтық өкілетті саналады. Алынған кепілдемелер және пікір алысу қорытындысы кеңес отырысынан соң екі күннің арасында рәсімделген хаттамада жазылады. Хаттамаға кеңестің төрайымы және хатшысы қол қояды және оның мүшелеріне барлық қажетті құжаттар қосымшасымен жүзеге асыру үшін жіберіледі. Кеңес жүмысының негізге түрлері болып өзара ақпарат алмасу, құқықтық насихат пен құқықтық жаппай оқыту жүмысының хал-ахуалын бірлесіп талдау, атқарушы органдармен, мекемелермен, ұйымдармен бірлескен шараларды өткізу мен ұйымдастыру.

      13. Талдау қорытындылары мен қабылданған ұсынымдар Кеңес отырыс өткеннен кейін екі күн ішінде рәсімделетін хаттамаға енгізіледі. Хаттамаға Кеңес төрағасы және хатшысы қол қояды және оның мүшелеріне онда көрсетілген қосымшаларды орындау үшін таратылады.

      14. Кеңес өзінің жұмысына құқық қорғау органдарының, заң қызметтерінің, жүмыскерлерін, жергілікті атқарушы органдар басшыларын тартуға және шешімдер, жоспарлық шараларды атқару жөнінде ұсынымдар беруге құқылы.

6. Кеңес қызметін тоқтату

      15. Кеңес өзінің қызметін аудан әкімдігінің қаулысы негізінде тоқтатады.

      Глубокое ауданы әкім аппаратының басшысы А. Баймульдинов

  Глубокое аудандық әкімдіктің
"14" қараша 2005 ж.
№ 1384 қаулысына қосымша

Құқықтық жаппай оқыту және құқықтық насихаттау жөніндегі Әдістемелік -үйлестіру Кеңесінің
ДЕРБЕС ҚҰРАМЫ

Баймульдинов Акымгазы Асанович

аудан әкімі аппаратының басшысы, Кеңес төрағасы

Подвигина Наталья Владимировна

кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жүмыс бөлімінің бас маман заңгері, Кеңес төрағасының орынбасары

Асанова Татьяна Николаевна

кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің жетекші маман заңгері, Кеңес хатшысы

Кеңес мүшелері:


Макенев Толеген Калиахметович

Глубокое ауданы прокурорының орынбасары, 1 класты заңгер (келісім бойынша)

Шагабуддинов Хадир Халилулаевич

Глубокое АІІБ бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Немченко Ирина Дмитриевна

"Огни Прииртышья" газетінің бас редакторы (келісім бойынша)

Адильбаева Роза Касиевна

Глубокое аудандық әділет басқармасының бастығы (келісім бойынша)

Забиров Адильхан Минарович

"Жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бастығының орынбасары

Асильбаева Фарида Ильтаезна

"Глубокое ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы

Асамбаев Мурат Жумабаевич

"Глубокое ауданының білім және спорт бөлімі" ММ басшысы

Кожехов Андрей Михайлович

"Глубокое ауданының мәдениет жене тілдерді дамыту бөлімі" ММ басшысы м.а

      Глубокое ауданы әкімі аппаратының басшысы А. Баймульдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады