Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2006 жылғы 8 ақпандағы N 16-6/11п "Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтау ережесін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ауыл шарушылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2006 жылғы 27 ақпандағы N 16-6/23п Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 4108. Күші жойылды -Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 575 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010.09.07 № 575 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы N 102  қаулысымен бекітілген Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесінің және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарының 2 тарауының 18 тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2006 жылғы 8 ақпандағы N 16-6/11п»"Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтау ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4099 болып тіркелген)  бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтау ережесіндегі:
      3 тармақтың 1) тармақшасындағы»"ең жоғарғы" сөзі алынып тасталсын;
      3 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
      3 тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "конкурстық комиссия бағаны 10 баллдық жүйе бойынша белгілейді (5-баған). Мұндайда ең көп/ең жақсы көрсеткіштері бар конкурсқа қатысушыға тиісті тармақ бойынша ең жоғарғы балл қойылады;";
      3 тармақтың 5) тармақшасындағы»"10-және 5-баллдық" деген сөздер»"10 баллдық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) көрсетілген Ереженің қосымшасындағы:
      3 бағандағы»"Ең жоғарғы бағалау" деген сөздер»"Бағалау" сөзімен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 4 және 5-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

4

Балық аулайтын флоттың болуы, соның ішінде:

5




1) өздігінен жүретін (стационарлық двигателі бар), 40 а.к. және одан жоғары (бірл.)

4




2) шағын көлемді, соның ішінде өздігінен жүрмейтін, аспалы двигателі бар (бірл.)

1




5

Аулау құралдарының болуы, соның ішінде:

5




1) сүзекі (дана)

4




2) құрма ау, қабада (дана)

1




         реттік нөмірі 9 жолының 2 бағанындағы»"ең төменгі" және»"ең жоғарғы" сөздері алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 9 жолының 3 бағанындағы»"0" саны алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 12 жолының 2 бағанындағы»"(мың т-мен алынған минимальды көлемі 100 мың т.)" деген сөздер»"минимальды көлемі 100 мың т. болған кезде (мың т-мен)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 12 жолының 3 бағанындағы»"1" саны алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 13 жолының 2 бағанындағы»"(мың т-мен алынған минимальды көлемі 100 мың т.)" деген сөздер»"минимальды көлемі 100 мың т. болған кезде (мың т-мен)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 13 жолының 3 бағанындағы»"1" саны алынып тасталсын.

      2. Осы  бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының орынбасары Ю.Т.Ромашовқа жүктелсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады