"Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң шығындары реттелiп көрсетiлетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерi мен тарифтiк сметалар бекiту кезiнде ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы N 149-НҚ бұйрығына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 3 наурыздағы N 63-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 20 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4123. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 2012 жылғы 17 ақпандағы № 25-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 2012.02.17 № 25-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 18-4-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi туралы  ереженiң 11-тармағының 15) тармақшасына және 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң шығындары реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы N 149-НҚ  бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2373 нөмiрмен тiркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 19 шiлдедегi N 29 жарияланған, өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ  бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу  агенттiгi төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ  бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 374-НҚ  бұйрығымен енгiзiлген) мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң шығындары реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерi мен тарифтiк сметалар бекiту кезiнде ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу ережесiнде:
      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруы жөнiндегi тендерлерге қатысуға құқылы.";

      33-тармақтың 2) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы бойынша салық төлеушiнiң салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналар мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқтығы туралы белгiленген нысандағы анықтама;";

      53-тармақта "он" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Заң департаментi (Ғ.Т.Жолдыбаева) осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы және талдау департаментi (Е.О.Есiркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн:
      1) оны заңнамада белгiленген тәртiппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзсiн.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын өзiм бақылаймын.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады