"Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы 21 ақпандағы N 54 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 2006 жылғы 20 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4125. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011.08.06 № 496 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының темір жол көлігінде жолаушылар, багаж және жүк багажы тасымалын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3664-нөмірмен тіркелген, "Юридическая газетінің" 2005 жылғы 15 желтоқсандағы 235-236 нөмірлерінде және "Заң" газетінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы 171-172 нөмірлерінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І  бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2810 нөмірмен тіркелген)  бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау ережесінде:
      239-тармақтағы "Уәкілетті органның лауазымды тұлғалары бір мезгілде ГУ-57 түбіртегі бойынша отырған орыннан бастап ең жақын тарифтік станцияға дейінгі жол жүру құнын өндіріп алады" деген сөйлем алынып тасталсын;

      240-тармақтағы "Осымен бір мезгілде уәкілетті органның лауазымды тұлғалары ГУ-57 түбіртегі бойынша отырған орнынан бастап жету орнына дейінгі жол жүру құнын өндіріп алады" деген сөйлем алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 240-1-тармақпен толықтырылсын:
      "240-1. Уәкілетті органның лауазымды тұлғалары тексеруді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567  Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелерін) қатаң сақтауы тиіс.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.С.Мустафин) бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады