"Алдын ала шешімді қабылдау тәртібі мен нысаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 мамырдағы N 210 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2006 жылғы 30 наурыздағы N 125 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 10 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4183. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден  кодексінің 23, 47-баптарынасәйкес және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын анықтау әдістемесіне қатысты алдын ала шешім қабылдау тәртібін реттеу мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Алдын ала шешімді қабылдау тәртібі мен нысаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 мамырдағы N 210  бұйрығына (нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2295 болып тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 26 шілдеде N 30 жарияланған, Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 579  бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен, нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2693 болып тіркелген, "Ресми газетте" 2004 жылғы 15 мамырда N 20 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Алдын ала шешім қабылдау тәртібі мен нысанында:
      5-1-тармақта:
      екінші абзацта "ең аз" және "баламалы" деген сөздер тиісінше "айлық" және "бір сомаға артық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацта "8500 ең аз есептік көрсеткішке баламалы" деген сөздер тиісінше "1700 артық айлық есептік көрсеткіштерге және 9400 қоса алғандағы сомаға дейін айлық есептік көрсеткішке баламалы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "1700 ең аз есептік көрсеткішке баламалы" деген сөздер "1700 қоса алғандағы сомаға дейін айлық есептік көрсеткішке баламалы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Кедендік кірістер басқармасы (Н.С. Жанарбаева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.І. Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған бірінші күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады