Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының""Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 6 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 82 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 21 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4200. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 270 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 270 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Сақтандыру қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының""Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2715 тіркелген, 2005 жылы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, N 15), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 19 ақпандағы N 37 қаулысымен енгізілген өзгерістермен бірге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3503 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулықта:

      кіріспеде""Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздерден кейін""(бұдан әрі - Заң)" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтандыру брокері қызметінің шарттары";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтандыру брокері брокерлік қызмет түрлерін Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырады.";

      3-тараудың атауы алынып тасталсын;

      4-тараудың атауындағы "4" деген цифр "3" деген цифрмен ауыстырылсын;

      5-тараудың атауындағы "5" деген цифр "4" деген цифрмен ауыстырылсын;

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Сақтандыру брокерлері сақтандыру делдалдығы бойынша деректерді қалыптастырады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құжаттарды есепке алу мен сақтауды қамтамасыз етеді.

      Сақтандыру брокерлері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып статистикалық, қаржылық және өзге есептілікті ұсынады.";

      18-тармақтың 3) тармақшасындағы "ішкі (не тәуелсіз)" деген сөздер алынып тасталсын;

      19-тармақта "қаржылық есеп берумен қоса," деген сөздердің алдынан "аудиторлық ұйыммен расталған" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тараудың атауындағы "6" деген цифр "5" деген цифрмен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):

      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру брокерлеріне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н.Өзбековке жүктелсін.

Төраға



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады