"Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 244 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 29 наурыздағы N 151 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 25 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4207. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 587 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007.11.29.  N 587  Бұйрығымен.

       БҰЙЫРАМЫН:
      "Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 244  бұйрығына  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3627 болып тіркелген, 2005 жылғы шілдедегі N 16 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 13 маусымдағы N 400  бұйрығына  сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3692 болып тіркелген, 2005 жылғы шілдедегі N 16 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесінде:
      10-тармақта "ағымдағы жылы" деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;

      11-тармақтың екінші абзацында "жалпы орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні пәнінен)" деген сөздер "кешенді тестілеу түрінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тармақта "емтихандар" деген сөзден кейін "негізгі орта білімі бар азаматтар үшін" деген сөздермен толықтырылсын;

      14-тармақтың 2) тармақшасында "емтихандар" деген сөздің алды "түрінде" деген сөзбен толықтырылсын;

      15-тармақтың үшінші абзацында "және шешім қабылдайды" деген сөздер алынып тасталсын;

      17-тармақтың төртінші абзацында "жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған" деген сөздер алынып тасталсын;

      20-тармақтағы "жергілікті білім басқармасының" деген сөздер "білім беру саласындағы атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2-қосымшада:
      "Бейіндік пәннің атауы" бағанында": 9-сынып базасында":
      4437002 мамандық коды бойынша "Математика" деген сөз "Химия" деген сөзбен;

      3902002, 3907002, 3909002, 3912002, 3913002, 3914002, 3915002, 3917002, 3918002, 3919002, 3920002, 3921002, 3922002, 3923002, 3926002, 3927002, 3930002, 3934002, 3936002, 3938002, 3940002 мамандықтар кодтары бойынша "Биология" деген сөз "Химия" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Бейіндік пәннің атауы" бағанында": 11-сынып базасында":
      1601002 мамандық коды бойынша "Химия" деген сөз "Математика" деген сөзбен;

      1704002, 1901002, 1902002, 1905002, 1909002, 1915002, 1916002, 2007002, 2009002, 2019002, 2020002, 2103002, 2104002, 2105002, 2107002, 2108002, 2110002, 2201002, 2202002, 2203002, 2204002, 2206002, 2207002, 2208002, 2209002, 2210002, 2211002, 2408002, 2415002, 2416002, 2802002, 2803002, 2807002, 2936002, 3005002, 3601002, 3602002, 3603002, 4331002, 4402002, 4411002 мамандықтар кодтары бойынша "Физика" деген сөз "Математика" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4207002 мамандық коды бойынша "Математика" деген сөз "Физика" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (С.Б.Есбосынова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А.Қ.Әбдімомыновқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады