Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.10.08 N 439 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы
N 80 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кәсіпорындардың төлем қабілеттілігі жағдайына мониторинг жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ә.А.Смайыловқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2006 жылғы 31 мамырдағы
N 189 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік кәсіпорындардың төлем қабілеттілігі
жағдайына мониторинг жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік кәсіпорындардың төлем қабілеттілігі жағдайына мониторинг жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік кәсіпорындардың төлем қабілеттілігі мониторингін тұрақты негізде ұйымдастыру және жүргізу тәртібін анықтайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мониторинг - ақпаратты жинауға, өңдеуге және төлем қабілеті жоқ мемлекеттік кәсіпорындарға қаржы-экономикалық оңалтуды уақтылы қолдану және мемлекет мүдделерін қорғау мақсатында мемлекеттік кәсіпорындардың төлем қабілеттілігінің қаржы-экономикалық жай-күйіне талдау жүргізуге бағытталған іс-шаралар кешені;
2) мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары - министрліктер, агенттіктер, ведомстволар және Қазақстан Республикасының Үкіметі осыған өкілеттік берген өзге мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі; коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты коммуналдық меншіктің құқық субъектісінің функцияларын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдігі жүзеге асырады;
3) уәкілетті орган - өзіне берілген өкілеттіктер шегінде банкроттық рәсімдерінің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Үкіметі өкілеттік берген орган;
4) мемлекеттік меншікке билік ететін орган - республикалық меншікке билік ету өкілеттігі берілген және республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты республикалық меншіктің құқық субъектісі болып әрекет ететін мемлекеттік орган, коммуналдық меншік кәсіпорындарына қатысты - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдігі не әкім өкілеттік берген атқарушы орган.
2. Мониторинг мәні және мақсаты
3. Мониторинг мәніне мыналар жатады:
1) өндірістің серпіні және құрылымы;
2) мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық және экономикалық төлем қабілеттілігі жағдайы.
4. Мониторинг мақсаттары:
төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға қаржы-экономикалық оңалту шараларын уақтылы қолдану;
жаңа технологиялар мен қайта ұйымдастырудың түрлі нысандарын пайдалана отырып, жаңа өндірістерді құруға бағытталған ұсынымдар әзірлеу, төлем қабілеті жоқ мемлекеттік кәсіпорындарды сенімгерлік басқаруға, бәсекелес ортаға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру болып табылады.
3. Мониторинг жүргізу тәртібі
5. Мемлекеттік меншікке билік ететін орган есептіден кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы мемлекеттік кәсіпорындар беретін ақпаратты уәкілетті органға жібереді.
Ақпарат көздері теңгерім, кірістер мен шығыстар туралы есеп, ақша қозғалысы туралы есеп, меншікті капиталындағы өзгерістер туралы есеп және түсіндірме жазба болып табылады.
6. Қажет болған кезде уәкілетті органның мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдарынан уәкілетті органның сұрау салуы түскен күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде берілуі тиіс қосымша ақпаратты сұратуға құқығы бар.
7. Уәкілетті орган берілген ақпарат негізінде бухгалтерлік теңгерім құрылымының қанағаттандырушылығын бағалауды жүргізеді.
8. Мемлекеттік кәсіпорындардың бухгалтерлік теңгерімі құрылымының қанағаттандырушылығын бағалау ағымдағы өтімділік коэффициенті мен меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті бойынша мемлекеттік кәсіпорындардың төлем қабілеттілігіне талдау жүргізу арқылы белгіленеді.
9. Ағымдағы өтімділік коэффициенті бойынша мемлекеттік кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне талдау жүргізу кезінде ұйымның шаруашылық қызметін жүргізу және мерзімді міндеттемелерін уақтылы өтеу үшін ұйымның меншікті айналым қаражатымен жалпы қамтамасыз етілуі анықталады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті ұйымда бар тауарлық-материалдық қор, ақша қаражаты, дебиторлық берешек, болашақ кезең шығыстары, қысқа мерзімді қаржы инвестициялары ретіндегі ағымдағы активтердің және өзге де ағымдағы активтердің банктердің қысқа мерзімді кредиттері, овердрафт, салық бойынша берешек, күтпеген жағдайлар бойынша есептелген төлемдерді, ұзақ мерзімді кредиттердің ағымдағы бөлігін, кредиторлық берешекті төлеуге есептелген шығыстар түріндегі ұйымның ағымдағы міндеттемелеріне нақты құнының қатынасы ретінде есептеледі.
10. Меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті бойынша мемлекеттік кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне талдау жүргізу кезінде ұйымның қаржылық тұрақтылығына қажетті меншікті айналым қаражатының болуы анықталады. Меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті ұйымда бар тауарлық-материалдық қор, болашақ кезең шығыстары, қысқа мерзімді қаржы инвестициялары, ақша қаражаты, дебиторлық берешек түріндегі ағымдағы активтердің нақты құнына меншікті капитал мен ұзақ мерзімді активтердің нақты құнының арасындағы айырмашылық қатынас ретінде есептеледі.
11. Мемлекеттік кәсіпорынның бухгалтерлік тенгерімі құрылымының қанағаттандырушылығын және төлем қабілеттілігін бағалау нәтижелері бойынша уәкілетті орган мына шарттардың бірі болған кезде төлем қабілеті жоқ мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесін (бұдан әрі - тізбе) қалыптастырады:
ағымдағы өтімділік коэффициенті есепті кезеңнің соңына 2,0-ден кем мәнге ие болса;
меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті есепті кезеңнің соңына 0,1-ден кем мәнге ие болса.
12. Уәкілетті орган мониторинг қорытындылары бойынша есептіден кейінгі жылдың 1 тамызына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне (республикалық меншік кәсіпорындары бойынша) немесе тиісті әкімдікке (коммуналдық меншік кәсіпорындары бойынша) тиісті шаралар қабылдау үшін төлем қабілеті жоқ мемлекеттік кәсіпорындарды қаржы-экономикалық оңалту бойынша мынадай ұсыныстарды қоса бере отырып, тізімді жолдайды:
1) салық органдарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың банкроттығы рәсіміне бастамашылық жасау, қазыналық кәсіпорындар бойынша - кейіннен банкроттық рәсімін жүргізу үшін оларды қайта ұйымдастыру туралы мәселені қарау;
2) оңалту рәсімін қолдану;
3) сырттай қадағалау рәсімін енгізу;
4) сенімгерлік басқаруға немесе шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне беру;
5) бәсекелес ортаға беру.