"Республикалық бюджетте "Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 28 қарашадағы N 08-1/361 бұйрығына толықтыру енгізу туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 29 мамырдағы N 08-1/155 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 19 маусымда тіркелді. Тіркеу N 4256. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 11-1-2/619 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 26.12.2016 № 11-1-2/619 ( алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Республикалық бюджетте "Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 28 қарашадағы N 08-1/361 (2006 жылғы 11 ақпандағы N 7 "Ресми газеті" газетінде жарияланған нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4037 болып тіркелген) бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Республикалық бюджетте "Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесінде:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) багажға жұмсалатын шығыстар, денені мәйітханада сақтағаны үшін шығыстарға ақы төлей отырып "200" (Қазақстан Республикасына қайтыс болғандардың табыттарын және сауыттарын күлімен жөнелту) жүгін ресімдеу немесе келген мемлекетте жерлеу.".

      2. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

МИНИСТР



      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экономика және бюджеттік

      жоспарлау Вице-министрі

      2006 жылғы 5 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады