"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 11-1-2/619 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 қаңтарда № 14748 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 85-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:

      1) осы бұйрықтың заңнамада көрсетілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М.Б. Тілеубердіге жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
Е. Ашықбаев

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрі

      ______________ М. Бекетаев

      2016 жылғы "__"__________

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы "_"____________

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 11-1-2/619 бұйрығына
1-қосымша

"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша
республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысына сәйкес әзірленген және қиын жағдайда, соның ішінде форс-мажорлық жағдайлар салдарынан болған қиын жағдайда (бұдан әрі – қиын жағдай) қалған, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша іс-шараларды іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерімен "Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану, сондай-ақ шетелде қайтыс болған Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты шаралар қолдану (бұдан әрі – қаржылық көмек) тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидалардың күші Қазақстан Республикасының аумағындағы Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсетуге қолданылмайды.

      3. Осы Қағидалар бойынша Қиын жағдайлар деп осындай оқиғалар түсініледі:

      1) форс-мажорлық ахуалдарға орай пайда болған жағдайлар;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтарын шет мемлекетке заңсыз әкелу;

      3) Қазақстан Республикасына қарсы бағытталған құқыққа қайшы әрекеттер;

      4) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде денсаулығының нашарлауы және күтпеген қазасына әкеліп соғатын оқиғалар.

      Форс-мажорлық жағдайларға еңсерілмейтін күштер, яғни Қазақстан Республикасының азаматы тарапынан алдын алуға, бақылауға алуға келмейтін және осындай ахуал жағдайларда күтпеген сипат алған төтенше жағдайлар, соның ішінде әскери іс-қимылдар, террористік актілер, дүлей апат құбылыстары жатады.

      4. Қаржылық көмек түрлеріне төмендегідей шығыстар жатады:

      1) шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына келу үшін көлік шығыстарын өтеу (экономкласты авиабилет құнынан аспайды);

      2) аудармашы көрсеткен қызметті өтеу (бір күнге 15 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);

      3) адвокат көрсеткен қызметті өтеу (бір күнге 45 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);

      4) бір жолғы материалдық көмек:

      тамақтану (бір күнге 80 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);

      тұру (бір күнге 200 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);

      бірінші қажеттіліктегі заттар болмаған жағдайда, оларды сатып алу (280 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);

      5) мүрдені бальзамдауға, мәйітханада сақтауға немесе болу елінде жерлеуге жұмсалатын шығыстарды төлей отырып, жүкті жөнелтуге, "200" жүгін ресімдеуге (Қазақстан Республикасына қайтыс болған азаматтардың табыттарын және күлімен сауыттарын жөнелту) жұмсалатын шығыстар.

      5. Қаржылық көмек өтеусіз негізде ұсынылады.

2-тарау. "Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану тәртібі

      6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және/немесе шет елдердегі мекемелер Қазақстан Республикасы азаматтарынан, туыстарынан немесе өзге өкілетті адамдардан өзінің жеке басын куәландыратын құжаты, Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекенжай, болу еліндегі тұрақты мекенжай, қиын жағдайға тап болу мән-жайларын және өзге де мүмкін болған ақпарат көрсетілген қаражат бөлу қажеттілігінің негіздемесі бар өтініштерді қабылдайды.

      Өтінішке болу елінің құзыретті органдары берген және форс-мажорлық жағдайлар мен қиын жағдайдың туындауына орай қаржылық көмек көрсету туралы өтінішке қатысы бар құжаттар бірге беріледі.

      Зорлық, денсаулық нашарлау немесе өлім фактісі болған жағдайда болу елінің медициналық немесе өзге де құзыретті мекемесі берген құжат беріледі.

      7. Шет елдегі мекеме осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттармен бірге қабылданған қаржылық көмек көрсету туралы өтініштер негізінде қаржылық көмек көрсету немесе одан бас тарту туралы шетелдегі мекеменің басшысы немесе оның міндетін атқаратын адам бекіткен ерікті нысанда қорытындыны жасайды.

      8. Шетелдегі мекеме қаржылай көмек көрсетуден келесі жағдайларда бас тартады:

      1) біле тұра жалған айғақтарды хабарлау;

      2) қиын жағдайға тап болуына себеп болған Қазақстан Республикасы азаматының болу елінің заңнамасын бұзғанын растайтын құжаттардың болуы;

      3) Қазақстан Республикасы азаматының кінәсінен болған оқиғалар (соның ішінде алкогольге немесе есірткіге мас болған жағдайда);

      4) Азаматының ықтимал тәуекелдерді сезініп, өз еркімен қалуды растайтын фактілерді анықтағанда.

      9. Қаржылық көмек көрсету туралы қорытынды осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттардың көшірмелерімен бірге үш жұмыс күннің ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) шешім қабылдау үшін жолданады.

      10. Министрлік тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат көлемдеріне байланысты, шетелдегі мекеменің қорытындысын, Консулдық қызмет департаментінің және Валюта-қаржы департаментінің бірлескен қорытындысын негізге ала отырып, қаржылай көмек көрсетуге арналған қаражатты бөлу туралы шешім қабылдайды және сұрау келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде шетелдегі мекемеге жолданады.

      11. Шетелдегі мекеме Министірліктің оң шешімін алғаннан кейін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша іс жүзіндегі қаржылық көмек көрсету туралы акт ресімдей отырып, қаржылық көмек көрсетеді.

      12. Қазақстан Республикасының азаматына, туысына не өзге де адамға қолма-қол ақшалай қаражат түрінде қаржылық көмек беруге рұқсат етілмейді.

  "Шетелде Қазақстан
Республикасының мүдделерін
білдіру" бағдарламасы бойынша
республикалық бюджетте
көзделген қаражатты пайдалану
қағидаларына қосымша

Іс жүзінде қаржылық көмек көрсету туралы 20__ жылғы "____" __________ № ____ акт

      ________________________________________ шет елдерде форс-мажорлық

      (ҚР шетелдегі мекемесінің атауы)

      жағдайларға тап болған Қазақстан Республикасы азаматының өтінішін қарастырып,

      ________________________________________

      (өтініш білдірушінің Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      Тұрып жатқан мекенжайы _____________________________________________,

      Жеке басын куәландыратын құжаты ____________________________________

      ____________________________________________________________________,

      (жеке басын куәландыратын құжат түрі, сериясы және нөмірі)

      _____________________________________________________________ берілді,

      (берілген күні, берген мекеме атауы)

      мекеменің 20___ жылғы "____"__________қорытындысы бойынша және Қазақстан

      Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 20___ жылғы "____" __________

      № ____________ шешімі негізінде қаржылай көмек көрсету туралы

      ___________________________________

      (өтініш білдірушінің Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      өтініші бойынша жұмсалған шығыстар төленгені туралы осы актіні жасады:

      1. ________________________________________________________ мөлшерінде

      (сандармен және жазбаша)

      __________________________________________________ шығыстарын өтеу

      (өтініш білдірушінің Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      _______________________________________________бағыты бойынша Қазақстан

      Республикасына келу үшін көлік шығысы _______________________

      2. _____________________________________________________ мөлшерінде

      (сандармен және жазбаша)

      _______________________________________________ аудармашы көрсеткен

      (өтініш білдірушінің Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      қызметті өтеу

      3. ______________________________________ адвокат көрсеткен қызметті өтеу

      (өтініш білдірушінің Т.А.Ә.)

      __________________________________________________________мөлшерінде

      (сандармен және жазбаша)

      4. ________________________________________________________ мөлшерінде

      (сандармен және жазбаша)

      ____________________________ бір жолғы материалдық көмек төлемдерінің

      (өтініш білдірушінің Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      __________________________________________________орнын толтыру үшін

      (көрсетілген бір жолғы материалдық көмек түрлері)

      5. ________________________________________________________ мөлшерінде

      (сандармен және жазбаша)

      жүк жөнелтуге, "200" жүгін (Қазақстан Республикасына қайтыс болғандардың

      табыттарын және күлімен сауыттарын жөнелту) ресімдеу үшін жүмсалған шығыстар

      Растаушы құжаттар осы актіге ____ парақта қоса берілді.

      Шетелдегі мекенің өкілетті қызметкерлері:

      _________________________/ /

      _________________________/ /

      _________________________/ /

      М.О.

      Қаржылық көмектің алынғанын растаймын, акт көшірмесін алдым:

      __________________________________/ /

      қолы                               қолының ашып жазылуы

      20__ жылғы "____" ________

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 11-1-2/619 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің күші жойылған
кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Республикалық бюджетте "Шетелдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 28 қарашадағы № 08-1/361 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4037 болып тіркелген).

      2. "Республикалық бюджете "Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 28 қарашадағы № 08-1/361 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 29 мамырдағы № 08-1/155 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4256 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 11 тамызда жарияланған, № 147 (953)).

      3. "Республикалық бюджетте "Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 28 қарашадағы № 08-1/361 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 08-1-1-1/323 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 6639 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 4 ақпанда жарияланған № 36-37 (26439)).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады