Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорларды ветеринарияда пайдалану ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі Комитетінің 2006 жылғы 28 маусымдағы N 116 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 26 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4312. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 114 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.03.19 № 114 Бұйрығымен

      Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы Қазақстан Республикасының Заңының 17 бабының 2 тармағына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорларды ветеринарияда пайдалану ережесі бекітілсін.

      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылық министрі
      2006 жылғы

Қазақстан Республикасы    
Ішкі Істер Министрлігінің   
Есірткі бизнесіне қарсы күрес 
және есірткі айналымын бақылау 
жөніндегі комитеті төрағасы 
вице-министр бұйрығымен   
бекітілген         
2006 жылғы 28 маусымдағы 
N 116 бұйрығымен бекітілген 

  Ветеринарияда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды
және прекурсорларды қолдану тәртібі

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасының  заңына сәйкес дайындалып ветеринарияда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды қолдану тәртібін және жағдайын анықтайды.
      2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер:
      ветеринария - жануарлардың аурулары мен азықтан улануы (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдардың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы;
      ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар - (әрі қарай заңды тұлғалар) меншік түріне қарамастан ветеринария саласында қызмет атқаратын ветеринариялық емхана және басқа да ұйымдар мен мекемелер.

  2. Ветеринарияда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды
қолдану тәртібі

      3. Заңды тұлғалар ветеринарияда қолданылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттарды жануарларды зерттеу және емдеу кезінде тыныштандыру және қозғалыссыздандыру, сондай-ақ хирургиялық әрекеттер барысында пайдаланады.
      4. Ветеринарияда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды қолдануды, лицензиялаудың осы түріне лицензиясы бар заңды тұлғалар, жүзеге асырады.
      5. Ветеринарияда қолданылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауды заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1693  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру  ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.
      6. Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен жұмыс істеуге рұқсаты бар ветеринариялық дәрігер-лицензиаттардың тізімі, осы тізімде көрсетілген тұлғалардың сәйкестігін тексерген, аумақтың ішкі істер органымен келісіледі.
      7. Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен жұмыс істеуге нашақорлықпен, уытқұмарлықпен, созылмалы маскүнемдікпен ауыруының жоқтығы туралы, сондай-ақ олардың ішінде жоғары қауіп көзіне байланысты кәсіби қызметтің жекелеген түрлерін жарамсыз деп танылған адамдардың жоқтығы туралы психиатр және нарколог дәрігерлердің тұжырымы бар ветеринариялық дәрігер-лицензиаттар жіберіледі.
      8. Есірткі құралдары, психотроптық заттар пайдалану үшін қатаң түрде заңды тұлғаларының жетекшілерінің берген рецепттері бойынша жіберіледі. Рецептте заңды тұлғаның, ұйымның, мекеменің штампы және мөрі болуы тиіс.
      9. Заңды тұлғаның жетекшісі есірткі құралдарына, психотроптық заттарға рецепт жазғанда препараттың дозасын жазбаша түрде көрсетеді. Рецепті құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар бар дәрілердің тек біреуіне ғана беруге рұқсат етіледі.
      10. Есірткі құралдары, психотроптық заттары бар ампулаларды (флакондарды) қолданар алдында шайқау қажет. Ашылған ампулалар (флакондар) тек сол күні қолданылуы тиіс.
      11. Препараттарды қолданар алдында және жұмыс барысында шприцтер мен инелер қайнатылып стерильденеді және әрбір малға жеке шприц пен ине қолданылады. Препаратты егетін жер 70% этил спиртімен зарарсыздандырылады.
      12. Жұмыс аяқталғаннан кейін қолданылмаған есірткі құралдары, психотроптық заттар заңды тұлғаның жетекшісіне сақтауға өткізіледі.
      13. Ветеринарияда қолданылған есірткі құралдары, психотроптық заттар заңды тұлғаның жетекшісінің ветеринариялық дәрігерге берген рецепттері бойынша есептен шығарылады.
      14. Сақтау мерзімі өткен есірткі құралдары, психотроптық заттар сондай-ақ есірткі құралдарынан босаған ампулалар жиылу мөлшеріне байланысты айына бір рет жойылады.
      15. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды жою мемлекеттік ветеринариялық қадағалау, ішкі істер және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының өкілдерінің қатысуындағы комиссияның жойылу актісі бойынша жүзеге асырылады.
      16. Жою нәтижесі бойынша комиссия мүшелерінің барлығы қол қойған акті жасалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады