Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.29 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
"Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi түзеу мекемелерiнде ұсталатын адамдарды қадағалауды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 154 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтiк-құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде N 1723 болып тiркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк-құқықтық актiлерi бюллетенiнде жарияланған, 2002 жыл, N 9-10, 544-құжат, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2004 жылғы 27 мамырдағы N 155 , 2004 жылғы 24 тамыздағы N 240 , 2005 жылғы 12 мамырдағы N 128 бұйрықтарымен енгiзiлген өзгерiстерi мен толықтырулары бар) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң түзеу мекемелерiнде ұсталатын адамдарға қадағалауды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықта:
15-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Түрменi қадағалау жоспарына режiмдiк корпустардың әрбiр қабатының жоспарлары да, оларға қадағалау бекеттерi енгiзiле отырып кiредi.";
23-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Түрмелерде нұсқамалық жүргiзу кезiнде, бұдан басқа, уақытша бекеттердi, сондай-ақ бақылау тiнтулерi мен техникалық тексерiстер жүргiзiлуi тиiс камералардың нөмiрiн қою арқылы күзеттi күшейту жөнiндегi нақты шаралар және басқа да өкiмдер аталады.";
3) мынадай мазмұндағы 9-тараумен толықтырылсын:
"9-тарау. Түрмелерде ұсталатын адамдарды қадағалау
ерекшелiктерi 1. Қадағалаудың негiзгi талаптары
175. Кезекшi ауысымның және режiм бөлiмiнiң сандық құрамы режiм корпустарының, қадағалау бекеттерiнiң саны, сотталғандардың тәулiктiк қозғалысы, айдауылдау, тiнту жөнiндегi мiндеттердiң орындалуы және т.б. ескерiле отырып белгiленедi.
176. Сотталғандарды серуенге, дәрiгерге, кездесуге шығаруды және ұстау режiмiне байланысты басқа да функцияларды орындауды режiмдiк бөлiмнiң бақылаушылары қамтамасыз етедi.
177. Қадағалау бекеттерiнiң саны мен орналасуы, түрмелердiң корпустық бөлiмшелерiнiң саны түрмелердегi қадағалау бекеттерiнiң табельдерiмен (45-46-қосымшалар) белгiленедi.
178. Корпустық бөлiмшелер режiмдiк корпустар немесе қабаттар бойынша белгiленедi. Олардың саны бiр корпустық бөлiмшеде ұсталатын сотталғандар есебiнен айқындалады. Әрбiр корпустық бөлiмшеге табельдегi жазба бойынша нөмiр берiледi.
179. Табельмен бекiтiлген қадағалау бекеттерi табельдiк бекеттер деп аталады. Нақты жағдайларға қарай қадағалау бекеттерi бiр ауысымдық, екi ауысымдық, үш ауысымдық немесе тәулiк бойғы болуы мүмкiн, ол табельде көрсетiледi. Әрбiр табельдiк бекетке табельдегi жазба бойынша реттiк нөмiр берiледi. Табельде әрбiр бекеттiң қадағалауында болатын объектi көрсетiледi.
180. Табельдiк бекеттерден басқа, түрме бастығының, оның жедел-режiм жұмысы жөнiндегi орынбасарының немесе түрме бастығының кезекшi көмекшісiнiң (бұдан әрi - ТБКК) өкiмi бойынша сотталғандар қолда бар деректер бойынша қашуға, күзетке шабуыл жасауға, не болмаса басқа да заңсыз әрекеттер жасауға ниеттенiп отырған бiр немесе бiрнеше камераларға бақылауды күшейту үшiн қосымша (уақытша) бекеттер орнатылуы мүмкiн.
181. Қадағалау бекеттерi:
1) камера, AИ үй-жайы жанында;
2) кiру қақпаларының жанында;
3) сотталғандардың серуендеуi кезiнде серуендеу аулаларының жанында;
4) өндiрiстiк аймақ жанында;
5) медсан бөлiмдерi жанында;
6) ұзағырақ кездесу бөлмесiнiң жанында;
7) басқа да бекеттерге қойылады.
Камералар жанындағы бекеттердiң қадағалау жөнiндегi бақылаушылары бiр бекетке 10-нан 15-ке дейiнгi аралас немесе қарама-қарсы орналасқан камераларды күзетке тапсыру есебiнен орналастырылады.
2. Кезекшi ауысымдардың қызмет өткеруiн ұйымдастыру
182. ТБКК қызмет өткеру кезiнде:
1) корпус бойынша аға қызметкер мен бақылаушылардың қызмет өткерулерiн жеке өзi, сондай-ақ орынбасары арқылы күндiзгi уақытта кемiнде үш рет, ал түнгi уақытта кемiнде төрт рет жүйелi түрде тексередi;
2) белгi беру, байланыс құралдарының, сондай-ақ есiктердiң, есiктердегi желдеткiштердiң, құлыптардың, торлардың, камералық жабдықтардың ақауларын тез арада жою жөнiнде шаралар қолданады;
3) режiмдiк аумақта баспалдақ, тақтай және шабуыл жасау мен қашу үшiн пайдалануға болатын басқа да заттарды сақтауға жол бермейдi;
4) сотталғандарды қабылдауды және жөнелтудi жүзеге асырады, оларды жедел және режiм бөлiмi құрастырған камералық орналастыру жоспарына сәйкес камераларға орналастырады және жеке тiнтудi ұйымдастырады.
183. ТБКК кезекшi бөлiмiнде:
1) арнайы кiлттердiң есебiн жүргiзу кiтабын (47-қосымша);
2) өлiм жазасына сотталған және өмiрлiк бас бостандығынан айырылған сотталғандар ұсталатын түрме типтес камералардың артық кiлттерiн және камералардың екiншi құлыптарының кiлттерiн;
3) камера бойынша орналастыру жоспарын;
4) Осы Нұсқаулыққа сәйкес журналдарды сақтайды және жүргiзедi.
Осы Нұсқаулықта көрсетiлген жеке құжаттарды жүргiзудi және сақтауды ТБКК өзiнiң орынбасарына жүктеуi мүмкiн.
184. Корпустық бөлiмшенi кезекшi ауысымның корпус бойынша аға қызметкерi басқарады. Корпус бойынша аға қызметкер корпуста кезекшi ауысым құрамында корпуста қызмет өткередi және ТБКК мен оның орынбасарына бағынады. Оған қадағалау жөнiндегi бақылаушылар бағынады.
Корпус бойынша аға қызметкерге корпустық бөлiмшеде бөлме бөлiнедi, оған:
1) iшкi телефон байланысы және кезекшiмен тiкелей байланыс аппараттары;
2) камералармен бiржақты байланыс жасайтын дауыс зорайтқыш аппараттар;
3) күзет-дабыл белгiлерiн беретiн түйме;
4) құжаттарды сақтауға арналған металл шкаф орналастырылады.
185. Корпус бойынша аға қызметкер:
1) күзет орнына бақылаушылардың өздерiне бекiтiлген корпустық бөлiмшеде қызмет атқаруларын тексередi, дабыл кезiнде дереу белгi түскен күзет орнына келедi;
2) корпустық бөлiмшеге келген сотталғандарды қабылдайды және оларды ТМ бастығы басқаратын ТМ комиссиясының шешiмiмен камераларға орналастырады. Сотталған орналасуға тиiс орынды (төсектi) жеке көрсетедi және оны тиiстi төсек жабдықтарымен, күнделiктi қажеттi заттармен қамтамасыз етедi;
3) орын ауыстыру тiзiмi негiзiнде сотталғандарды басқа камераға ауыстырады (48-қосымша);
4) камералық картотека бойынша сотталғандардың есебiн жүргiзедi, камералық карточкаға (49-қосымша) бiр камерадан екiншi камераға ауыстыру туралы мәлiмет, берiлген немесе қайтарылған мүлiк туралы барлық қажеттi жазбаларды жүргiзедi;
5) iшкi тәртiп ережесiнiң сақталуын, уақытында ұйқыдан тұруды, ұйқыға жатуды, тамақ таратуды қадағалайды, сотталғандар арасындағы тәртiптi қадағалау шараларын қолданады, байқалған тәртiп бұзушылықтарды дереу жояды және олардың тарапынан болған заңсыз әрекеттердiң жолын кеседi;
6) Сотталғандардың кенеттен ауырып қалып, медициналық жедел жәрдемдi қажет ететiндерi туралы ТБКК баяндайды және медицина бөлiмiн хабардар етедi;
7) камераларда кесте бойынша кезекшiлердi тағайындайды және корпустық бөлiмшелерде тазалықты сақтауын қамтамасыз етедi;
8) сотталғандарға киiмдердi ұсақ-түйек жөндеу жұмыстары үшiн ине, жiп, қайшыларды бақылаумен бередi және олардың қайтарылуы мен сақталуын қамтамасыз етедi;
9) түрмеден кететiн адамдарды кезекшi бақылаушыларға тапсырады;
10) жазбаша арыздар мен шағымдарды қабылдайды және оларды ТБКК тапсырады;
11) сотталғандар босатылған кезде олардың есебiндегi мүкәммал заттарды тапсыруын бақылайды, жетпеген немесе бүлiнген заттар туралы ТБКК баяндайды;
12) кешкi тамақтану уақыты аяқталған соң бақылаушылардан камералардың кiлттерiн алады және оларды сотталғандар таңғы ұйқыдан тұрғанға дейiн металл шкафта сақтайды немесе ТБКК-ге сақтауға тапсырады;
13) сотталғандарды серуендеуге, санитарлық өңдеуге шығаруды, камералардың техникалық тексерiлуiн, жоспарлы және жоспардан тыс тiнтулер жүргiзудi бақылайды.
186. Корпус бойынша аға қызметкер өзiнiң корпустық бөлiмшесiн тек ТБКК рұқсатымен ғана қалдыра алады.
187. Ауырған жағдайда корпус бойынша аға қызметкер бұл туралы ТБКК баяндайды және оның тиiстi нұсқауы бойынша әрекет етедi.
188. Бақылаушы ауысымға түсер алдында бекет жабдықтарының: камералардың есiгiн, құлыптарды, жарық түсiргiштердi, белгi беру және байланыс құралдарын, өртке қарсы жабдықтарды және мүкәммалдарды мұқият тексеруi және олардың жұмыс iстейтiндiгiне көз жеткiзуi тиiс, сондай-ақ, бекет нұсқаулығын және осы құжаттарды сақтау көзделген бекеттердегi рұқсат қағаздарының үлгiлерiн қабылдап алуы тиiс.
189. Бекеттегi бақылаушыға: оқуға, отыруға, ұйықтауға, бөгде адамдармен сөйлесуге, қандай да бiр затты сақтауға қабылдауға немесе бiр затты бiр камерадан екiншi камераға беруге және сотталғандарды үзiлiссiз бақылаудан назарын тайдыруға тыйым салынады.
190. Бекеттегi қадағалау жөнiндегi бақылаушылар:
1) қызметтi қырағы өткеруге;
2) ауыстырылғанша немесе күзеттен түскенше күзет орнын тастамауға;
3) шабуыл жағдайында дабыл белгiсiн беруге және шабуылды тойтаруға;
4) көршi күзет орнына шабуыл жасалған кезде дабыл белгiсiн беруге, өз күзет орнын қоршау бойынша шаралар қабылдауға және шабуылға душар болған бақылаушыға көмек көрсетуге;
5) өрт көрiнген жағдайда ТБКК-ге хабарлауға, дабыл белгiсiн беруге және өрттi өшiруге шаралар қабылдауға мiндеттi.
3. Бекеттердегi қадағалауды ұйымдастыру
191. Камералар алдындағы бекеттi қадағалау жөнiндегi бақылаушыда:
1) күзетiлетiн камераның кiлтi (күндiзгi уақытта);
2) бақылаушының қолы жетуi үшiн ыңғайлы жерге орналастырылған күзет-дабыл белгiлерiн хабарлағыш;
3) ТБКК бөлмесiмен тiкелей байланыстағы телефон аппараты;
4) өртке қарсы қолданылатын жабдықтар мен құрал-саймандар;
5) қабырғаға жабдықталған тиегi бар қуыс-шкаф болуы керек.
Камералар жанындағы әрбiр бекетте бекет ведомосы (50-қосымша) жүргізіледі.
192. Камералар алдындағы бекеттi қадағалау жөнiндегi бақылаушы:
1) өзi күзетiп отырған камерадан қашудың алдын алуға және басқа да төтенше қылмыстардың жолын кесуге бағытталған шаралар қолдануға;
2) сотталғандардың режiм және iшкi тәртiп ережелерiн сақтауын бақылауға;
3) камерадан шақырту келiп түскен жағдайда оның себебiн анықтауға;
4) камераның есiгiн әр ашқан сайын "көзше" арқылы камераға кiру қауiпсiздiгiне көз жеткiзуге;
5) сотталғандарды камерадан серуендеуге немесе санитарлық өңдеуден өткiзу үшiн алып шыққан кезде оларды айдауылдарға санап тапсырып, олардан санап қабылдауға және ол туралы күзет орнының ведомосына жазуға мiндеттi;
6) түнгi уақытта барлық камералардың жарық болуын қадағалауға;
7) әр камерада ұсталатын сотталғандардың, сондай-ақ шаруашылық қызметiн көрсету жұмыстарына қалдырылған сотталғандармен және басқа адамдармен байланысуына жол бермеуге;
8) барлық байқалған тәртiп бұзушылықтар туралы корпус бойынша аға қызметкерге немесе ТБКК-ге баяндауға мiндеттi.
193. Бақылаушы камерада ұсталушы адамдардың мiнез-құлқына қадағалауды "көзше" арқылы, сотталғандардың күдiк тудыратын мiнез-құлқына назар аудара отырып жүзеге асырады.
194. Бақылаушыға сотталғандардың арызын қабылдауға, олармен қызметтiк мiндеттерiн орындауға қатысы жоқ сөз сөйлесуге тыйым салынады.
Егер сотталған өтiнiшпен жүгiнсе немесе шұғыл арыз айтқысы келсе, онда бақылаушы бұл туралы корпус бойынша аға қызметкердi хабардар етедi.
Камерадан жазба хат лақтырған немесе берген кезде бақылаушы оларды дереу корпус бойынша аға қызметкерге немесе ТБКК-ге тапсырады.
195. Қашуға оқталу немесе қашу байқалған кезде бақылаушы дабыл белгiсiн бередi және күзет орнын қалдырмай олардың жолын кесуге шаралар қолданады.
196. Камерада тәртiпсiздiк, төбелес, бағынбаушылық немесе күдiктi әрекеттер болған жағдайда бақылаушы бұл әрекеттердi тоқтатуды талап етедi және дереу корпус бойынша аға қызметкерге баяндайды және дабыл белгiсiн бередi.
197. Камерада немесе режiмдiк корпуста өрт болған кезде бақылаушы:
1) дабыл белгiсiн бередi;
2) қолда бар өрт сөндiргiш құралдармен өрттi өшiру шараларын қолданады.
Камерада өрт тұтанған кезде бақылаушы дабыл белгiсiн бергеннен кейiн есiктiң желдеткiшiн ашады және камераға өрт сөндiргiш құралдарды бередi және көмектiң келуiн күтедi.
198. Өзiн-өзi өлтiру немесе өзiн-өзi өлтiруге оқталу кезiнде бақылаушы дабыл белгiсiн бередi. Егер бұл жалпы камерада болса, онда ол есiктегi желдеткiш арқылы камерадағы адамдардың өзiн-өзi өлтiруге жол бермеуiн және зардап шегушiге көмек көрсетуiн талап етедi.
199. Камера алдындағы бекеттiң бақылаушысына режiмдiк корпусқа немесе дәлізге кіретін есіктердің кiлтiн ұстауға, сондай-ақ жалғыз өзі камераларды ашуға және оған кiруге үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады.
Тамақ iшетiн уақытында бақылаушыны корпус бойынша аға қызметкер немесе резервтiк топтың бақылаушысы алмастырады.
200. Бақылаушыға тамақ, ыстық су, кiтап таратуға, сондай-ақ камерадан камераға әртүрлi заттар, хаттар беруге және өзiнiң тiкелей мiндетiн орындаумен байланысты емес басқа әрекеттердi жүзеге асыруға рұқсат етiлмейдi.
Сотталғандарға камераларына сәлемдемелердi, тамақ, дәрi-дәрмектер, кiтаптар, дүкеншiктен сатып алынған заттар және т.б. берудi есiктегi желдеткiш арқылы тиiстi қызметкерлер жүзеге асырады.
201. Камераларды әкiмшiлiк, медицина қызметкерлерi және тексерушiлер аралаған кезде, олардың жанында корпус бойынша аға қызметкер немесе арнайы бөлiнген бақылаушы iлесiп жүредi және ол камера алдындағы бекет бақылаушысы есiктi ашқаннан кейiн, камераға бiрiншi болып кiруi тиiс.
Камера алдындағы бекет бақылаушысына аралап жүрген адаммен бiрге камераға кiруге тыйым салынады.
202. Камераларға кiру барлық қауiпсiздiк шараларын сақтай отырып жүргiзiледi.
Камераның есiгiн ашпас бұрын камера алдындағы бекеттiң бақылаушысы есiктегi желдеткiш арқылы сотталғандарға есiкке қарама-қарсы қабырғаға және кiретiн есiктен екi метрден алыс жерге сапқа тұруды талап етедi. Сотталғандардың осы әмiрдi орындағанына көз жеткiзгеннен кейiн камераның есiгi ашылады.
Камераны ашу кезiнде ол есiктi иығымен тiреп тұрып жартылай ашады да, камерада ұсталушы адамдардың мiнез-құлқын мұқият бақылайды. Камераларды ашуға кемiнде 3 адам, ал түнгi уақытта камера алдындағы бекет бақылаушысын қосқанда 4 адам қатысулары керек.
203. Сотталғандарды басқа камераларға ауыстыру үшiн орын ауыстырудың сипатына байланысты оларды бiр-бiрден немесе тобымен, немесе камерадағы барлық құрамымен, корпус бойынша аға қызметкердiң қатысуымен, орын ауыстыру туралы талон немесе орын ауыстыру тiзiмi негiзiнде шығарады. Бұл ретте қызметкерлердiң саны бiр адамға үшеуден келуi тиiс.
204. Сотталғандар корпустық бөлiмшенiң шегiнде орналасқан дәрiгердiң қызмет бөлмесiне қабылдауға корпус бойынша аға қызметкердiң немесе резервтегi бақылаушының қатысуымен шығарылады.
205. Түрмеден жөнелтiлуiне байланысты сотталғандарды камералардан медициналық бөлiмге, басшылыққа, туыстарымен кездесуге шығару кезекшi бақылауышының қатысуымен түрме бастығының жазбаша нұсқауы негiзiнде жүргiзiледi.
206. Дәрiгердiң амбулаториялық қабылдауына, санитарлық өңдеуден өткiзу үшiн, серуенге шығару кезiнде сотталғандарға шығарудың мақсаты ескертiледi. Барлық қалған жағдайларда шығару және шақыру мақсаты оларға хабарланбайды, тек олардың қалай киiнуiне және өздерiмен бiрге не алуларына нұсқау берiледi.
207. Сотталғандарды камерадан шығару бiр-бiрден немесе екеуден қатарға тұру арқылы жүзеге асырылады, ол кезде айдауылшы бақылаушы камера есiгiне қырынан тұрады.
208. Бекет орналасқан жерде күзет орны арқылы өтуге құқығы жоқ адам пайда болған жағдайда бақылаушы оларды ұстайды және корпус бойынша аға қызметкерге хабарлайды.
209. Бекетке тiкелей бастықтар мен түрменi тексерушi адамдар келген кезде бақылаушы мынадай нысан бойынша өзiн таныстырады, мысалы: "Полковник мырза, бекеттегi бақылаушы әдiлет прапорщигi Әмiрин".
4. Резервтiк топ бақылаушыларының жұмысын ұйымдастыру
210. Әрбiр кезекшi ауысымның құрамына бақылаушылардың резервтiк тобының қызметкерлерi бөлiнедi, ол күзет бойынша тәулiк сайынғы бұйрықта жарияланады және ТБКК қарамағында болады. Резервтiк топ бақылаушыларының сандық құрамы әрбiр ауысым үшiн қызмет өткеру көлемiне қарай айқындалады.
211. Резервтiк топ бақылаушыларының басшылығына аға бақылаушы тағайындалады.
Резервтiк топтың бақылаушылары:
1) келген сотталғандарға тiнту жүргiзедi және жеке тiнту хаттамасын толтырады;
2) сотталғандардың ақшаларын, бағалы қағаздарын түзеу мекемелерiнiң iшкi тәртiбiне сәйкес пайдалануға тыйым салынатын заттарын алып қою жөнiнде акт жасайды;
3) жаңадан келген сотталғандардың құжаттарын ресiмдейдi, соның iшiнде анықтама карточкасын (51-қосымша) және камералық карточканы толтырады;
4) сотталғандарды карантиннен дәрiгердiң медициналық қарауына және санитарлық өңдеуден өткiзуге шығаруды қамтамасыз етедi;
5) сотталғандарды жөнелтуге әзiрлейдi, олардың жеке басына қажеттi заттарын бередi, тiнту және санитарлық өңдеу жүргiзедi, оларды маусымға сай киiмдермен қамтамасыз етедi;
6) дабыл болған жағдайда бекет бақылаушыларына дереу көмек көрсетедi;
7) тамақ iшу кезiнде және басқа да қажеттi жағдайларда бекет бақылаушыларын ауыстырады;
8) камераларды тексеру кезiнде медициналық қызметкерлердi ертiп жүредi;
9) ТБКК немесе оның орынбасарының нұсқауы бойынша камералардың бақылау техникалық тексерiсiне қатысады.
5. Ауысымдарды бөлу, кезекшiлiктi қабылдау және тапсыру
212. Ауысымдарды бөлу әкiмшiлiк корпусының осы мақсат үшiн арнайы бөлiнген қызмет бөлмесiнде өтедi.
213. Бөлу үшiн кезекшi ауысымның жеке құрамы екi сапқа тұрғызылады: оң жақ қанатқа - корпус бойынша аға қызметкердiң бастауымен қадағалау жөнiндегi бақылаушылар, содан соң топтың аға қызметкерiнiң бастауымен резервтiк топтың бақылаушылары тұрғызылады.
Кезектi ауысымды бөлуден жарты сағат бұрын сотталғандардың барлық қозғалыстары (серуенге шығару, моншаға, дәрiгерге апару және т.б.) жаңа ауысым кезекшiлiкке кiрiскен сәтке дейiн тоқтатылады.
214. Қадағалау жөнiндегi бақылаушылар төмендегiдей тәртiппен ауыстырылады:
1) кезекшiлiкке түсетiн ауысымның корпус бойынша аға қызметкерi қадағалау жөнiндегi бақылаушыларымен бiрге бұрынғы ауысымның корпус бойынша аға қызметкерiнiң қызмет бөлмесiне келiп, ауысымның келгенi туралы хабарлайды;
2) кiрiсетiн және бұрынғы ауысымның корпус бойынша екi аға қызметкерi кiрiсетiн ауысымның бақылаушыларын бекеттер бойынша бөледi және қабылдау-тапсыруға кiрiсудi бұйырады.
Бұл ретте, корпус бойынша аға қызметкер жаңа ауысымның әрбiр бақылаушысына бекет ведомосының бөлiнбеген бланкiсiн тапсырады.
215. Бақылаушылардың камера алдындағы бекеттi қабылдау-тапсырулары сотталғандарды қабылдаудан басталады. Қабылдау болып өткен қозғалыстарды (келу, кету) ескере отырып, соңғы тексеру мәлiметтерi бойынша жүргiзiледi.
Ауысымды тапсыратын және ауысымға кiрiсетiн бақылаушылар әр камера жөнiндегi нәтижелердi жеке өздерiнiң бекет ведомосiне көрсетедi. Барлық күзетiлетiн камераларды қабылдау аяқталған соң жаңа ауысымның камера алдындағы бекет бақылаушысы одан сотталғандарды қабылдауда ауысымды тапсырушы бақылаушының күзет ведомосiне қол қояды.
216. Қабылдау кезiнде бекет жабдықтарының: белгi беру және байланыс құралдарының, құлыптардың, тиектердiң және "көзшелердiң", өртке қарсы құралдардың жарамдылығына тексеру жүргiзiледi. Бұдан соң тапсырушы ауысымның бақылаушысы кiрiсетiн ауысымның бақылаушысына камералардың кiлттерiн (күндiзгi уақытта) тапсырады және бекет қабылданды деп есептелiнедi.
217. Егер бекеттi тапсырушы бақылаушының жекелеген сотталғандардың мiнез-құлықтарына қатысты ескертпелерi болса, ол бұл туралы күзетке жаңадан кiрiсушi бекет бақылаушысына хабарлауға мiндеттi. Ауысымды қабылдайтын бақылаушы бекеттегi құлыптардың, бекiткiш қондырғылардың, "көзшелердiң", белгi берулердiң ақаулары және басқа да кемшiлiктерi анықталған жағдайда бекеттiк ведомосқа жазады және өз ауысымының корпус бойынша аға қызметкерiне баяндайды.
218. Бақылаушылардың кезекшiлiктi қабылдау-тапсырулары аяқталғаннан кейiн ауысымды қабылдаушы және тапсырушы корпус бойынша аға қызметкерлерi сотталғандардың сандық тексеруiн жүргiзiп, қабылдау-тапсыру барысында анықталған мәселелердi шешедi.
Сотталғандарды сандық тексеру мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
1) корпус бойынша аға қызметкер камераның есiгiн ашады және барлықтарына бiр, екi немесе одан да көп сапқа тұруды ұсынады, камераға кiредi және сан бойынша тексередi. Сапқа тұру кезiнде саптың шетiнен камера есiгiне дейiн кемiнде 2 метр арақашықтық қалуы тиiс;
2) егер ауысым кезекшiлiкке түнде кiрiсетiн болса, онда аз орындық камераларда сотталғандарды санау есiк желдеткiшi арқылы жүргiзiледi, ал жалпы камералардағы қозғалысты (бекет бойынша ведомосiн) есепке ала отырып, соңғы тексеру деректерi бойынша жүргiзедi.
Камералардың есiктерiн 202-тармақта көрсетiлген барлық сақтандыру шараларын ескере отырып ашу қажет.
Корпустық бөлiмшелер бойынша сотталғандарды санау нәтижесi тексеру анықтамасына (52-қосымша) енгiзiледi.
219. Бұрынғы ауысымның бақылаушылары бекеттi тапсырғаннан кейiн бекет ведомосiн корпус бойынша аға қызметкерге тапсырады және өз ауысымының ТБКК немесе оның орынбасарының рұқсатымен кезекшiлiктен кетедi.
220. Бақылаушылардың бекеттi қабылдау-тапсырулары және сотталғандарды тексеру аяқталғаннан соң корпус бойынша аға қызметкерлердiң кезекшiлiктi қабылдау-тапсырулары төмендегiдей тәртiппен жүргiзiледi:
1) тапсырушы және қабылдаушы ауысымдардың корпус бойынша аға қызметкерлерi корпус бөлiмшелерi бойынша өткiзiлген сандық тексеру нәтижелерiн камералық картотекадағы деректермен салыстырады және корпустық бөлiмше бойынша кезекшiлiк кiтабына жазады;
2) егер уақытша болмаған сотталғандар болса, онда бұл туралы корпустық бөлiмше бойынша кезекшiлiк кiтабында көрсетiледi;
3) сотталғандарды дәрiгерге, басшылыққа және тағы басқа да шақыру (53-қосымша) жөнiндегi талаптарды бұрынғы ауысымның корпус бойынша аға қызметкерi кезекшiлiкке кiрiсетiн корпус бойынша аға қызметкерге тапсырады;
4) егер қабылдау-тапсыру кезiнде бекеттерде немесе корпустық бөлiмшелерде ақаулар анықталса бұл туралы да корпустық бөлiмше бойынша кезекшiлiк кiтабында көрсетiледi;
5) бұрынғы ауысымның корпус бойынша аға қызметкерi қызметке кiрiсетiн ауысымның корпус бойынша аға қызметкерiне корпустық бөлiмшеге немесе режiмдiк корпусқа кiретiн есiктiң кiлтiн және жабдықтарды тапсырады.
Корпус бойынша екi аға қызметкер де корпустық бөлiмше бойынша кезекшiлiк кiтабына қол қояды және осы сәттен бастап кезекшiлiк қабылданды деп есептелiнедi.
Кезекшiлiктi қабылдап-тапсырған соң корпус бойынша аға қызметкерлер сотталғандарды қабылдау-тапсыру туралы, корпустық бөлiмшелердегi сандық тексерулердiң нәтижелерi туралы тексеру анықтамасына қол қояды. Анықтамаға тапсырушы ауысымның бекет ведомосы қоса берiледi. Бұдан кейiн корпус бойынша екi аға қызметкер кезекшiлiктi қабылдау-тапсыру туралы және табылған ақаулар туралы өз ауысымының ТБКК баяндайды. Тексеру анықтамасын бекет ведомосiмен бiрге бұрынғы ауысымның корпус бойынша аға қызметкерi өз ауысымының ТБКК тапсырады.
Тексеру анықтамасы посты ведомосiмен бiрге тәулiк ведомосына тiркеледi.
221. Егер қабылдау және тапсыру сәтiнде камерадан шығарылған сотталғандар басқа үй-жайларда болған болса, онда оларды қабылдау және тапсыру корпустық бөлiмшелердегi сияқты бекет ведомосi бойынша жүргiзiледi.
222. Жаңа ауысымның ТБКК таратудан кезекшi бөлмеге келiп және кезекшiлiктi қабылдауға кiрiседi. Сотталғандардың сандық мәлiметi корпустық бөлiмшелер бойынша тексеру анықтамаларының негiзiнде сотталғандардың санын тексеру журналына жазылады және олардың жалпы есебi жүргiзiледi.
Егер санақ нәтижесiнде түрмедегi сотталғандардың сандық құрамы расталса, тапсырушы және қабылдаушы ауысымдардың ТБКК кезекшiлiктi қабылдау-тапсыру баянаттарының журналына қол қояды.
Деректерде алшақтық болған жағдайда бұл туралы түрме бастығына баяндалады және дереу қайталама санақ жүргiзiледi.
223. Ауысымға түсетiн ТБКК:
1) арнайы құралдар мен кiлттердi;
2) белгi беру және байланыс құралдарын;
3) Осы Нұсқаулықта көзделген құжаттарды;
4) арнайы кiлттердiң резервтiк қорын;
5) кезекшiлiк бөлмесiнiң жабдықтарын қабылдайды.
Қабылдау-тапсыру хаттамасы журналына қажеттi жазбаларды жазған соң екi ТБКК де оған қол қояды. Осы сәттен бастап түрме бойынша кезекшiлiк тапсырылды және қабылданды деп есептелiнедi.
224. Кезекшiлiктiң қабылданғаны және тапсырылғаны туралы тапсырушы және қабылдаушы ауысымның ТБКК түрме бастығына баяндайды. Бұл ретте, ТБКК кезекшiлiктi тапсырушы түрмедегi жағдай туралы, кезекшiлiктi қабылдаушы ауысымды қызметке бөлу және кезекшiлiктi қабылдау кезiнде анықталған кемшiлiктер туралы ТБКК-ге баяндайды.
225. ТБКК түрме бойынша кезекшiлiктi қабылдау-тапсыру журналын, ал корпус бойынша аға қызметкер корпустық бөлiмше бойынша кезекшiлiк журналын жүргiзедi. Бұл журналдар нөмiрленедi, тiгiледi, мөрмен мөрленедi, қолдары қойылады. Онда жазбалар хронологиялық тәртiппен орындалады.
6. Режiм бөлiмiнiң жеке құрамының қызмет өткеруiн
ұйымдастыру
226. Режiм бөлiмi бақылаушыларына басшылық жасау осы бөлiмнiң бастығына, ал бұл лауазым штатта көзделмеген мекемелерде режiм бөлiмiнiң аға маман - аға инспекторына жүктеледi.
Режiм бөлiмiнiң құрамына күндiзгi ауысымның бақылаушылары, ИТКҚ қызмет көрсету, белгi беру және байланыс жөнiндегi инспектор-инженер (техник) кiредi.
227. Режiм бөлiмi:
1) камераларды және сотталғандарды тiнтудi, техникалық қарауларды жүзеге асыруды;
2) тәртiп бұзушылықтардың алдын алуды, ұстау тәртiбiн бұзушыларды тексерудi;
3) сотталғандарды серуенге шығаруды, санитарлық өңдеуден өткiзудi, дәрiгер бөлмесiне, түрме әкiмшiлiгiне, туысқандарымен немесе өзге де адамдармен кездесуге, сондай-ақ шаруашылық жұмыстарға апаруды;
4) сәлемдемелердi, сәлем-саухаттарды қабылдауды және сотталғандар үшiн дүкеннен тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажет заттарды сатып алуды;
5) түрмеге кiруге арналған бiр жолғы және тұрақты рұқсат қағаздарын берудi;
6) арнайы құралдарды, сондай-ақ өткiр кескiш және басқа да аспаптарды есепке алуды, сақтауды;
7) тиiстi жабдықтарды және ИТКҚ, белгi беру және байланыс құралдарын пайдалануды;
8) режiм аумағын қар мен қоқыстан дер кезiнде тазалауды қамтамасыз етедi.
228. Режiм бөлiмiнiң қызметкерлерiн, соның iшiнде бақылаушыларды жұмыс учаскелерi бойынша орналастыруды, қызмет өткеру тәртiбiн, жұмыс күнiнiң басталуы мен аяқталуын, түскi үзiлiстiң уақыты мен ұзақтығын, әр топ пен жекелеген қызметкерлердiң өзара ауысуын түрме бастығы анықтайды. Бұл ретте, бiр топтың немесе бiр қызметкердiң екi-үш жұмыс учаскесiне қызмет көрсетуiне рұқсат берiледi. Егер қандай бiр жұмысты атқаруға екi және одан да көп қызметкер бөлiнсе, олардың бiреуi топтың аға қызметкерi болып тағайындалады.
229. Сотталғандарды серуенге шығаруды төмендегiдей әдiстердiң бiрiмен белгiленген кесте бойынша бақылаушылар тобы қамтамасыз етедi:
1) бақылаушылар сотталғандарды серуендеу ауласына шығарады, оларды қадағалайды және серуендеу аяқталған соң камераға керi әкеледi;
2) топтағы бақылаушылардың бiр бөлiгi немесе бiр бақылаушы серуендеп жүрген сотталғандарға үзiлiссiз бақылау жасайды, басқасы - оларды камерадан серуендеу ауласына шығарады және керi айдап әкеледi.
230. Серуендеу ауласында сотталғандардың мiнез-құлқын серуендеу ауласынан жоғарырақ орналасқан арнайы орындағы бақылаушы қадағалайды. Жекелеген жағдайларда бақылаушы серуендеу ауласының дәлiзiнде тұрып, есiктен қарайтын "көзше" арқылы қадағалайды.
231. Серуендеуге шығаруды жүзеге асырушы бақылаушылар:
1) режiм аумағы мен дәлiз бойынша қозғалу ережелерiн қамтамасыз етуге, сотталғандарды жүру жолында және серуендеу ауласында қадағалаусыз қалдырмауға;
2) әр камерадағы сотталғандарды әкеткен соң серуендеу ауласын тексеруге мiндеттi.
Серуендеу ауласынан табылған заттар немесе жазбалар баянат берiле отырып, жедел бөлiмге тапсырылады.
232. Санитарлық өңдеу жүргiзуге апару үшiн санитарлық өңдеу жүргiзу күнiне тағайындалған уақытша немесе тұрақты бақылаушылар құрамы бөлiнедi. Осы бақылаушылар тобы сотталғандарды камерадан санитарлық өткiзу пунктiне және керi қарай айдауылдауды, сондай-ақ санитарлық тазалау кезiнде оларды бақылауды қамтамасыз етедi.
233. Санитарлық тазалаудан өткiзуге апаруды жүзеге асырушы бақылаушылар медициналық бөлiм бастығының немесе кезекшi медициналық қызметкердiң нұсқауын орындайды.
Олар:
1) камерадан шығару тәртiбiн және дәлiзбен аумақта жүрiп-тұру ережесiн қамтамасыз етуге;
2) әр камерадағы сотталғандарды санитарлық тазалаудан өткiзу аяқталған соң санитарлық тазалаудан өткiзудi жүргiзетiн барлық үй-жайларда тексеру жүргiзуге мiндеттi. Тексеру кезiнде табылған қандай да бiр заттар немесе жазбалар баянат берiле отырып, жедел бөлiмге тапсырылады.
234. Камераларға техникалық қарау және камералар мен оларда ұсталушы адамдарға жоспарлы тiнту жүргiзуi үшiн режiм бөлiмi құрамынан неғұрлым тәжiрибелi бақылаушылар бөлiнедi.
Әрбiр камераны техникалық қарау күн сайын онда сотталғандар жоқ кезде жүргiзiледi, ол үшiн оларды серуендеуге, санитарлық тазалаудан өткiзуге, жұмысқа алып кеткен уақыт пайдаланылады.
Қарау жүргiзу кезiнде терезе торлар, жалюздер, қабырғалар, едендер, төбелер мұқият тексерiледi, сондай-ақ кереуеттер, үстелдер, орындықтар, қол жуғыштардың бекiткiштерi, санитарлық-техникалық және су жүретiн құбырлар тексерiледi. Қашуға дайындықты көрсететiн белгiлер: төсектердiң астында, унитаздарда топырақ, кiрпiш, құрылыс қалдықтарының болуы, төсектерде немесе торларда жекелеген бөлшектердiң жоқ болуы, өрiлген жгуттер және т.б. болуы анықталады.
Бақылау техникалық қарау жүргiзу үшiн бұл қызметкерлерге кезекшi ауысымның резервтiк тобынан бақылаушылар бөлiнуi мүмкiн.
235. Камералардан тыйым салынған заттарды табу мақсатында күндiзгi уақытта және сотталғандардың камераларына кесте бойынша жоспарлы тiнтулер жүргiзiледi. Әрбiр камера және онда ұсталушылар тiнтуден өткiзiледi, ал қажет болған жағдайда кестеден тыс тiнту жүргiзiледi.
Камерада ақаулар мен зақым келген жерлер табылған кезде режiм бөлiмнiң бастығы және ТБКК оларды дереу жою шараларын қабылдайды, ол туралы кезекшiлiктi қабылдау-тапсыру журналына жазба жазылады.
236. Тұрғын аймақтағы қадағалау Нұсқаулық талаптарына сәйкес:
1) жұмыс объектiсi жанында (шеберханада немесе шеберхананың кiреберiсiнде, режiм ауласында және т.б.) бiр орында жұмыс iстейтiн сотталғандардың үлкен тобы болған кезде жылжымайтын бақылаушылар бекетi қойылған;
2) сотталғандардың тәртiп бұзғаны және күдiктi әрекеттерi туралы режiм бөлiмiнiң бастығына баяндаған;
3) жұмыс аяқталған соң оларды камераға кiргiзу алдында аты-жөнiн атап тексеру және сотталғандарға тiнту жүргiзiлген жағдайларды қоспағанда, жүзеге асырылады.
237. Түрме аумағында сатылар, балталар, жәшiктер, жiптер, тақтайлар, сондай-ақ басқа заттар мен құрылыс материалдарын қалдыруға тыйым салынады. Жұмыс уақытынан тыс кезде олар жабылатын үй-жайларда сақталуы тиiс.
7. Техникалық күзет, белгi беру және байланыс құралдарын
қолдану
238. Торды аралау, бүлдiру, есiктi ашуға немесе сындыруға ұмтылыс туралы белгiлердi алу мақсатында режiм корпустарының терезелерiндегi темiр торлар, сотталғандар ұсталатын камералардың есiктерi белгi беру жүйесiмен қоршалады.
239. Iшкi бекеттерге, жер астындағы және жер үстiндегi жолдарға, сотталғандар келуi мүмкiн режiм және әкiмшiлiк корпустарының қызмет бөлмелерiне дабыл белгiсiн беру үшiн хабарлағыштар орнатылады. Режiм корпустарының дәлiздерi мен өту жолдарында хабарлағыштардың ара қашықтығы 20 метрден аспауы тиiс. Дабыл белгiсiн қабылдау үшiн ТБКК немесе оператордың бөлмесiне қажеттi көлемде қабылдағыш қондырғы орнатылады, ал бекеттер және қызметтермен тiкелей телефон байланысы үшiн коммутатор орнатылады.
240. ТБКК бөлмесiмен тiкелей телефон байланысының аппараты барлық бекеттерде, сондай-ақ корпус бойынша аға қызметкердiң, медициналық және жедел қызметкерлердiң кабинеттерiнде, түрме басшылығының ықтияры бойынша басқа да жерлерге орнатылады.
Iшкi жедел телефон байланысының коммутаторы (станция немесе пульт) қалалық телефон жүйесiне шықпауы керек.
241. Режiм корпусына, камераларға, аурухана палаталарына және режiм аймағында орналасқан, сотталғандар ұсталатын немесе бара алатын басқа да үй-жайлар (азық-түлiк блогы, санитарлық тазалықтан өткiзгiш, шеберханалар және т.б.) арнайы (түрмеге арналған) құлыптармен жабдықталады. Құлыптар үнемi екi бұралып жабылуы керек.
242. Арнайы құлыптардың кiлтiн пайдаланатын түрменiң қызметкерлерiне оларды қараусыз қалдыруға, сондай-ақ сотталғандарға беруге тыйым салынады.
243. Түрмедегi барлық арнайы кiлттер режiм бөлiмiнде есепте тұруы және арнайы кiлттердi есепке алу ведомосында (54-қосымша) тiркелуi тиiс. Кезекшi ауысымға берiлген кiлттер, бұдан басқа, арнайы кiлттердi есепке алу журналына жазылады.
Ведомость бойынша және есепке алу журналы бойынша қанша кiлт бар, кiмге және қанша кiлт жеке пайдалануға берiлгенi көрсетiлуi тиiс.
Резервтегi арнайы кiлттер күзет қаруы сияқты тәртiп бойынша сақталады және ауысымға тапсырылады.
244. Режiмдiк корпустардың, дәлiздердiң және режiм аймақтарында орналасқан басқа да үй-жайлардың есiктерiнiң екi жағына да құлып салынуы керек, олардың кiлттерi бiр типтi, бiрақ камераға салынатын құлыптың кiлтiнен өзгеше болуы тиiс.
Камералардың есiктерiне салынатын құлыптар бекет шегiнде бiр типтi болуы керек. Барлық жағдайда да бұл құлыптардың кiлттерi режiм аймағындағы үй-жайлардың есiктерiне орнатылған құлыптарға сәйкес келмеуi қажет.
245. Қадағалау жөнiндегi бақылаушы бекетiнен дабыл белгiсi түскен кезде бақылаушы-оператор дереу ТБКК баяндайды, бақылаушылардың резервтегi тобы үшiн дабыл белгiсiн бередi, дабыл туралы корпустық бөлiмше бойынша аға қызметкерге және дабыл белгiсi түскен жерге жақын орналасқан бекеттiң бақылаушыларына хабарлайды. Белгi беру себептерiн нақтылау және анықтау үшiн дабыл белгiсiн берген бекетке телефон шалуға тыйым салынады.
246. Топтық және жаппай бұзушылықтар, бағынбаушылықтар, топтасып қашулар, қызметкерлерге шабуыл жасау, кепiлге алуды жолын кесу және тарату мақсатында, өрт болған жағдайларда әр түрмеде төтенше оқиғалар кезiнде жеке құрамның iс-әрекет жоспары әзiрленедi. Жоспарда бұл iс-шараларға iшкi iстер департаменттерiнiң, iшкi әскер бөлiмдерi мен бөлiмшелерiнiң, аумақтық ҚАЖКБ күштерi мен құралдарының өзара iс-қимылының шарттары мен тәртiбi көзделедi.
Жоспарға түрме бастығы қол қояды және оны аумақтық ҚАЖКБ бастығы бекiтедi.
Жоспардың даналары түрме бастығында және ТБКК-де сақталады.".
2. Осы бұйрыққа 1-8-қосымшаларға сәйкес 45-52-қосымшалармен толықтырылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң төрағасына жүктелсiн.
4. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрi
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Бас прокурорының
бірінші орынбасары
2-дәрежелі мемлекеттік
әділет кеңесшісі
2006 жылғы 19 маусым
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2006 жылғы 21 маусымдағы
N 182 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің түзеу
мекемелерінде ұсталатын
адамдарға қадағалауды
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа 45-қосымша
Бекітемін
Мекеме бастығы
200 ж. "___"______
__________________
__________________
N ____________ ___________ мекемесінің қадағалау бекеттеріне
табель
Бекет нөмірі |
Бекет сипаты |
Бекет қайда орналасқан |
Қадағалауда не |
Бекеттің жабдықталуы |
Ерекше белгілер |
Мекеме бастығының орынбасары ___________________________________
(атағы, аты-жөні, қолы)
200 ж. "______"______________
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2006 жылғы 21 маусымдағы
N 182 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің түзеу
мекемелерінде ұсталатын
адамдарға қадағалауды
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа 46-қосымша
Бекітемін
Мекеме бастығы
200 ж. "___"______
__________________
__________________
N ____________ ___________ мекемесінің қадағалау бекеттеріне
табель
Бөлімше номері |
Орналасу орны |
Бөлімше құрамына кіретін бекеттер |
Камералар саны |
Ескерту |
||
жалпы |
аз орындық |
АИ ЖК |
||||
1. |
1-корпустың 1-қабаты |
№ 1 бекет, N 2 бекет, N 3 бекет |
3 |
4 |
5 |
|
2. |
1-корпустың 1-қабаты |
|||||
3. |
||||||
4. |
Мекеме бастығының орынбасары ___________________________________
(атағы, аты-жөні, қолы)
200 ж. "______"______________
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2006 жылғы 21 маусымдағы
N 182 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің түзеу
мекемелерінде ұсталатын
адамдарға қадағалауды
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа 47-қосымша
Арнайы кілттерді есепке алу кітабы
N р.н. |
Режімдік корпустың N, қай қабат немесе дәліз |
Камералар NN |
Кілттердің атауы |
Кілттер даналарының саны |
Кімге, кашан және канша кілт данасы |
Белгілер |
Ескерту: Кітап кезекші бөлімде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2006 жылғы 21 маусымдағы
N 182 бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің түзеу
мекемелерінде ұсталатын
адамдарға қадағалауды
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа 48-қосымша
Сотталғандардың ауысу тізімі
N _______________ корпус бойынша аға қызметкер _____________________
Төменде көрсетілген адамдарды ауыстырыңыз:
№ р/н |
Аты-жөні |
камерасынан |
№камерасына |
Ескерту |
Ауыстыру туралы нұсқау
берген адам _________________________________________
(атағы, аты-жөні, қолы)
200_____ ж. "_______________"
Тізімде көрсетілген адамдарды ауыстырдым
________________________________________
(атағы, аты-жөні, қолы)
200_____ ж. "_______________"
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2006 жылғы 21 маусымдағы
N 182 бұйрығына
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің түзеу
мекемелерінде ұсталатын
адамдарға қадағалауды
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа 49-қосымша
Камералық кәртішке
N ____ жеке іс
N________ оқшаулау тізімі Бұрын бас бостандығынан айыру
орнында жазасын өтеді ме
1. Тегі _________________ (ия, жоқ) ___________________
2. Аты __________________
Әкесінің аты ____________
3. Туған жылы____________
4. ҚР ҚК ________ баптары
бойынша сотталған
(Ауыстырылуы туралы мәліметтер)
Камера N |
Күні |
Қолы |
5. _____________ баптар бойынша
бұрын ___________ рет сотталған
6. Түзеу мекемесіне келген күні
_______________________________
7. 200__ ж. "_____" ___________мерзімге сотталған
8. Сот белгілеген түзеу мекемесінің түрі
____________________________________________________________________
9. Қабылдау кезінде жеке тінту жүргізген
____________________________________________________________________
(Тінту жүргізген қызметкердің аты-жөні)
____________________________________________________________________
(қолы)
N__________ камераға орнарастырылсын
____________________________________________________________________
(нұсқау берген адамның атағы, аты-жөні, қолы)
Сақтауға тапсырылған заттарына (кұндылықтарына)
N __________ түбіртек берілді
Қашан және қайда кетті _____________________________________________
Сотталғанның келген кезде өзінде болған және камерада сақтауға
рұқсат етілген сәлем-саухаттар мен сәлемдемелер арқылы алынған өз
заттарының тізбесі
Атауы |
Сипаттамасы |
Туыстарының сәлем-саухаттарынан алынған заттар |
Жеке тінту жүргізген (қолы, күні) |
1. Пальто |
(күні) |
||
2. Пиджак |
(күні) |
||
3. Етік |
(күні) |
200 ж. "____" _______________
Көрсетілген заттардан басқа заттар менде жоқ _______________________
(сотталғанның қолы)
Мекемеге тиесілі, сотталғанға пайдалануға берілген заттардың тізбесі
Реттік № |
Бұйымдардың атауы |
Саны |
Берілген күні |
Сотталған |
Корпус бойынша аға қызметкер |
1. |
Матрас |
||||
2. |
Жастық |
||||
3. |
Көрпе |
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2006 жылғы 21 маусымдағы
N 182 бұйрығына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің түзеу
мекемелерінде ұсталатын
адамдарға қадағалауды
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа 50-қосымша
____________________________ қ-сы _______________________________
N ________________ камерасы жанындағы N _____ қадағалау бекетінің
БЕКЕТ ВЕДОМОСЫ (беткі жағы)
Қадағалау жөніндегі бақылаушы ______________________________________
(аты, аты-жөні)
200__ ж. ___________ "____" сағат "____" минутта кезекшілікке түсті.
Бекеттің тексерілуі
Тексеру уақыты (сағ.мин.) |
Тексерушінің лауазымы мен аты-жөні |
Ескертпелер |
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(сыртқы жағы)
Сотталғандардың қозғалысы
камерадан |
Сотталғандардың саны |
|||
Қабылданды |
Келді |
Кетті |
Тапсырылды |
|
Барлығы _________________
Бекет тапсырылды, бақылаушы ________________________________________
(атағы, аты-жөні, қолы)
Бекет кабылданды, бақылаушы ________________________________________
(атағы, аты-жөні, колы)
200 __ж._____________"___" сағат "___" минут.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2006 жылғы 21 маусымдағы
N 182 бұйрығына
7-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің түзеу
мекемелерінде ұсталатын
адамдарға қадағалауды
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа 51-қосымша
N____ анықтамалық кәртішке
1. Тегі ____________________________________________________________
2. Аты, әкесінің аты _______________________________________________
3. Туған жылы __________ 4. N _______________ камераға орналастырылды N ________ корпус 200___ ж. "___"_______________
Түрме бастығының кезекші көмекшісі
____________________________________________________________________
(атағы, аты-жөні, қолы)
Ауыстырылуы, кетуі туралы белгілер
а) __________________________________________ мекемесіне ауыстырылуы
Күні _______________________________________________________________
камера N ___________________________________________________________
корпус N ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
б) Кетуі
200 __ ж. "____" _________________ түрмеден кетті
200 __ ж. ___________ "____" "____".
Жазу жазған қызметкердің аты-жөні мен қолы: ________________________
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2006 жылғы 21 маусымдағы
N 182 бұйрығына
8-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің түзеу
мекемелерінде ұсталатын
адамдарға қадағалауды
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа 52-қосымша
Тексеру анықтамасы
N _______ корпустық бөлімше (беткі жағы)
200___ж. "_____________"
Камераның N № |
Адам саны |
Ескерту |
Камераның N |
Адам саны |
Ескерту |
Камераның N № |
Адам саны |
Жиыны:
(сыртқы жағы)
Сотталғандардың құрамы туралы анықтама
Жалпы санынан ________________________________________ адам корпуста
a) еркектер __________________________________________ адам
б) науқастар _________________________________________ адам
в) бір адамдық камерада ______________________________ адам
г) АИ ________________________________________________ адам
тамақтандыру _________________________________________ адам
е) аштық жариялаушылар _______________________________ адам
ж) ерекше бақылаудағылар _____________________________ адам
з) қауіпті қайталама қылмыс жасап сотталғандар _______ адам
Тапсырылды: Қабылданды:
корпус бөлімшесінің аға корпус бөлімшесінің аға
қызметкері қызметкері
________________________ _____________________________
(атағы, аты-жөні, қолы) (атағы, аты-жөні, қолы)