"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 20 маусымдағы N 486 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 12 қыркүйектегі N 444 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 4406. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 16 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 12.01.2016 № 16 бұйрығымен.

     Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асыру кезіндегі әкімшілік практика, Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мәселелерінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жол полициясының құқық қолдану қызметін одан әрі жетілдіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жағдай туғызатын нормаларды болдырмау, ішкі істер органдарының бөлімшелерінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы бірыңғай қолдану мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 20 маусымдағы N 486  бұйрығына   (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1639 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған, 2001 жыл N 33, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2093 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы  N 777 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2153 болып тіркелген 2003 жылғы 28 қаңтардағы  N 43 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2536 болып тіркелген 2003 жылғы 29 қыркүйектегі  N 536 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3378 болып тіркелген  2005 жылғы 5 қаңтардағы  N 1 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3556 болып тіркелген 2005 жылғы 9 наурыздағы  N 151 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3884 болып тіркелген 2005 жылғы 2 тамыздағы  N 463 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4217 болып тіркелген 2006 жылғы 5 сәуірдегі  N 155 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер  енгізілсін:

      4-тармақтағы "Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры А.Ж.Шпекбаевқа" деген сөздер "жетекшілік ететін Ішкі істер вице-министріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі нұсқаулықта: 
      70-1-тармақ алынып тасталсын;

      70-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "70-2. Кодекстің  618-бабын қолданған кезде алынған жүргізуші куәлігінің орнына жүргізушіге нұсқаулықтың 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша куәлік беріледі. Мұндай жағдайда Кодекстің  628-бабының талаптары сақталуы керек.";

      125-тармақтағы "сотқа жіберу үшін" және "120-тармақта көрсетілген адамдардың" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер  департаменттерінің бастықтары жол полициясы бөлімшелерінің жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.

      3. Жол полициясы комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін Ішкі істер вице-министріне және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің төрағасына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

       Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады