Концессионерді мемлекеттік қолдау құнын бағалау әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 15 қарашадағы N 443 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 21 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4462 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 29 тамыздағы N 442 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2008.08.29. N 442 Бұйрығымен.

      ----------------------Бұйрықтан үзінді--------------------

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне концессия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылданулары қажет Нормативтік құқықтық актілер тізбесінің 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 15 қарашадағы N 443 "Концессионерді мемлекеттік қолдау құнын бағалау әдістемесін бекіту туралы" бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. ...
      3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап өз күшіне енеді.

      Министірдің
      міндетін артқарушы                              Д.Ерғожин

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрі
      _____________Б.Сұлтанов
      2008 жыл

      "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Концессионерді мемлекеттік қолдау құнын бағалау әдістемесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Үкіметтік қарыздарды тарту департаменті (Р.Ғ.Байнақов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрі

      15 қараша 2006 жыл

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрінің      
2006 жылғы 15 қарашадағы  
N 443 бұйрығымен бекітілген

Концессионерді мемлекеттік қолдау құнын
бағалау әдістемесі

1. Негізгі ережелер

      1. Концессионерді мемлекеттік қолдау құнын бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167 Заңының 14-бабының 3-тармағына сәйкес және "Концессиялар туралы және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне концессия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімін орындау үшін орындалды.

      2. Әдістеме концессия шартының қолданылу кезеңінде концессия құру пайдасын қамтамасыз етуге және (немесе) оның объектісін пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайлар құру мақсатында концессионерді мемлекеттік қолдау түрлерінің құнын бағалау үшін пайдаланылады.

      3. Концессияның белгілі бір объектісіне концессионерді мемлекеттік қолдау құнын бағалау мемлекеттік қолдаудың сол немесе өзге түрін мемлекет бергенге дейін жүзеге асырылады.

2. Негізгі ұғымдар мен айқындамалар

      4. Егер өзгелей Қазақстан Республикасының заңнамасында айтылмаса, осы Әдістеменің мақсаты үшін мынадай ұғымдар мен айқындамалар пайдаланылады:
      ерекше құқықтар - концессия объектісін пайдалануға байланысты және концессия шартының қолданылу кезеңінде концессия объектісін пайдалануға және (немесе) концессия шартының қолданылу кезеңінде концессия пайдалану пайдасының тұрақты деңгейін қамтамасыз етуге байланысты концессионердің кірісін арттыру және (немесе) шығыстарын азайту мақсатында концессионерге мемлекеттік органдар беретін құқықтар;
      ерекше құқықтардың құны - концессия шартының қолданылу кезеңінде концессионердің ерекше құқықтарды пайдалану нәтижесінде алынған тікелей немесе жанама кірістердің сомасы;
      уәкілетті орган - концессия объектілері бойынша концессия шартын жасасуға концессиялар туралы заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар.

3. Концессионерді мемлекеттік қолдау түрлері

      5. Осы Әдістеме концессионерді мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлерін бағалау кезінде пайдаланылады:
      1) концессия шарттары шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерліктері;
      2) концессиялық жобаларды қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер;
      3) концессия объектісін пайдалануға байланысты ерекше құқықтардың берілуі;
      4) концессия шартын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай гранттар беру.

4. Концессия шарттары шеңберінде инфрақұрылымдық
облигациялар бойынша мемлекет кепілгерліктерінің құнын
бағалау

      6. Мемлекет кепілгерлігін беру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен анықталады.

      7. Концессияға беруге ұсынылған объектілер тізбесіндегі мемлекет кепілгерлігі бойынша инвестициялық жобаларды экономикалық сараптауды экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      8. Егер кепілгерлік шартының талаптарында көзделмесе, концессиялық жобаларды қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекет кепілгерлігінің құнын бағалау көрсетілген кепілгерліктегі сома шегінде қарыз беруші алдындағы мемлекет міндеттемесін қамтиды.

      9. Мемлекеттік кепілдіктің құнын бағалауды экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындылары болған кезде уәкілетті орган жүзеге асырады.

5. Концессиялық жобаларды қаржыландыру үшін
тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер

      10. Мемлекеттік кепілдіктер беру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен анықталады.

      11. Концессияға беруге ұсынылған объектілер тізбесіндегі мемлекеттік кепілдіктер бойынша инвестициялық жобаларды экономикалық сараптауды экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      12. Егер кепілдік шартымен не мемлекеттік кепілдіктер берудің өзге нысанымен көзделмесе, концессиялық жобаларды қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктердің құнын бағалау негізгі борыш, сыйақы (мүдде) сомасын қамтиды.

      13. Мемлекеттік кепілдіктің құнын бағалауды экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындылары болған кезде уәкілетті орган жүзеге асырады.

6. Концессия объектісін пайдалануға байланысты
берілетін ерекше құқықтардың құнын бағалау

      14. Ерекше құқықтардың құнын бағалау ерекше құқықтарды пайдаланудан туындаған, оның ішінде салық төлемдері және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден үнем салдарынан алынған концессия шартының кезеңінде концессионердің қосымша кірісінің болжамдалған сомасының негізінде жүзеге асырылады.

      15. Концессионердің қосымша кірісінің болжамдалған сомасының есептемесін концессия шартын жасасу кезінде уәкілетті орган жасайды және ол экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.

7. Концессия шартын іске асыру мақсатында
берілетін заттай гранттарды бағалау

      16. Заттай гранттарды бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен олардың нарықтың құны бойынша жүзеге асырылады.

8. Концессионерді мемлекеттік қолдау құнын бағалау

      17. Концессионерді мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын бағалау мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      О = П + Г + Гр + Пр, мұнда

      О - концессионерді мемлекеттік қолдау құны;
      П - мемлекет кепілгерлігі бойынша қабылданған міндеттемелердің көлемі;
      Г - мемлекеттік кепілдіктер бойынша қабылданған міндеттемелердің көлемі;
      Гр - заттай гранттың құны;
      Пр - ерекше құқықтардың құны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады