"Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 наурыздағы N 113-І бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N 319 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 24 қаңтардағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4524 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011.08.06 № 496 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастырудың одан әрі жетілдірілуін қамтамасыз ету мақсатында   БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 10  наурыздағы N 113-І  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2809 нөмірмен тіркелген) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесінде:

      7-тармақ "және бекітілген қозғалыс кестесімен" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тарау 4-параграф тақырыбындағы ", зерттеу" деген сөз алынып тасталсын;

      41-50-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "41. Жолаушылардың және багаждың тұрақты тасымалдары, егер:
      1) автомобиль жолдарының өткізу қабілеті нақты маршруттар бойынша автобустардың тұрақты қозғалысын жүзеге асыруға мүмкіндік берсе;
      2) автомобиль жолдарының жай-күйі және оларды жайластыру жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келсе ұйымдастырылуы мүмкін.

      42. Жолаушылардың және багаждың автомобиль көлігімен тұрақты тасымалдарының маршруттық желісін қалыптастырған кезде, жергілікті атқарушы органдар кенттермен, ауылдармен (селолармен) аудан орталықтары арасындағы және аудан орталықтарымен облыс орталықтары және облыстық маңызы бар өзге де жақын қалалар арасындағы байланыс басымдылығын басшылыққа алады.

      43. Жолаушылардың және багаждың автомобиль көлігімен тұрақты тасымалдарының маршруттық желісін қалыптастырған кезде, мынадай қағидаттардың орындалуы қамтамасыз етіледі:
      әрбір маршрут бойынша халықтың тасымалдауға мұқтаждығын қанағаттандыру;
      белгіленген нормалар бойынша автобус сыйымдылығын тиімді пайдалану;
      жүру жолындағы жолаушыларға қажетті жағдайларды жасау;
      жолдардың өткізу қабілетін, аялдама пункттерін және инфрақұрылымның басқа да объектілерін сақтау;
      нормативтерді және автобустарды пайдалану ережесін, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтау;
      жолаушылардың жол жүруге жұмсайтын уақытын төмендету;
      барлық түйіндес маршруттар бойынша автобустар қозғалысының мерзімділігі;
      "Жүргізушілердің еңбегі мен демалысын ұйымдастыру ережесін, автокөлік құралдарын еңбек және демалыс режимін тіркеудің бақылау құрылғыларымен (тахографтармен) жарақтандыру бойынша талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 19 қаңтарда N 16-1 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2708 нөмірмен тіркелді) жүргізушілердің  еңбек режимін және шарттарын сақтау.

      44. Жолаушылардың және багаждың қалааралық облысішілік, қала маңындағы және елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын тұрақты автомобиль тасымалдарының маршруттарын ашу мүмкіндігін қарау кезінде, олар бойынша қозғалыстар кестелерін осы Ереженің 40-тармағында көрсетілген тиісті органдар облыстың жергілікті атқарушы органдарына келісу үшін жіберіледі.
      Қалааралық облысаралық қатынастағы жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарының маршруттары бойынша қозғалыс кестелерін келісу тәртібі, осы Ереженің 7-тарауының 2-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.

      45. Облыстың жергілікті атқарушы органдары (республикалық маңызы бар қалалар, астана) олар бойынша қозғалыс кестесін келісуден мынадай жағдайларда бас тартуы мүмкін:
      облыс аумағы бойынша маршруттар қосарланған кездегі қолданылып жүрген маршруттардың қозғалыс кестесі бойынша айырмашылығы уақыт бойынша:
      150 км дейінгі қосарлану ұзақтығында 1 сағаттан кем;
      350 км дейінгі қосарлану ұзақтығында 2 сағаттан кем;
      500 км дейінгі қосарлану ұзақтығында 3 сағаттан кем;
      500 км артық қосарлану ұзақтығында 4 сағаттан кем;
      елді мекендер арасындағы қашықтықтардың сәйкессіздігі қозғалыс кестесі бойынша 0,3 км артық болса.

      46. Облыстық жергілікті атқарушы органдар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) жолаушылар лектерін талдау, тұрмыстық және қызметтік жол жүруге байланысты тұрғындардың көліктік қол жетімділігін қамтамасыз ету қажеттігі негізінде, осы Ереженің 44-тармағында белгіленген нормативтерден кем уақытша аралық болған кезде жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдары маршруттарының қозғалыс кестесімен келісе алады.

      47. Жаңа маршруттарды ашу кезінде келісу жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарының мынадай иерархиясына сәйкес жүзеге асырылады:
      қалааралық облысаралық;
      қалааралық облысішілік;
      қала маңындағы және елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын.

      48. Облыстың жергілікті атқарушы органдарымен жолаушылардың және багаждың қалааралық облысішілік, қала маңындағы және елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын тұрақты автомобиль тасымалдарының маршруттары бойынша қозғалыс кестесі оң келісілген кезде маршрут бойынша деректер осы Ереженің 49-тармағына сәйкес тиісті тізілімге кіргізіледі.

      49.   Жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарының маршруттарын ұйымдастыру мен есепке алуды жоспарлау мақсатында:
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) - жолаушылардың және багаждың халықаралық, қалааралық облысаралық және елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды (селоларды) бір облыстан тыс аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын тұрақты автомобиль тасымалдары маршруттарының;
      облыстың жергілікті атқарушы органдары - жолаушылардың және багаждың қалааралық облысішілік, қала маңындағы және елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды (селоларды) облыстың шегіндегі аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын тұрақты автомобиль тасымалдары маршруттарының;
      қаланың жергілікті атқарушы органдары - жолаушылардың және багаждың қалалық тұрақты автомобиль тасымалдары маршруттарының тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.

      50. Тізілімдер маршруттардың мынадай негізгі сипаттамаларын:
      жүрудің бастапқы және соңғы пункттері бойынша маршруттардың нөмірін және атауын;
      тікелей және кері қайту бағыттарындағы маршруттағы пункттер бойының санын және атауын;
      тікелей және кері қайту бағыттарындағы маршрут ұзақтығын;
      тікелей және кері қайту бағыттарындағы маршруттағы қозғалыс жылдамдығының орташа пайдаланымдығын;
      маршрутқа қызмет көрсету кезеңдері: жыл бойы, қосымша (белгілі бір күндерде немесе тәуліктің кезеңдерінде қолданылатын (қалалық маршруттарда демалыс, мерекелік күндер немесе "қауырт" сағаттар), маусымдық (алдын ала белгіленген уақыт аралығы ішінде қолданылатын (саяжай кезеңінде, демалыс аймақтары, жолаушылар легі жоғарылаған кезеңде жұмыс істеген кезде);
      маршруттар бойынша қозғалыс кестесін;
      жолаушылар легі және жолаушылар айналымын;
      жолаушыларға және жалпы отыруға арналған орындар бойынша автобустардың маршруттағы автобустардың, шағын автобустардың класын және паспорттық сыйымдылығын (жинақтау алаңшасының сыйымдылығын ескере отырып);
      маршрутта қызмет көрсету үшін резервтік жылжымалы құрамды ескере отырып автобустардың, шағын автобустардың саны қажет;
      тасымалдаушы жөніндегі ақпарат (атауы, мекен-жайы, тегі, аты, әкесінің аты, тасымалдауды ұйымдастырудағы жауапты тұлғаның және бастықтың телефондарын) және оған берілген рұқсат құжаттарының қолдану кезеңін белгілейді";

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "65. Автовокзалдар мен автостанциялар облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) автовокзалдары мен автостанцияларын тізіліміне кіргізуі негізінде жұмыс істейді.
      Автовокзалдар мен автостанциялар осы Ереженің 67-тармағының талаптарына сәйкес келген кезде Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) автовокзалдары мен автостанциялары тізілімге кіргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 65-1-тармақпен толықтырылсын:
      "65-1. Автовокзалдар мен автостанциялардың жұмыс режимі жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылармен шарт қатынасын ескере отырып, облыстық жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) анықталады.";

      66-тармақ 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары белгілейтін нысан бойынша жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың қызмет көрсету тәртібі және қозғалыс кестелерін (графиктерін) бұзулары және осы Ереженің қағидаттарын басқа да бұзушылықтары туралы ай сайын келесі айдың 5 күнінен кешіктірмей хабардар ету";

      88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "88. Автобусқа кешіккен кезде жол жүру құжаттары (билеттері) 3 күннен кешіктірмей қайтарылуы мүмкін, бұл ретте билет құнының 50%-ына тең сома өтеледі";

      143-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Комиссияның құрамы мен төрағасы Қала (аудан, облыс) әкімінің өкімімен белгіленеді";

      144-1-тармағы мынадай мазмұнмен толықтырылсын:
      "144-1. Комиссия құрамында конкурстық ұсыныстарды бағалау құқығынсыз Комиссия жұмысын ұйымдастыру қызметі жүктелетін Комиссия хатшысы көзделуі керек";

      146-тармақ мынадай абзацпен толықтырылсын:
      "Бұл ретте жасалған лоттарды келісу жөнінде шешім қабылдауды, мәжіліс хаттамасында шешімді бекітумен, Комиссиямен жүзеге асырылады";

      148-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) болжанатын жылжымалы құрамының (автобустардың, шағын автобустардың маркасы мен саны, меншіктің түрі, пайдаланымдық мерзімі, паспорттық сыйымдылығы);
      2) жолаушы тасымалдау саласындағы тасымалдаушының жұмыс тәжірибесінің;
      3) жылжымалы құрамды сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған өндірістік-техникалық базаның (меншікті, жалға алынған немесе қызмет көрсету шарт бойынша) болуы";

      149-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Фактілер табылған жағдайда конкурстық ұсыныстарда жылжымалы құрам мен жүргізуші персоналын бір маршруттан артық, осы маршрут кіретін лот бойынша Конкурс аяқталғанға дейін кештеу тапсырылған конкурстық ұсыныстар жарамсыз болып есептелінеді";

      151-тармақта "30" деген сөзден кейін "жұмыс" деген сөзбен толықтырылсын;

      152-тармақ:
      "5" деген сөзден кейін "жұмыс" деген сөзбен толықтырылсын;
      "берілген" деген сөзді "жарияланған" деген сөзбен ауыстырылсын;

      153-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "153. Комиссия төрағасы Конкурсқа қатысушылар ұсынған мәліметтердің растығын сол жерге шығып тексеруді ұйымдастыру үшін (бұдан әрі - Тексеру) Комиссия құрамына кірмейтін жергілікті атқарушы органдардың, көліктік бақылау органдардың және жол полициялардың өкілдерінен конкурс алдындағы комиссия құрады.
      Комиссия төрағасының болмауына байланысты (іссапар, науқастық және т.б.) конкурс алдындағы комиссия құрамы туралы шешім қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, Комиссия конкурс алдындағы комиссия құрамын алқалы түрде анықтай алады";

      155-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "155. Осы ереженің 147-тармағының 1), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, конкурсқа қатысушылар үшін дайындалған конкурстық құжаттаманың жиынтығы жергілікті атқарушы органның мөрімен расталуы тиіс";

      156-тармақта "бес" деген сөзден кейін "жұмыс" деген сөзбен толықтырылсын;

      157-тармақта 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) Конкурс кезеңінің алдындағы жарты жыл үшін тасымалдауға ұсынылған барлық жылжымалы құрамға техникалық паспорттардың және мемлекеттік техникалық тексеруден өткені туралы куәліктің көшірмесін";

      158-тармақтағы "Жергілікті атқарушы органдар" деген сөздер "Комиссияның хатшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      160-тармақ "конкурс алдындағы комиссия" деген сөздерден кейін "немесе Комиссия хатшысы" деген сөздермен толықтырылсын;

      161-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Уақытты оңтайландыру және Анықтамаға қол қою үшін конкурстық ұсыныстарда ұсынылған мәліметтердің дәйектілігі туралы пікірлер қалыптастыру мақсатында объектілер және тексеру түрлері бойынша конкурс алдындағы комиссия мүшелерін бөлуге жол беріледі";

      мынадай мазмұндағы 162-1-тармақпен толықтырылсын:
      "162-1. Конкурстық ұсынымдарда көрсетілген автобустардың, шағын автобустардың (резервтік жылжымалы құрамды ескере отырып) класы, жолаушылар сыйымдылығы және саны осы ереженің талаптарын және маршруттардың негізгі сипаттамаларын қанағаттандырмаған жағдайда, сондай-ақ Конкурсты өткізу туралы хабарландыруға сәйкес келетін конкурсты ұйымдастырушылармен қосымша талаптарды орындау конкурстық ұсынымдарда көрсетілмеген жағдайда өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттар Комиссия қарауына қабылданбайды";

      168-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "168. Конкурсты ұйымдастырушы Конкурс өткізілген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде өздері ұсынған конкурстық ұсыныстарды бағалау нәтижелерін барлық қатысушыларға жазбаша жібереді";

      170-тармақтағы "30" деген сөзден кейін "жұмыс" деген сөзбен толықтырылсын;

      177-тармақтағы "45" деген сөзден кейін "күнтізбелік" деген сөзбен толықтырылсын;

      228-тармақтағы "7" деген сөзден кейін "күнтізбелік" деген сөзбен толықтырылсын;

      258-тармақта:
      "15" деген сөзден кейін "жұмыс" деген сөзбен толықтырылсын;

      2) тармақшадағы "шарттарының көшірмесін" деген сөздерді "сақтандыру полистерінің немесе шарттарының көшірмесін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақшадағы "автобустарды рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеруді және жүргізушілерді кезеңді (ауысым алдындағы) медициналық тексеруді" деген сөздер "автокөлік құралдарын жөндеу, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтердің сәйкестік сертификаттарының көшірмелерін қоса берумен, профилактикалық медициналық тексеруді жүзеге асыратын лицензиясы бар медицина қызметкерлерімен шарттарының көшірмесін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      262-тармақта "30" деген сөзден кейін "күнтізбелік" деген сөзбен толықтырылсын;

      266-тармақтың 6) тармақшасындағы "15" деген сөзден кейін "күнтізбелік" деген сөзбен толықтырылсын;

      268-тармақтағы "аялдама" деген сөз алынып тасталсын;

      270-тармақта:
      4) тармақшадағы "шарттарының көшірмесін" деген сөздерді "сақтандыру полисінің немесе шарттарының көшірмесін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы "(көрсетілген автокөлік құралдарының жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарының басқа маршруттарында жұмыс істемейтіндігі туралы облыстың жергілікті атқарушы органдары растаған)" деген сөздер алынып тасталсын;
      7) тармақшадағы "автобустарды рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеруді, сондай-ақ жүргізушілерді кезеңді (ауысым алдындағы) медициналық тексеруді" деген сөздер "автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтердің сәйкестік сертификаттарының көшірмелерін қоса берумен, профилактикалық медициналық тексеруді жүзеге асыратын лицензиясы бар медицина қызметкерлерімен шарттарының көшірмесін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      275-тармақта "30" деген сөзден кейін "күнтізбелік" деген сөзбен толықтырылсын;

      279-тармақтың 3) тармақшадағы "3 сағаттан кем болса (жекелеген жағдайларда жергілікті атқарушы органдардың қорытындылары бойынша қатарлас маршруттар автобустарының көрсетілген жүру аралығы ұлғаю немесе қысқару жағына өзгеруі мүмкін)" деген сөздер "1 сағат" деген сөздермен ауыстырылсын;

      282-тармақтың 6) тармақшасындағы "15" деген сөзден кейін "күнтізбелік" деген сөзбен толықтырылсын;

      297-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "297. Жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдау осы Ереженің 36-38-тармақтарының талаптарына сәйкес жабдықталған жеңіл автомобильдермен, өз құзыреті шегінде такси тасымалдау операторы мен облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) жергілікті атқарушы органдарының арасындағы жасасқан жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттың негізінде жүзеге асырылады.
      Такси тасымалдау операторы ретінде, тасымалдаушылар немесе жекеленген тасымалдаушылармен шарттарға байланысты диспетчерлік пункттер болуы мүмкін.
      Жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартта шарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны немесе тиісті орындалмағаны үшін тараптардың жауапкершілігі көзделеді";

      мынадай мазмұндағы 298-1, 298-2 және 298-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "298-1. Такси жұмысы іс-қимыл аймақтары бойынша бөлінеді:
      қалалық такси - қала бойынша немесе одан тысқары елу километрден аспайтын радиуста;
      қала сыртындағы такси - қаладан тысқары елу километрден артық радиуста.

      298-2. Такси тасымалдарының операторы автокөлік құралдарының техникалық түзету жағдайын қамтамасыз етеді және бекітілген техникалық регламентке, экологияға, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жағдайы сәйкес келмейтін автокөлік құралдарына маршрутқа шығуға рұқсат бермейді, сондай-ақ алдын ала және кезеңді өткізуді, соның ішінде рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруді, автокөлік құралдарын жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтауды қамтамасыз етеді.

      298-3. Такси тасымалдарын жүзеге асыру үшін кемінде төрт есігі бар өнімді топтап шығаруы жеңіл автомобильдерді қолдану рұқсат етіледі.
      Арнаулы басқаруы бар автокөлік құралдарын такси тасымалдары үшін қолдану, соның ішінде барлығы қолмен, сондай-ақ басқару рулі оң жақтағы рұқсат етілмейді";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесіне 4-қосымша осы бұйрықтың Қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесіндегі 6-қосымшада:
      2-тармақтағы "жүргізуші персоналының" деген сөздер "тасымалдаушының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жылжымалы құрамды сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған өндірістік-техникалық базаның (меншікті, жалға алынған немесе қызмет көрсету шарт бойынша жүргізілетін болады)  болуы, соның ішінде ТҚ және ТЖ кешендері бар өндірістік корпустардың, қоймалық үй-жайлардың, автотұрақтардың, жинау-жуу кешендердің, бақылау-техникалық пункттердің, әкімшілік ғимараттардың және тұрмыстық корпустардың болуы туралы мәлімет";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесіне 8-қосымшада:
      3-тармақ "заңды негіздерде" деген сөздерден кейін "пайдаланымдық мерзімі _____ жылдан аспайтын және _______________ (қосымша талаптар)" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 200____ жылғы "____" _____________".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль көлігі басқармасы осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Ж.М.Қасымбекке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің
      міндетін атқарушы

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі

      2006 жылғы 20 желтоқсан

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі

           2006 жылғы 14 желтоқсан

                                            Қазақстан Республикасы
                                          Көлік және коммуникациялар
                                                 министрінің 
                                          2006 жылғы 5 желтоқсандағы
                                            N 319 бұйрығына қосымша

                                          Жолаушыларды және багажды
                                            автомобиль көлігімен
                                            тасымалдау ережесіне
                                                  4-қосымша

1. Жолаушылардың және багаждың қала маңындағы, қалааралық
облысішілік және елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды (селоларды)
аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар
қалалармен (астанамен) жалғастыратын тұрақты автомобиль
тасымалдарының маршруттарына қызмет көрсетуге конкурстық
ұсыныстарды бағалау шкаласы

Р/с
N

Көрсеткіш

Баллдар саны

Ұсынылған автобустардың үлесі 30%-дан аз 

Ұсынылған автобустардың үлесі 30%-дан 60%-ға дейін 

Ұсынылған автобустардың үлесі 60%-дан артық 

1.

Автобустарды, шағын автобустарды пайдалану мерзімі

5 жылға дейін

5-тен 9 жылға дейін

9-дан 12 жылға дейін

12 жылдан артық

    +4

+3

+2

+1

    +8

+4

+3

+0

    +10

+5

+3

+0 

Пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автобустар, шағын автобустар болғанда (қосымша)

+1 

+5

+9

2.

Өз меншігінде автобустар, шағын автобустар болғанда

+2

+4

+7

3.

Тасымалдаушының жолаушы тасымалдары саласындағы жұмыс тәжірибесі

3 жылға дейін

3-тен 8 жылға дейін   

8 жылдан артық

    +1

+3

+4

4.

Өндірістік-техникалық базаның болуы

меншікті

жалға алынған

шарт негізінде қызмет көрсету

Өндірістік корпус

- ТҚ кешені (аймақ, учаске)

- ТЖ кешені:

- посттар

- өндірістік учаскелер және цехтар

  +2
 
 
 

      +2

+2

  +1
 
 
 

      +1

+1

  +0,5
 
 
 

      +0,5

+0,5

Қоймалық үй-жайлар

+1

+0,5

+0,2

Автотұрақ, соның ішінде:

- ашық;

- жабық 

  +1

+2

  +0,7

+1

  +0,3

+0,5

Жинау-жуу кешені

- қолмен жуу алаңшасы (посты);

- механикаландырылған жууға арналған ғимарат (үй-жай)

  +0,7

  +1

  +0,5

  +0,7

  +0,2

  +0,5

Бақылау-техникалық пункті

+0,5

+0,3

+0,2

Әкімшілік ғимараты (үй-жайы)

- соның ішінде медпункт үй-жайы

+0,3
 

  +0,5

+0,1
 

  +0,3

0
 

  +0,2

Тұрмыстық корпустар және жұмыс істеушілерге қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар

  +0,3

   +0,1

  0

5.

Автобустарды, шағын автобустарды ауыстыру бойынша шаралардың жүйесі

резервтік жылжымалы құрам жоқ, ауыстыру жүргізілмейді

резервтік жылжымалы құрам жоқ, ауыстыру басқа маршруттан автобустарды, шағын автобустарды тарту арқылы немесе кесте бойынша келе жатқан автобуспен, шағын автобуспен жүргізіледі

резервтік жылжымалы құрам бар

      -3

      +1
 

    +2

6.

Жолаушылар тасымалы шарттарын жақсартатын қосымша ұсыныстар

жол үстінде музыка ойналу мүмкіндігі (аудио жазбалар, радиохабарлар)

кресло-арбашаларды пайдаланатын мүгедектерді тасымалдау үшін бейімделген жылжымалы құрамның болуы

...

      +0,5

    +0,05 әрбір автобус үшін

      Комиссияның қарауына»"Жолаушылар тасымалы шарттарын
жақсартатын қосымша ұсыныстар" деген 6-бағанға 0,3 баллға дейінгі
бағалаумен қосымша өлшемдер енгізілуі мүмкін немесе тасымалдаушы.
лардың жол үстіндегі сервистік қызметтер бойынша қосымша ұсыныстары
қосымша 0,1 балл бойынша бағалаумен ескерілуі мүмкін.

2. Жолаушылардың және багаждың қалалық тұрақты автомобиль
тасымалдарының маршруттарына қызмет көрсетуге конкурстық 
ұсыныстарды бағалау шкаласы

Р/с
N

Көрсеткіш

Баллдар саны

Ұсынылған автобустардың үлесі 30%-дан аз 

Ұсынылған автобустардың үлесі 30%-дан 60%-ға дейін 

Ұсынылған автобустардың үлесі 60%-дан артық 

1.

Автобустарды, шағын автобустарды пайдалану мерзімі

5 жылға дейін

5-тен 9 жылға дейін

9-дан 12 жылға дейін

12 жылдан артық

    +4

+3

+2

+1

    +8

+4

+3

+0

    +10

+5

+3

+0 

Пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автобустар, шағын автобустар болғанда (қосымша)

+3 

+7

+10

2.

Өз меншігінде автобустар, шағын автобустар болғанда

+2

+4

+7

3.

Тасымалдаушының жолаушы тасымалдары саласындағы жұмыс тәжірибесі

3 жылға дейін

3-тен 8 жылға дейін   

8 жылдан артық



      +1

+3

+4

4.

Өндірістік-техникалық базаның болуы

меншікті

жалға алынған

шарт негізінде қызмет көрсету

Өндірістік корпус

- ТҚ кешені (аймақ, учаске)

- ТЖ кешені:

- посттар

- өндірістік учаскелер және цехтар

  +2
 

    +2

+2

  +1
 

    +1

+1

  +0,5
 

    +0,5

+0,5

Қоймалық үй-жайлар

+1

+0,5

+0,2

Автотұрақ, соның ішінде:

- ашық;

- жабық 



    +1

+2



    +0,7

+1



    +0,3

+0,5

Жинау-жуу кешені

- қолмен жуу алаңшасы (посты);

- механикаландырылған жууға арналған ғимарат (үй-жай)

  +0,7

  +1

  +0,5

  +0,7

  +0,2

  +0,5

Бақылау-техникалық пункті

+0,5

+0,3

+0,2

Әкімшілік ғимараты (үй-жайы)

- соның ішінде медпункт үй-жайы

+0,3
 

  +0,5

+0,1
 

  +0,3

0
 

  +0,2

Тұрмыстық корпустар және жұмыс істеушілерге қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар

    +0,3

    +0,1

    0

5.

Автобустарды, шағын автобустарды ауыстыру бойынша шаралардың жүйесі

резервтік көлік және 0,5 сағат ішінде ауыстыруды қамтамасыз ететін ұялы байланыс құралдармен персоналы (радиостанция, ұялы телефон және т.б.) болғанда

резервтік көлік және 1 сағат ішінде ауыстыруды қамтамасыз ететін ұялы байланыс құралдарсыз болғанда  

            +2

    +1

6.

Жолаушылар тасымалы шарттарын жақсартатын қосымша ұсыныстар

Аялдамаларды хабарлау және жолаушыларды ақпараттандыру тәсілі:

- магниттік жазба арқылы

- АСҚ көмегімен

- кондуктор немесе жүргізуші хабарлайды

кресло-арбашаларды пайдаланатын мүгедектерді тасымалдау үшін бейімделген жылжымалы құрамның болуы

...



          +1
 
  +0,7

+0,2

      +0,05 әрбір автобус үшін

        Комиссияның қарауына»"Жолаушылар тасымалы шарттарын
жақсартатын қосымша ұсыныстар" деген 6-бағанға 0,3 баллға дейінгі
бағалаумен қосымша өлшемдер енгізілуі мүмкін немесе тасымалдау.
шылардың жол үстіндегі сервистік қызметтер бойынша қосымша
ұсыныстары қосымша 0,1 балл бойынша бағалаумен ескерілуі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады