"Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша есепті тапсыру нысаны мен ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 23 қаңтардағы N 25 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы N 649 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің 2007 жылғы 25 қаңтардағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4526 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 603 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы Министрінің 2008.12.23 N 603 Бұйрығымен.

      ------------------ Бұйрықтан үзінді --------------------

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 63-бабына , "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 1-тармағына және "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 18-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. ...
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) ...;
      2) "Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша есепті тапсыру нысаны мен ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 23 қаңтардағы N 25 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы N 649 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4526 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2007 жылы 6 наурызда N 34 (1237) жарияланған) .
      3. ...
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы Министрі                                Б. Жәмішев

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" және " Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы " Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша есепті тапсыру нысаны мен ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 23 қаңтардағы N 25 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2006 жылы N 4086 болып тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 31 наурызында N 56-57 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша есепті тапсыру ережелерінде:

      1-тармақта "патент негізінде" деген сөздер "оңайлатылған декларация және патент негізінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "8. Қызметiн "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер Есептiң тиiстi жолдарын толтырған кезде мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшін сомасы, әлеуметтiк аударымдарды есептеу үшiн мәлiмделетін сомасы, бiрлескен кәсiпкерлiкке барлық қатысушылар бойынша табыстың жалпы сомасы, сондай-ақ қайта есептелуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдардың сомасын көрсетедi.";

      10-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      1) 201.04.001А, 201.04.001В, 201.04.001С жолдарында есептiк кезең iшiндегі тиiсiнше 1, 2 және 3 айлардағы мәлiмделетін табысы көрсетiледi. Мәлiмделетін табыс жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін жеке кәсiпкер, адвокат және жеке нотариус дербес белгiлейтiн табыс болып табылады.
      201.04.001D жолда 201.04.001А, 201.04.001В, 201.04.001С жолдардың сомасы ретiнде айқындалатын, есептi кезең үшін мәлiмделетін табысы көрсетiледi.
      201.04.001Е жолда есептi кезеңдегi Есептiң 201.04.001D және осының алдындағы есептi кезеңдегi Есептiң 201.04.001Е жолдарының сомасы ретiнде анықталатын жылдың басынан бастап мәлiмделетін табысы көрсетiледi;";

      10-тармақтың 3) тармақшасында "6G" деген сөз "6F" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша есептің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Әдістеме басқармасы (Герун А.В.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Ұйымдастыру-қаржылық қамтамасыз ету басқармасы (Смағұлова Г.Ә.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануына шаралар қолдансын. 

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқық қатынастарына қолданылады.

      Төраға

            Келісілді
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрі

"Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігінің  
Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 23 қаңтардағы
N 25 бұйрығына өзгерістер
енгізу туралы"    
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігінің 
Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 21 желтоқсандағы
N 649 Бұйрығына қосымша

Нысан 201.04 Бет 01  
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігінің  
Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 23 қаңтардағы
N 25 бұйрығымен бекітілген

Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген,
ұсталған (есептелген) және аударылған сомалары,
әлеуметтік аударымдардың есептелген және
аударылған сомалары бойынша есеп

(Қағаз мәтіннен қараңыз)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады