Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 317 "Жеңілдіктер беру туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 6 ақпандағы N 154 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 23 ақпанда N 3284 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2013 жылғы 14 тамыздағы № 152 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 14.08.2013 № 152 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 15) тармақшасына және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17181920 баптарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Облыстық мәслихаттың Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 25 желтоқсанда N 3193 тіркелген 2007 жылғы 5 қаңтарда "Актюбинский вестник" және "Ақтөбе" газеттерінің N 1-2 жарияланған, 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 317 "Жеңілдіктер беру туралы" шешіміне (Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 27 шілдеде N 3224 тіркелген, 2007 жылғы 2 тамызда "Актюбинский вестник" және "Ақтөбе" газеттерінің N 95-96 жарияланған 2007 жылғы 11 шілдедегі N 376, Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 26 желтоқсанда N 3231 тіркелген, 2008 жылғы 4 қаңтарда "Актюбинский вестник" және "Ақтөбе" газеттерінің N 1-2 жарияланған 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N 25, Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 10 сәуірде N 3247 тіркелген, 2008 жылғы 17 сәуірде "Актюбинский вестник" және "Ақтөбе" газеттерінің N 45-46 жарияланған 2008 жылғы 26 наурыздағы N 53 және Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 24 шілдеде N 3264 тіркелген, 2008 жылғы 29 шілдедегі "Актюбинский вестник" және "Ақтөбе" газеттерінің N 89 жарияланған 2008 жылғы 18 маусымдағы N 92 шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып), мынадай толықтырулар енгізілсін:
      "Жеңілдіктер беру туралы" шешімнің 1 тармағында, сондай-ақ шешімнің Қосымшасының атауында және 13 тармақтарында "1941-1945 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде кемінде 6 ай жұмыс жасаған тұлғаларға" деген сөздерден кейін "бейбіт уақытта қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасыларына" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешім Ақтөбе облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және 2009 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.     

      Облыстық мәслихаттың                 Облыстық
        сессия төрағасы               мәслихаттың хатшысы

          В. ФАЛАЛЕЕВ                    А. ЕСІРКЕПОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады