Теміртау қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 14 шілдедегі 31 сессиясының N 31/7 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 03 қыркүйектегі N 20/6 шешімі. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 07 қазанда N 8-3-86 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 қыркүйектегі N 31/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2010.09.14 N 31/5 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысының негізінде қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Теміртау қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 14 шілдедегі 31 сессиясының N 31/7 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2006 жылғы 3 тамызда N 8-3-24 тіркелген, "Зеркало" газетінің 2006 жылғы 9 тамыздағы N 32, "Теміртау" газетінің 2006 жылғы 10 тамыздағы N 32 жарияланған, Теміртау қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 2 шілдедегі 11 сессиясының N 11/7 "Теміртау қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 14 шілдедегі 31 сессиясының N 31/7 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 30 шілдеде N 8-3-63 тіркелген, "Зеркало" газетінің 2008 жылғы 6 тамыздағы N 31, "Теміртау" газетінің 2008 жылғы 7 тамыздағы N 32 жарияланған) шешімімен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) шешіміне келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) шешімнің атауындағы және мәтініндегі:
      "Аз қамтылған" сөзі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын" сөзіне ауыстырылсын;
      "қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон" сөзі "қызмет көрсету" сөзіне ауыстырылсын;
      2) шешімнің алғысөзі жаңа мәтінде берілсін:
      "Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі  N 710 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" Қаулысының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес,";
      3) осы шешіммен бекітілген аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасының:
      атауындағы:
      "Аз қамтылған" сөзі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын" сөзіне ауыстырылсын;
      "қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон" сөзі "қызмет көрсету" сөзіне ауыстырылсын;
      алғысөзі келесі мәтінде берілсін:
      "Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысына сәйкес дайындалған.";
      4) 1 баптың:
      1 тармағының:
      5) тармақшасындағы:
      "тұрғындардың аз қамтылған топтарына" сөзі "әлеуметтік тұрғыдан қорғалатындар" сөзіне ауыстырылсын;
      "қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон" сөзі "қызмет көрсету" сөзіне ауыстырылсын;
      1 тармақ келесі тармақшалармен толықтырылсын:
      "7) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға құжаттар қабылдау бойынша уәкілетті орган – "Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі (ары қарай - ХҚКО);
      8) арнайы комиссия – тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау (қабылдамау) мәселелері бойынша даулы, таластық және стандарттық емес жағдайларды шешу үшін құрылған, уәкілетті орган бастығының бұйрығымен бекітілген комиссия.";
      2 тармақтағы "қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон" сөзі "қызмет көрсету" сөзіне ауыстырылсын;
      5) 2 баптың:
      3 тармағындағы:
      "өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органдары" сөзі алынып тасталсын;
      2) тармақшаның үшінші абзацы келесі мәтіндегі абзацпен толықтырылсын:
      "тұрғын үй жәрдемақысын есептеу барысында екі қабаттан биік емес тұрғын үйде тұратындардың газ баллоны есептелінеді;";
      3) тармақшадағы "белгіленеді" сөзінің алдынан "қызмет көрсетушілер белгілеген тариф негізінде немесе" сөздерімен толықтырылсын;
      5 тармақтағы "Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон" сөзі "әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметін көрсету" сөзіне ауыстырылсын;
      6) 3 баптың:
      10 тармағындағы:
      "қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне" сөзі "қызмет көрсету" сөзіне ауыстырылсын;
      7) 4 баптың 14 тармағы келесі мәтінде берілсін:
      "Тұрғын үй жәрдемақысын уәкілетті орган барлық қажетті құжаттарымен бірге өтінім бергенде 6 ай мерзімге тағайындайды. Отбасының құрамы және табысы туралы, сонымен қатар тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметке төленетін шығындар туралы мәліметті тоқсан сайын тұрғын үй жәрдемақысын тағайындайтын уәкілетті органға тапсырып отырады.";
      8) 5 баптың:
      18 тармағындағы:
      "уәкілетті органға" сөзі "немесе ХҚКО" сөзімен толықтырылсын;
      4) тармақшадағы ", үй кітабы" сөзі алынып тасталсын;
      5) тармақшадағы "65 жастан асқан адамдарды" сөзі ", тууы туралы  N 4 үлгідегі анықтама" сөзімен толықтырылсын;
      8) тармақшадағы "қалалық телекоммуникациялар желісінің" сөзі "қызмет" сөзімен ауыстырылсын;
      10) тармақшадағы "тұрғылықты жері бойынша" сөзі "немесе ХҚКО-нан" сөзімен толықтырылсын;
      18 тармағы келесі мәтіндегі 11) тармақшамен толықтырылсын:
      "11) сәбидің (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері).";
      21 тармақтағы "оған тұрғын үй жәрдемақысының есебі қоса беріледі" сөзі алынып тасталсын;
      23 тармақтағы "қалалық телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон" сөзі "қызмет көрсету" сөзімен ауыстырылсын;
      9) 6 баптың:
      25 тармақтың екінші бөлігіндегі "келесі тоқсанның бірінші айынан бастап" сөзі "келген (кеткен) күні" сөзіне ауыстырылсын;
      10) 8 баптың 33 тармағының 2) тармақшасының он үшінші абзацы алынып тасталсын;
      11) 1 қосымшадағы:
      "қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон" сөзі "қызмет көрсету" сөзіне алмастырылсын;
      "СТТН _____________________" сөзі "ӘЖК ___________________" сөзімен толықтырылсын;
      12) 2 қосымшаның 6 тармақшасы алынып тасталсын;
      13) 3 қосымшадағы "(үй кітабы)" сөзі алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді.

      Мәслихат хатшысы                           А. Аркатов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Теміртау қаласының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      Юрий Николаевич Ким
      3 қыркүйек 2009 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады