«"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихатының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 11-6 және әкімдігінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 709 бірлескен шешімі мен қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Куйбышев селолық округі Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округіне қайта аталсын.