Сыртқы жарнама (көрнекі) объектілерін орналастыру үшін төлем ставкалары туралы

Күшін жойған

III шақырылған Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының XXVII сессиясының 2006 жылғы 23 қарашадағы N 27/6 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2006 жылғы 11 желтоқсанда N 5-4-48 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қалалық мәслихатының 2009.02.18 N 13/13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қалалық мәслихатының  2009.02.18 N 13/13 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 491 бабының 2 тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және Өскемен қаласының аумағында орналастыратын қоса берілген төлем ставкалары бекітілсін.
      2. Өскемен қалалық мәслихатының "Сыртқы жарнама (көрнекі) объектілерін орналастыру үшін төлем ставкалары туралы" 2004 жылғы 11 қарашадағы N 9/8 (тіркеу нөмірі 2037, 2004 жылғы 4 желтоқсандағы "Дидар" газетінде, 2004 жылғы 4 желтоқсандағы "Рудный Алтай"  газетінде жарияланған); 2005 жылғы 6 маусымдағы N 14/3 "Сыртқы жарнама (көрнекі) объектілерін орналастыру үшін төлем ставкалары туралы" 2004 жылғы 11 қарашадағы N 9/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (тіркеу нөмірі 2382, 2005 жылғы 25 маусымдағы "Дидар"  газетінің N№62, 2005 жылғы 28 маусымдағы "Рудный Алтай" газетінің N 97 сандарында жарияланған); 2005 жылғы 29 қарашадағы N 18/8 "Сыртқы жарнама (көрнекі) объектілерін орналастыру үшін төлем ставкалары туралы" 2004 жылғы 11 қарашадағы N 9/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (тіркеу нөмірі 5-1-19, 2006 жылғы 1 қаңтардағы "Дидар" газетінің N 1, 2006 жылғы 5 қаңтардағы "Рудный Алтай" газетінің N 1 сандарында жарияланған); 2006 жылғы 14 ақпандағы N 20/17 «Сыртқы жарнама (көрнекі) объектілерін орналастыру үшін төлем ставкалары туралы 2004 жылғы 11 қарашадағы N 9/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (тіркеу нөмірі 5-1-30, 2006 жылғы 18 наурыздағы "Дидар" газетінің N 27 және 2006 жылғы 28 наурыздағы "Рудный Алтай" газетінің N 45-46 сандарында жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы

      Қалалық мәслихаттың хатшысы

Қалалық мәслихаттың  
2006 жылғы 23 қарашадағы
N 27/6 шешіміне қосымша

Жарнама объектілері бойынша төлем ставкалары

№N

Жарнама объектілері (жердегі, қабырғадағы, шатырларға қойылған т.б.)

АЕК төлем ставкалары
(1 айда)

1

Лайтпостер 1 ш.м. дейін, егер осы объект 1 ш.м. артса ай сайынғы ставка 1 ш.м. қатынас бойынша жарнама объектісі алаңының пропорциялы өсуіне жоғарылайды

1

2

1 ш.м. дейін

2

3

1-ден 3 ш.м. дейін

3

4

3-тен 5 ш.м. дейін

6

5

5-тен 10 ш.м. дейін

10

6

10-нан 20 ш.м. дейін

18

7

20-дан 30 ш.м. дейін

20

8

30-дан 60 ш.м. дейін

24

9

60-тан жоғары

28

10

10-нан 20-ға ш.м. дейінгі призматрон, онымен бірге бейнелеу

12

11

1 ден 30 ш.м. дейінгі тұрақты объектілерге арналған автомобильдер жарнамасы (орнату) 

28

       Ескерту: Объект алаңындағы әрбір беттің ставкасы бөлек белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады