Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының»"Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы N 401 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 6 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 21 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4551 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 258 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының»"Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы  N 401 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2062 тіркелген; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3643 тіркелген»"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының»"Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау, жіберу жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы N 401 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2005 жылғы 14 сәуірдегі  N 46 қаулысы; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3935 тіркелген»"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының»Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау, жіберу жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы N 401 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 18 қазандағы  N 128 қаулысы) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесінде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Өтініш беруші инкассациялау бойынша операцияларды жүргізуге арналған лицензия алу үшін қажетті жарғылық капиталды қалыптастыруы, Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жай мен жабдықты дайындауы тиіс.
      Лицензия алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
      1)»" Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысының  5-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;
      3) жарғылық капиталдың қалыптастырылғанын растайтын құжат;
      4) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жарғының және/немесе құрылтай шартының нотариат куәландырған көшірмелері.;

      8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Осы Ереженің 5-тармағында көзделген техникалық іс-шараларды орындалуы туралы қорытындыны Ұлттық Банктің филиалы қолма-қол ақшамен жұмыс бөлімшесі заңды тұлғадан өтініш келіп түскен күннен бастап екі күндік мерзімде Ұлттық Банктің филиалына жіберетін, Ұлттық Банктің қолма-қол ақшамен жұмыс бөлімшесінің тапсырмасы негізінде 10 жұмыс күні ішінде береді. Заңды тұлғаның үй-жайларын тексеру нәтижесі бойынша еркін нысандағы үш данада акт жасалады. Бірінші данасы қолма-қол ақшамен жұмыс бөлімшесіне, екінші данасы заңды тұлғаға жіберіледі, үшінші данасы Ұлттық Банктің филиалында қалады.";

      9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Заңды тұлғаға лицензия беруден бас тарту осы Ереженің 5-тармағында көзделген талаптардың кез келгені сақталмаған жағдайда жүргізіледі.";

      14-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;

      19-тармақ алынып тасталсын;

      2-қосымшада:
      5-тармақ алынып тасталсын;

      10-тармақтың 4-тармақшасындағы»"тұрақты" деген сөз алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Мәжитов Д.М.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А.Әлжановқа жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады