Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттауды өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 31 қаңтардағы N 64 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 2 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4558 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 шілдедегі № 509 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.07.12 № 509 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз) Бұйрығымен.

     "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сот сараптама қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Сот-медициналық, сот-психиатриялық  және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттауды өткізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті (Е.М.Мусин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Д.В.Акрачкова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2007 жылғы»31 қаңтардағы 
N 64 бұйрығымен      
бекітілген         

Сот-медициналық, сот-психиатриялық және
сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттауды өткізу
жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттауды өткізу жөніндегі нұсқаулық "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабын нақтылау мақсатында қабылданды және сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау рәсімін регламенттейді.

      2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар қолданылады:
      мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетi ;
      сот сараптамасының органдары:
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сот медицина орталығы мен оның аумақтық бөлімшелері;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қылмыстық қуғындау функцияларын атқаратын мемлекеттік органның бөлімшелерін алмағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес функцияларына сот сараптамасын өндіру кіретін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандандырылған бөлімшелері;
      апелляциялық комиссия - сот-медициналық, сот-психиатриялық  және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттауды өткізу кезінде туындаған дауларды қарау мақсатында мемлекеттік орган құрған комиссия.

      3. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау - кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын сот сарапшыларды кәсіби деңгейін және аттестатталушы тұлғаның атқаратын қызметіне сәйкестігін анықтау рәсімі.

      4. Аттестаттауды әрбір бес жылда мемлекеттік орган құратын, құрамын оның бірінші басшысы бекітетін аттестаттау комиссиясы өткізеді.

      5. Аттестаттау комиссиясы комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ішінен төраға тағайындалады. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің саны кемінде жеті адамнан тұруы тиіс.
      Аттестаттау комиссиясының құрамына: мемлекеттік органның, медицина ғылымы мен білім беру ұйымдарының, сот сараптамасы органдарының практикалық денсаулық сақтау және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.

      6. Аттестаттаудан оларға біліктілік емтиханын тапсыру нәтижесінде мемлекеттік органның комиссиясы сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беретін сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшылар өтеді. 

2. Аттестаттау материалдарын қарау рәсімі

      7. Сот сараптама органдары мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттарды:
      1) мемлекеттік органның басшысы белгілейтін мерзімдерде аттестаттауға жататын тұлғалардың тізімін;
      2) сот сараптама органы басшысының кәсіби қызметі, көтермелеудің болуы және тәртіптік жаза қолдану туралы мәліметтерден тұратын, сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыға берілген мінездемесін;
      3) жоғары кәсіби білімі туралы дипломының нотариалдық расталған көшірмесін;
      4) ұйымның кадр қызметінің басшысы растаған еңбек кітапшасының көшірмесін;
      5) медициналық қызметпен айналысу құқығына маман сертификатының көшірмесін (медициналық білімі бар тұлғалар үшін);
      6) ұйымның кадр қызметінің басшысы растаған біліктілік көтеру, мамандандыру курстарынан өткені туралы құжаттарының көшірмелерін;
      7) сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік куәлігін беру туралы нотариалдық расталынған көшірмесін ұсынады.
      8. Мемлекеттік органның аумақтық басқармалары аттестатталушылардың аттестаттау материалдарын зерделеп және талдап, оларды оның отырысы басталғанға дейін 10 күннен кешіктірмей мемлекеттік органның комиссиясына жібереді.

3. Аттестаттауды өткізу

      9. Аттестаттау мемлекеттік органның басшысы белгілейтін мерзімдерде әңгімелесу түрінде өткізіледі.

      10. Әңгімелесу барысында сот сарапшының кәсіби деңгейі бағаланады.

      11. Егер комиссияның отырысына комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысса, аттестаттау комиссиясының шешімі заңды болып саналады.
      Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      12. Аттестаттау нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясы мына шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) аттестатталды;
      2) аттестатталмады.

      13. Аттестаттау нәтижелері осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес хаттама түрінде ресімделеді.

      14. Аттестаттау комиссиясы аттестаттау куәлігін беруден бас тарту туралы шешімді қабылдаған жағдайда отырыстың хаттамасында бас тартудың дәлелдері көрсетілуі тиіс.

      15. Аттестаттау куәлігін беру немесе аттестаттау куәлігін беруден бас тарту туралы шешім мемлекеттік орган басшысының бұйрығы түрінде ресімделеді.

      16. Аттестаттау куәлігі атқаратын қызметке аттестатталушы тұлғаның сәйкестігіне сот-медициналық, сот-психиатриялық  және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік куәлігінің заңды күшін растайтын құжат болып табылады.

      16. Аттестаттау куәлігі осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау комиссиясы отырысы болған күннен бастап бір ай ішінде 5 жылға беріледі.

      17. Аттестаттау куәлігі атқаратын қызметке аттесттаталушы тұлғаның сәйкестігіне сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік куәлігінің заңды күшін растайтын құжат болып табылады.

      18. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік куәлігі  болмаған және одан айырылған, сондай-ақ оны уақытша тоқтатқан жағдайларда аттестаттау куәлігінің заңды күші болмайды.
      Сарапшының аттестаттау куәлігінің көшірмесі оның жеке ісінде сақталады.

      19. Аттестаттаудан өтпеген сот-медициналық, сот-психиатриялық  және сот-наркологиялық сарапшы мамандығы бойынша біліктілігін көтеру курстарынан өткен жағдайда 6 айдан кейін қайта аттестаттаудан өтуге құқығы бар.

4. Қорытынды ережелер

      20. Аттестаттауды өткізу кезінде туындаған даулар  аппеляциялық комиссиямен немесе сот тәртібінде қаралады.

                                Сот-медициналық, сот-психиатриялық
                                және сот-наркологиялық сарапшыларды
                                   аттестаттауды өткізу жөніндегі
                                      нұсқаулыққа 1-қосымша

             Аттестаттау комиссиясы отырысының
              200__жылғы "____" ______________
                       N_____ хаттамасы

1. Тегі, аты, әкесінің аты__________________________________________
2. Лауазымы_________________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Аттестаттау комиссиясы отырысының күні___________________________
____________________________________________________________________
4. Әңгімелесу нәтижелері____________________________________________
____________________________________________________________________
5. "иә"______, "қарсы"________дауыстары бойынша шешім қабылдау үшін
аттестаттау комиссиясы мүшелерінің дауыс беру нәтижелері

6. Аттестаттау комиссиясының шешімі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Қолы:

Комиссия төрағасы:_____________________________________________
Комиссия хатшысы:______________________________________________
Комиссия мүшелері: ____________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

                                Сот-медициналық, сот-психиатриялық
                                және сот-наркологиялық сарапшыларды
                                   аттестаттауды өткізу жөніндегі
                                      нұсқаулыққа 2-қосымша

                     Аттестаттау куәлігі

Осы аттестаттау куәлігі_____________________________________________
____________________________________________________________________
                   (тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________________________________берілді.
Ол _____________________________________________мамандығы бойынша
сот сарапшыларын аттестаттаудан өтті.
Аттестаттау куәлігін беру туралы шешім шығарған тиісті орган
басшысының 200__жылғы "___" N_____бұйрығы
Тіркеу N_____
Берілген күні 200__жылғы "___" _______________

Куәлік 200__жылғы»"__" _______________ дейін жарамды.

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті басшының қолы"

"Мөрдің орны"

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады