Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының есептілігін ұсыну тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 331 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3346 тіркелген, 2005 жылғы 23 қыркүйектегі "Юридическая газета" газетінде жарияланған, N 175-176), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 331 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 17 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4074 тіркелген) енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен, мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесінде:
2-тармақтағы:
10) тармақшада "." деген тыныс белгісін ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) есепті кезеңдегі әрбір күнтізбелік күн соңындағы жағдай бойынша ағымдағы шоттардағы меншікті ақшаның қалдығы туралы есеп (осы Ереженің 11-қосымшасы).";
3-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1. Ай сайын қағаз тасымалдағышта жасалатын есеп беруге бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға қол қояды, ол мөрмен расталады және Қорда сақталады. Қор уәкілетті органның талап етуі бойынша сұрату алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз тасымалдағыштағы есеп беруді ұсынады.";
осы қаулының қосымшасына сәйкес 11-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Стратегия және талдау департаменті (М.Б. Бөбеев):
1) Заң департаменті (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2007 жылғы
30 наурыздағы N 64
қаулысына қосымша
"Жинақтаушы зейнетақы
қорының есеп беру
ережесіне 11-қосымшасы
__________________ бастап _________________ дейінгі кезеңдегі
ағымдағы шоттардағы меншікті ақшаның қалдығы туралы есеп
___________________________________________
(жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы)
Атауы |
күні, айы, жылы |
... |
... |
күні, айы, |
|||
Ағым- |
%-бен |
... |
... |
Ағым- |
%-бен |
||
А |
1 |
2 |
3 |
... |
... |
... |
... |
Ақша және |
|||||||
1. |
Қазақстан |
||||||
1. |
|||||||
1. |
|||||||
2. |
Резидент емес |
||||||
2.1. |
|||||||
2 .n |
|||||||
Ағымдағы шот- |
|||||||
Баланс бойын- |
Есепке қол қоюға уәкілетті бірінші басшы немесе тұлға
_____________________
күні ___________________
Есепке қол қоюға уәкілетті бас бухгалтер немесе бірінші тұлға
_________________________
күн _____________________
Орындаушы _____________ күні _____________________
Телефон: ___________________________________________
Мөрге арналған орын.".