Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009.04.08 N 68-ө Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабындағы 29) тармаққа сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемді септеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер ставкаларын есептеуді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2005 жылғы 20 мамырдағы N 161-б бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 3696 болып тіркелген);
2) "Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер ставкаларын есептеуді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2005 жылғы 20 мамырдағы N 161-б бұйрығының күшін тоқтату туралы" Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылғы 1 наурыздағы N 72-б бұйрығы.
3. Осы бұйрық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің
2007 жылғы 27 сәуірдегі
N 124-Ө бұйрығымен
бекітілген
Қоршаған ортаға эмиссия жасаған үшін
алынатын ақыны есептеу әдістемесі
1. Осы Қоршаған ортаға эмиссия жасаған үшін алынатын ақыны есептеу әдістемесі қоршаған ортаға эмиссия жасағанға алынатын ақы мөлшерін анықтауға арналған.
2. Ақы табиғатты пайдаланушылардан қоршаған ортаға келесі эмиссиялар жасаған үшін алынады:
тұрақты және жылжымалы ластағыш заттар көздерінен атмосфераға шығатын шығарындар;
ластағыш заттардың су нысандарына төгу;
өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру.
3. Тұрақты көздерден шығатын шығарындарға алынатын ақылар келесі формуламен есептеледі:
C i шығ (төг) = H i х V i x A i ,
бұл жерде
C i шығ (төг) -і-тты ластағыш заттың шығарынына алынатын ақы, теңге;
H - облыстың (республикалық дәрежедегі қала, астана) жергілікті өкілетті органдарымен белгіленген, тұрақты көздерден қоршаған ортаға шығатын шығарындарға алынатын ақы мөлшері (теңге/ шартты тоннаға),
V i - есептік кезеңде қоршаған ортаға шыққан і-тті заттың салмағы, тонна,
A i - салыстырмалы қауіптің коэффициенті, келесі формуламен анықталады:
A i = 1/ШЗМ с , бұл жерде ШЗМ с - айтылмыш түрдің су нысанында ластағыш заттың шектелген зиянсыз мөлшері (су нысандарына төгілген төгінділер үшін).
4. Тұрақты көздерден шығатын төгінділерге алынатын ақылар келесі формуламен есептеледі:
C i шығ (төгу) = H i х V i x A i ,
бұл жерде
C i шығ (төгу) -і-тты ластағыш заттың шығарындарына (төгінділеріне) алынатын ақы, теңге,
H - облыстың (республикалық дәрежедегі қала, астана) жергілікті өкілетті органдарымен белгіленген тұрақты көздерден қоршаған ортаға шығатын шығарындарға (төгінділерге) алынатын ақы мөлшері, (теңге/шартты тоннаға),
V i - есептік кезеңде қоршаған ортаға шыққан (төгілген) і-тті заттың көлемі, м 3 ,
A i - салыстырмалы қауіптің коэффициенті, келесі формуламен анықталады:
A i = 1/ШЗМ с , бұл жерде ШЗМ с - айтылмыш түрдің су нысанында ластағыш заттың шектелген зиянсыз мөлшері (су нысандарына төгілетін түсірістер үшін).
5. Жылжымалы көздерден шығатын шығарындарға алынатын ақылар келесі формуламен есептеледі:
C i жылжым. көз. = H х V i ,
бұл жерде
C i жылжым көз - жылжымалы көздерден шығатын шығарындарға алынатын ақы, теңге;
H - облыстың (республикалық дәрежедегі қала, астана) жергілікті өкілетті органдарымен белгіленген жылжымалы көздерден і-тты отын түрінен шығатын шығарынға алынатын ақы мөлшері, (теңге/ отын тоннасына);
V i - есептік кезеңде пайдаланған і-тты отын түрінің салмағы (тонна).
6. Өндіріс пен тұтыну қалдықтардың орналасқан көлеміне алынатын ақы келесі формуламен есептеледі:
C i қалд = H баз х V i.;
бұл жерде
C i - өндіріс пен тұтыну қалдықтарының і-тты түрін орналастыру үшін алынатын ақылар, теңге;
H - ағымдағы жылға жергілікті өкілетті органдар бекіткен қауіп сыныбына қарай өндіріс қалдықтарының 1 тоннасын немесе 1 мың текше метрін орналастыру және тұтыну үшін төлем ставкасы, теңге.
V i - табиғат пайдаланушы қызметінің есептік кезеңінде, оның жеке меншікті нысандарында орналастырылған қалдықтардың і-тты түрінің көлемі (тонна немесе куб.м, Гбк- радиоактивті қалдықтар үшін).
7. Бекітілген лимиттерден тыс, және де біршама рет қоршаған ортаны ластау үшін, қоршаған ортаға жасалған эмиссияға алынатын ақы "Салық және бюджетке төленетін басқа төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептеледі.
8. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 34 бабына сай, белгіленген тәртіппен ISO 14001 халықаралық стандарттар сәйкестілігіне сертификатталған табиғат пайдаланушыларға, белгіленген лимиттер шегінде қоршаған ортаға эмиссия жасаған үшін алынатын ақыны 4-5 тармақ бойынша есептегенде, 0,12 азайтқыш коэффициенті, ал 6 тармақ бойынша есептегенде - 0,25 азайтқыш коэффициенті қолданылады (радиоактивті қалдықтардан басқа).
9. Қоршаған ортаға эмиссия жасаған үшін алынатын ақының мөлшері жергілікті өкілетті органдармен бекітіледі. Қоршаған ортаны қорғау саласында өткізілетін іс-шараларға облыс (республикалық дәрежедегі қала, астана) бюджетінің жоспарланған шығындарға байланысты бұл ақы мөлшері негізгі ақы мөлшерінен аз, ал шектеулі ақы мөлшерінен артық болмау керек.
10. Қоршаған ортаға шығатын (төгілетін) заттар салмағы, пайдаланылған отынның көлемі және де қоршаған ортада орналастырылған қалдықтар көлемі өндірістік экологиялық бақылау нәтижелеріне қарай табиғат пайдаланушының өзімен есептеледі де, мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізу барысында тексерілуге тиіс.