Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер ставкаларының есебін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2005 жылғы 20 мамырдағы N 161 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3696. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі N 124-Ө бұйрығымен (бұйрық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді).

      Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі   N 124-Ө   (бұйрық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)   бұйрығымен .
________________________________________

      Қолданушылардың назарына!!!

      Ескерту: Бұйрықтың 2007 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданысы тоқтатылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылғы 1 наурыздағы N 72-ө бұйрығымен.
       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі   N 124-Ө   (бұйрық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)   бұйрығымен .

--------------- Бұйрықтан үзінді --------------------

        "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына, 2005 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Д.К.Ахметовте болған отырыстың N 17-63/607-333 хаттамасына және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Д.К Ахметовтiң 2006 жылғы 14 ақпандағы N 17-63/007-333 тапсырмасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрiнiң 2005 жылғы 20 мамырдағы "Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдер ставкаларының есебiн бекiту туралы" N 161-ө бұйрығының қолданысы 2007 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатылсын...

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр

-----------------------------------      

       "Салық және басқа бюджетке міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы  Кодексінің 462-бабына сәйкес жергілікті өкілді органдарды қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер ставкаларының есептерімен қамтамасыз ету үшін  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер ставкаларының есебі (бұдан әрі - Ставкалар есебі) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрі 1994 жылғы 9 тамызда бекiткен Қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшін төлемдерді анықтау әдістемесінің (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік реестрінде N 142 тіркелген), және Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрі 1996 жылғы 15 мамырда бекiткен Қозғалыстағы көздермен атмосфералық ауаны ластағаны үшін төлемдерді анықтау әдістемесінің (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік реестрінде  N 253 тіркелген) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 
      3. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасының      
Қоршаған ортаны қорғау министрінің  
2005 жылғы 20 мамырдағы       
N 161 бұйрығымен бекітілген    

  Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдерге
ставкаларының есебі

      1. Осы қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер ставкаларының есебі (бұдан әрі - Ставкалар есебі) қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдерді анықтауға арналған.

      2. Қазақстан Республикасы аумағында арнайы табиғат пайдалану тәртібіндегі қызметті жүзеге асыруға жеке және заңды тұлғалардан (бұдан әрі - Табиғат пайдаланушылар) қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем (бұдан әрі - төлем) алынады.

      3. Төлем қоршаған ортаға әсер етудің мынадай түрлерін жүзеге асырған табиғат пайдаланушылардан алынады:
      тұрақты және қозғалыстағы көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындысы;
      су объектілеріне ластаушы заттардың төгіндісі;
      өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру.

      4. Тұрақты көздерден шығарындылар (төгінделер) үшін төлем ставкасының есебі мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
      С i шығ (төг) = Н i баз х К аум ,
      С  i шығ (төг) і-ластаушы заттардың шартты 1 тонна шығарындысы (төгінді) үшін төлем ставкасы, теңге;
      Н i баз - тұрақты көздерден і-ластаушы заттардың шартты 1 тонна шығарындысы (төгіндісі) үшін базалық ставка, теңге;
      К  аум - шығарындылар (төгінділер) үшін түбірлік түзету коэффициенті.

      5. Қозғалыстағы көздерден шығарындылар үшін төлем ставкасының есебі мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
      С i қоз.көз. = Н i баз х К аум ,
      С i қоз.көз. - отынның і-түрін жағу кезінде ластаушы заттардың 1 тонна шығарындысы үшін төлем ставкасы, теңге;
      Н i баз - қозғалыстағы көздерден отынның і-түрінің 1 тонна шығарындысы үшін базалық ставка, теңге;
      К аум - шығарындылар үшін түбірлік түзету коэффициенті.
      І-ластаушы заттардың шартты 1 тоннасының шығарындысы (төгіндісі) үшін базалық ставка, отынның і-түрінің 1 тоннасы үшін осы Есептің 1-қосымшасына келтірілген.
      Тұрақты және қозғалыстағы көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары үшін түбірлік түзету коэффициенті осы Есептің 2-қосымшасына келтірілген.
      Су объектілеріне ластаушы заттардың төгінділері үшін түбірлік түзету коэффициенті осы Есептің 3-қосымшасына келтірілген.

      6. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру үшін төлем ставкаларының есебі мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
      С i қалдық = Н i баз А і х К  жиілік ,

      С i қалдық - өндіріс және тұтыну қалдықтарының і-түрінің 1 тоннасын орналастыру үшін төлем ставкасы, теңге;
      Н i баз - V сыныптағы өндіріс және тұтыну қалдықтарының і-түрінің 1 тоннасын орналастыру үшін базалық ставка, теңге;
      А і  - уыттылық сыныбына байланысты өндіріс және тұтыну қалдықтарының қатыстық қауіптілігінің коэффициенті (осы Есептің 4-қосымшасына келтірілген);
      К  жиілік - экологиялық талаптарға өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру объектісіне сәйкес болуын ескеретін жиілік коэффициенті (осы Есептің 5-қосымшасына келтірілген).
      Қалдықтардың і-түрінің 1 тоннасын орналастыру үшін базалық ставкалар осы Есептің 1-қосымшасына келтірілген.

      7. Қоршаған ортаны ластағаны үшін лимиттен тыс белгіленген қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім алу бойынша жергілікті өкілдік органдармен бекітілген төлем ставкалары мынадай формула бойынша есептеледі:
      С``  шығ (төг., қалдық.) = 10 х С i   шығ (төг., қалдық.)
      С``  шығ (төг., қалдық.) - і-ластаушы заттардың шартты 1 тоннасының шығарындысы (төгіндісі), лимиттен тыс белгіленген өндіріс және тұтыну қалдықтарының і-түрінің 1 тоннасын орналастыру үшін төлем ставкасы, теңге.

      8. Төлем ставкасын жергілікті өкілдік органдар белгілейді, бірақ осы Ставкалар есебімен белгіленген қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкасынан төмен емес.

      9. Төлемнің базалық ставкасы инфляцияның жылдық деңгейін ескере отырып, жыл сайын индекстеуге жатады.

      10. Тұрақты және қозғалыстағы көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары, су объектілеріне ластаушы заттардың төгінділері үшін түбірлік түзету коэффициенттері жыл сайын қайта қарауға жатады.

                                        Қоршаған ортаны ластағаны
                                       үшін төлемдер ставкаларының
                                         есебіне сәйкес 1-қосымша

         Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемнің
                     базалық ставкалары

N
р/с

Көрсеткіштер

Өзге-
рістер
бірлігі

Уыт-
тылық
сыныбы

Базалық
став-
калар

1.

Тұрақты көздерден атмосфераға
ластаушы заттардың шығарындылары

шартты
тонна


281

2.

Қозғалыстағы көздерден
атмосфераға ластаушы заттардың
шығарындылары




этилденген бензин үшін

тонна


990

этилденбеген бензин үшін

тонна


324

дизель отыны үшін

тонна


428

төмендетілген газ үшін

тонна


236

3.

Қоршаған ортаға ластанған
заттардың төгінділері:




су көздеріне

шартты
тонна


12944

тазалаудан кейін инженерлік
имараттарда (жинақтаушылар,
сүзілу алаңы)

шартты тонна


12253

тазалау болмаған инженерлік
имараттарда 

шартты тонна


15929

аумақтағы рельефте

шартты тонна


17522

коллекторлық-кәріздеу суларымен

м 3


0,02

4.

Полигондарда, жинақтаушыларда
орналастырылған өндіріс
қалдықтары

тонна

V

148

5.

Технологиялар мен қайта өңдеулер
жоқ болғандықтан радиоактивті
қалдықтарды орналастыру

тонна


14024

6.

Аршылатын және
араластырылатын породалар

тонна

V

4

7.

Күл қождары, қождар,
шламдар, байыту қалдықтары

тонна

V

66

8.

Қатты тұрмыстық қалдықтар

тонна

V

143

9.

Ауылшаруашылық
өндірістерінің қалдықтары

тонна


87

                                        Қоршаған ортаны ластағаны
                                       үшін төлемдер ставкаларының
                                         есебіне сәйкес 2-қосымша

         Ластанған заттарды тұрақты және қозғалыстағы
       көздерден атмосфераға шығаруға арналған түбірлік
                     түзету коэффициенті

N

Облыстардың, қалалардың атауы

Коэффициент

1

Ақмола, Алматы, Қостанай,
Солтүстік Қазақстан, Астана қаласы

1,0

2

Қызылорда

1,2

3

Батыс Қазақстан

1,4

4

Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар

1,6

5

Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан

1,8

6

Атырау, Шығыс Қазақстан,
Маңғыстау, Алматы қаласы

2,0

                                        Қоршаған ортаны ластағаны
                                       үшін төлемдер ставкаларының
                                         есебіне сәйкес 3-қосымша

            Ластанған заттарды объектілеріне төгуге
             арналған түбірлік түзету коэффициенті

N
р/с

Облыстардың, қалалардың атауы 

Коэффициент

1

Қостанай

1

2

Ақмола, Алматы, Қызылорда,
Солтүстік Қазақстан, Астана қаласы

1,25

3

Батыс Қазақстан, Павлодар

1,5

4

Ақтөбе, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан,
Алматы қаласы

1,75

5

Атырау, Шығыс Қазақстан,
Қарағанды, Маңғыстау

2,0

                                        Қоршаған ортаны ластағаны
                                       үшін төлемдер ставкаларының
                                         есебіне сәйкес 4-қосымша 

       Уыттылық сыныбына байланысты өндіріс және тұтыну
      қалдықтарының қатыстық қауіптілігінің коэффициенті

А і

Уыттылық сыныбы

Қауіптілік дәрежесі

32

I

Төтенше қауіпті

16

II

Жоғары қауіпті

4

III

Орташа қауіпті

2

IV

Аз қауіпті

1

V

Уытты емес

                                        Қоршаған ортаны ластағаны
                                       үшін төлемдер ставкаларының
                                         есебіне сәйкес 5-қосымша

      Қалдықтарды орналастыру объектілерінің экологиялық
     талаптарға сай болуын ескеретін жиілік коэффициенті

Орналастыру орны

К жиiлiк

Жинақтауға арналған кәсіпорындардың аумақтары,
жетілдірілген қоқыстар, полигондар, қоймалар, көн
сақтайтын қоймалар және жинақтау мен көмуге рұқсат
етілген басқа аумақтар (экологиялық талаптарға сай
объектілер) 

1,0

Сондай, бірақ орналыстырылмаған
(экологиялық талаптарға сай емес объектілер)

10,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады