"Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) 2006 жылғы 28 маусымдағы N 108 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі(Қаржы полициясы) төрағасының 2007 жылғы 1 маусымдағы N 96 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 18 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4747 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2012 жылғы 15 маусымдағы № 126 Бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2012.06.15 № 126 (ресми түрде жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) мәселелері" 2005 жылғы 21 сәуірдегі  N 1557 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (бұдан әрі -Агенттік) туралы ереженің 17-тармағының 5) тармақшасына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы" Агенттіктің 2006 жылғы 28 маусымдағы  N 108 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4334 болып тіркелген, 2006 жылғы 31 қазанда "Юридическая газета" газетінің N 190 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесінде:

      3-тармақта "аумақтық приципін ескере отырып" деген сөздер алынып тасталсын;

      4-тармақта "органдары" деген сөзден кейін ", сонымен қатар Академия" деген сөздермен толықтырылсын;

      16-тармақта "төрт" деген сөз алынып тасталсын;

      18-тармақта "50 құрайды, соның ішінде негізгі пән бойынша 7 баллдан кем болмау керек" деген сөздер "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтік ережелерінде анықталған баллдарға сәйкес болады" деген сөздермен ауыстырылсын.

      23-тармақта "аумақтық органдарының кадрларына және тілдік бөлімшелеріне қажеттілік есебімен" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады