Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы аудиторлар және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 23 мамырдағы N 279 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 19 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4750 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы N 313 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009.11.12 N 313 бұйрығымен.

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңын жүзеге асыру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы - аудиторлар және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және сертификаттау комитетінің техникалық реттеу және метрология басқармасы (Р.А. Баутов) және "Қазақстан метрология институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны белгіленген заңнамалық тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты ресми жалпы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Талғат Амангелдіұлы Момышевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

                                       Қазақстан Республикасы
                                 Индустрия және сауда министрлігінің
                                  Техникалық реттеу және метрология
                                        комитеті Төрағасының
                                   2007 жылғы 23 мамырдағы N 279
                                        бұйрығымен бекітілген

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы - аудиторлар және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау жүргізу ережелері

      Осы ережелер "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы  Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесіндегі сарапшы - аудиторлар және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау жүргізу тәртібін орнатады.

  1. Жалпы ережелер

      1. Аттестаттау өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстар мен қызмет көрсетудің нақты түрлерін іске асыру үшін біліктілікті беру мақсатында жүргізіледі. 

      2. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы - аудиторларды аттестаттау мынадай бағыттар бойынша іске асырылады:
      1) өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу құқығына заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін аккредиттеу кезінде техникалық зерттеулер жүргізу;
      2) өлшемдерді орындау әдістемесіне метрологиялық аттестаттау жүргізу құқығына заңды тұлғалардың метрологиялық қызметін аккредиттеу кезінде техникалық зерттеулер жүргізу;
      3) өлшем құралдарына сынақтар жүргізу;
      4) сыналатын жабдықтарға аттестаттау жүргізу;
      5) өлшемдерді орындау әдістемелеріне метрологиялық аттестаттау жүргізу;
      6) техникалық құжаттамаларға метрологиялық сараптама жүргізу.

      3. Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді (бұдан әрі -салыстырып тексерушілер) аттестаттау өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес өлшем түрлері бойынша жүргізіледі.

  2. Сарапшы-аудиторлар үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары

      4. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды іске асыру үшін, сонымен қатар, заңды және жеке тұлғаларды аккредиттеу кезінде аттестатталған жеке тұлғалар сарапшы-аудиторлар бола алады.

      5. Сарапшы-аудиторға үміткер мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:
      1) жоғары немесе орташа кәсіби білімінің болуы;
      2) өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес, тапсырылған іс-әрекет бағыттары бойынша біліктілік курстарындағы теориялық дайындықтан өтуі;
      3) іс-әрекеттің таңдап алынған бағыты бойынша бестен кем емес сынақ ісінен өтуі.
      4) жоғары кәсіби білімі бар үміткер үшін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыс өтілімі төрт жылдан кем емес, орташа кәсіби білімі бар үміткер үшін бес жылдан кем емес, іс-әрекеттің мәлімденген саласындағы практикалық жұмыс үш жылдан кем емес болуы тиіс; техникалық құжаттаманы метрологиялық сараптауды қоспағанда, жоғары білімі бар үміткер үшін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында үш жылдан кем емес, орташа кәсіби білімі бар үміткер үшін төрт жылдан кем емес, іс-әрекеттің мәлімденген саласындағы практикалық жұмыс екі жылдан кем емес болуы тиіс.
      Осы тармақтағы талап осы Ережені қолданысқа енгізгенге дейін сарапшы-аудиторлар ретінде аттестатталған мамандарға таратылмайды.

  3. Салыстырып тексерушілер үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары

      6. Заңға сәйкес өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттелген немесе аккредиттелетін заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің мамандары салыстырып тексерушілер бола алады.

      7. Салыстырып тексерушіге үміткер келесі біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:
      1) орта техникалық білімі және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында екі жылдан кем емес жұмыс стажы немесе жоғары білімі болуы тиіс;
      2) белгіленген өлшем түрі бойынша біліктілік курстарындағы теориялық дайындығы болуы тиіс;
      3) бір жылдан кем емес белгіленген өлшем түрі бойынша практикалық тәжірибесі бар болса, өлшемнің таңдалып алған түрі бойынша өлшем құралдарына бестен кем емес салыстырып тексеруді қосатын өлшемнің белгіленген түрі бойынша сынақ ісі болуы тиіс. Егер үміткер салыстырып тексеруші біліктілігіне бірнеше өлшем түрлерінен тапсырыс берсе, өлшемнің әр белгіленген түрі бойынша тапсырыс түрінен кемінде үш өлшем құралын салыстырып тексеру сынағынан өтуі қарастырылады.
      Осы тармақтағы талап осы Ережені қолданысқа енгізгенге дейін салыстырып тексеруші ретінде аттестатталған мамандарға таратылмайды.

  4. Сарапшы - аудиторлар және салыстырып тексерушілерді аттестаттау, сертификаттарды беру және жою тәртібі

      8. Сарапшы-аудитор біліктілігін алу үшін құжаттар техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган), салыстырып тексеруші біліктілігін алу үшін мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа (бұдан әрі - МҒМО) ұсынылады.
      Құжаттар жинағы кітапша және нөмірленген түрінде ұсынылады.

      9. Сарапшы-аудиторлар және салыстырып тексерушілер біліктілігін алу үшін мынадай құжаттар жинағы ұсынылады:
      1) үміткердің   әлімденетін біліктілігін, сарапшы-аудиторлар үшін іс-әрекеттер бағыты, салыстырып тексерушілер үшін өлшемдер түрлері көрсетілген еркін пішіндегі мәлімдеме;
      2) біліктілікке үміткердің жеке басын куәландыратын, нотариалды расталған құжат көшірмесі;
      3) аттестаттауға берілген құжаттардың нотариалды расталған немесе ұйыммен расталған білімі туралы құжат көшірмесі;
      4) аттестаттауға берілген құжаттардың нотариалды расталған немесе ұйыммен расталған біліктілік курсын өткенін куәландыратын құжат көшірмесі;
      5) сынақ ісінен өткенін куәландыратын анықтама-пікір. Құжаттар жинағын тапсырғанға дейінгі бір жыл бұрын немесе сәйкес біліктілікті беру туралы сертификаты жоқ маманмен берілген сынақ ісінен өткенін куәландыратын анықтама-пікірді біліктілік комиссиясы мақұлдамайды;
      6) аттестаттауға берілген құжаттардың нотариалды расталған немесе ұйыммен расталған, сарапшы-аудиторлар және салыстырып тексерушілер үшін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыс стажын растайтын (еңбек кітапшасы немесе оған балама құжат) және тек қана сарапшы-аудиторлар үшін қызметтің мәлімделген бағытындағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмесі;
      7) жұмыс орнынан мінездеме;
      8) аттестаттауға берілген құжаттардың нотариалды расталған немесе ұйыммен расталған біліктілігін жоғарылату, қосымша оқу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша басқа да жұмыстарға қатысу (бар болса) туралы құжаттар көшірмесі.

      10. Сарапшы-аудиторға ұсынылған материалдарды қарау уәкілетті органның метрология жөніндегі үнемі іс-әрекеттегі ғылыми-техникалық комиссиясымен, салыстырып тексеруші біліктілігін беру - үнемі іс-әрекеттегі МҒМО комиссиясымен іске асырылады (бұдан әрі - білікті комиссия).

      11. Сарапшы-аудиторлар және салыстырып тексерушілер біліктілігін беру туралы шешім уәкілетті органның және МҒМО-ның білікті комиссияларымен, құжаттар жинағымен мәлімдемені берген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

      12. Уәкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша шет елдер сарапшы-аудиторлары біліктілігін беру туралы сертификат мақұлдануы мүмкін. МҒМО-ның шешімі бойынша шет елдер салыстырып тексерушілері біліктілігін беру туралы сертификат мақұлдануы мүмкін.

      13. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кәсіби білімі бар үміткерлер   белгіленген бағыт бойынша біліктілік курстарында теориялық дайындықсыз салыстырып тексерушілер және сарапшы-
аудиторлар біліктілігін бастапқы аттестаттау кезінде, кәсіби білімді алғаннан кейін бір жыл ішінде алуы мүмкін.

      14. Біліктілік комиссиясының дұрыс шешімінде Қосымшаға сәйкес үш жылға біліктілікті беру туралы сертификат ресімделеді.

      15. Біліктілікті беру туралы сертификат өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде міндетті түрде тіркелуі қажет.

      16. Біліктілік комиссиясының теріс шешімінде үміткерге жазбаша түрде дәлелденген қабыл алмау жіберіледі.
      Қабыл алмаудың негіздері мыналар болуы мүмкін:
      1) осы біліктіліктегі бекітілген біліктілік талаптарға үміткердің сай келмеуі;
      2) осы Ереженің 6 тармағы бойынша барлық қажетті құжаттарды ұсынбауы.

      17. Біліктілікті берудегі қабыл алмаумен үміткер келіспеген жағдайда, ол қабыл алмауды алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданған шешімге шағым арызбен уәкілетті органның аппеляциялық комиссиясына немесе сот органдарына баруына болады.
      Уәкілетті органның аппеляциялық комиссиясы үміткердің шағымын, шағым түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қарайды және жазбаша түрде дәлелді жауап береді.

      18. Үміткерге біліктілік берілмеген жағдайда, үміткердің, бермеуге негіз болып табылатын біліктілік комиссияның ескертулерін шеттеткеннен кейін құжаттарды қайта тапсыруына болады.

      19. Сарапшы-аудитор және салыстырып тексеруші сертификатының мерзімі аяқталғанда, қайта аттестаттау 8 - 18 тармақтарда белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады. Сарапшы-аудитор және салыстырып тексеруші сертификатын ұзартуға болмайды.

      20. Сарапшы-аудитор, салыстырып тексеруші сертификаты өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттар талаптары бұзылған жағдайда уәкілетті органмен немесе МҒМО-мен жойылуы мүмкін. Сарапшы-аудитор, салыстырып тексеруші сертификатын жою туралы мәселені осы Ереженің 10 тармағына сәйкес тиісті комиссия қарастырады.

                                       Өлшем бірлігін қамтамасыз ету
                                      саласындағы сарапшы-аудиторлар
                                      және салыстырып тексерушілерге
                                       аттестаттау жүргізу Ережесіне
                                                             қосымша

          Біліктілікті беру туралы сертификат пішіні

____________________________________________________________________
                  уәкілетті орган (немесе МҒМО)

                        СЕРТИФИКАТ

                                                    Қазақстан Республикасы
                                   өлшем бірлігін қамтамасыз ету
                                   мемлекеттік жүйесінің
                                   Тізілімінде тіркелген
                                   N___________________________
                                   20__ж."___"________ берілген
                                   20__ж."___"________ дейін күшінде

Осы сертификат______________________________________________________
                        (фамилиясы, аты, әкесінің аты)
_________________________________________біліктілік беруімен берілді
Уәкілетті орган немесе МҒМО басшысы
____________________________________________________________________
                        (қолы, қолының расшифровкасы)

М.О.

_____________________________
*Берілген біліктілік көрсетіледі: сарапшы-аудиторға арналған өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы іс-әрекет бағыты немесе салыстырып тексерушіге арналған өлшем түрлі (түрлері) көрсетілген сарапшы-аудитор немесе салыстырып тексеруші

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады