"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 8 маусымдағы N 242 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 21 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4753 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 11 мамырдағы N 204 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.05.11 N 204 Бұйрығымен.

      Нормативтік құқықтық базаны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі  N 548 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1577 болып тіркелген, 2001 жылғы тамыз айында N 27 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1916 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 11 маусымдағы N 411; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2893 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 8 мамырдағы N 266; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3669 болып тіркелген, 2005 жылғы 13 тамыздағы N 33 "Ресми газеті" газетінде жарияланған, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 17 мамырдағы N 289; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4220 болып тіркелген, 2006 жылғы 26 мамырдағы N 97-95 "Заң газеті" газетінде жарияланған, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2006 жылғы 19 сәуірдегі N 181 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерінде:

      8-тармақта:
      үшінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      Тыңдаушылар қатарына қабылдау конкурсына қатысу үшін қажетті ең төменгі баллдар деңгейі 60 баллды құрайды, оның ішінде кемінде 7 балл бейіндік пәннен, ал қалған пәндер бойынша жақсы бағалар болуы тиіс.".

      2. Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (Ә.А. Ақанов) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр

      "Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
 
  2007 жылғы 8 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады