"Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алым ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы N 149-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 13 маусыдағы N 163-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 16 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4812 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 17 шілдедегі № 213-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 17.07.2013 № 213-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
       1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алым ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы  N 149-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4287 нөмірмен тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 28 шілдеде N 139 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алым ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы Ереже бекітілген және келісілген инвестициялық бағдарламасы және (немесе) инвестициялық жобасы бар табиғи монополиялар субъектілеріне белгіленген тәртіппен қолданылады.";

      4-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) құзыретті орган - бір облыстың аумағында су шаруашылығы жүйесінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін салалық министрлік және (немесе) ведомство және (немесе) кәріз жүйесінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін - жергілікті атқарушы органдар, ал екі немесе одан да көп облыстар аумағында су шаруашылығы жүйесінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті;";

      2-тарау алып тасталсын;

      7-тармақта "Субъект" деген сөздің алдынан "Табиғи монополия" (бұдан әрі - Субъекті)" деген сөздер қосылсын;

      8-тармақта:
      2) тармақшадағы "жоба" деген сөзден кейін "(егер бағдарлама (жоба) белгіленген тәртіппен бекітілмеген және келісілмеген жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;
      4), 5) және 6) тармақшалардағы "өтінім беру алдындағы өспелі қорытындымен тоқсандарға бөле отырып және төрт тоқсанға" деген сөздер алып тасталсын;
      8) тармақшадағы "өтінім беру алдындағы төрт тоқсанға ( 1-т тоқсандық нысаны)" деген сөздер алып тасталсын;
      10), 11), 13) және 14) тармақшалардағы "өтінім беру алдындағы тоқсандарға бөле отырып және төрт тоқсанға" деген сөздер алып тасталсын;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге белгіленген тәртіппен бекітілген және келісілген:
      персонал санының нормативтерінің;
      техникалық және технологиялық нормалардың;
      нормативтік техникалық ысыраптардың;
      инвестициялық бағдарламаның және (немесе) инвестициялық жобаның болуын растайтын құжаттар;";

      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "15-1) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін Субъектінің ағымдағы және күрделі жөндеулер мен басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың белгіленген тәртіппен бекітілген және келісілген сметасы;";
      16) тармақшадағы "өтінім беру алдындағы төрт тоқсанға" деген сөздер алып тасталсын;
      18), 20) және 23) тармақшалар алып тасталсын;
      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "22) заемдық ресурстарды қаржыландыру және өтеу шарттары (кредиттер үшін пайыздар, қаржыландыру кезеңі, комиссиялық төлемдер, өтеу мерзімдері мен басқалар);";

      9-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) өтінім материалдары тігілген, нөмірленген болуға және Субъекті басшысының мөрімен және қолымен расталуға тиіс. Бұл ретте, қаржы құжаттарына Субъектінің бірінші басшы мен бас бухгалтері не оларды алмастыратын тұлғалар қол қоюға және Субъектінің мөрімен расталуға тиіс;";

      11-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) Ұсынылған құжаттардың осы Ереженің 9-тармағының 1), 2) және 6) тармақшаларына сәйкес келмеуі;";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "19. Тарифтердің (бағаларды, алым ставкаларының) шекті деңгейіне енгізілетін материалдық шығындар "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде N 4379 нөмірмен тіркелген "Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 4 тамыздағы N 191-НҚ бұйрығына сәйкес орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңдерге бекітілетін өнім бірлігін (қызметтерді, тауарларды, жұмыстарды) шығаруға арналған шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларына сүйене отырып, айқындалады.";

      44-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) келесі есепті кезең үшін тоқсан сайын 25-не дейін заемдар бойынша пайда болған міндеттемелерді іс жүзінде төлеу туралы ақпаратты;";

      47-тармақтың төртінші абзацы алып тасталсын; 

      50-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) стратегиялық тауарлардың құнының арасындағы елеулі өзгеріс жатады.";

      52-тармақтың төртінші абзацы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 52-1-тармақпен толықтырылсын:
      "52-1. Уәкілетті орган субъектінің персонал саны нормативтерінің қолданылу мерзімі тоқтатылған немесе өзгерген жағдайда тарифтердің (бағаларды, алым ставкаларының) шекті деңгейін өзгертеді.";

      реттік нөмірі 16-жолдағы "Көрсеткіштердің атауы" деген бағанда көрсетілген Ереженің 2-қосымшасындағы "құзыретті" деген сөз "уәкілетті" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Труба құбырлары және су кәріздері жүйелері саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.Г. Асқарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Н.Ш.Алдабергеновке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ол алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

       КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      2007 жылғы 22 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады