Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының»"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 345 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 187 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 30 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4837 болып енгізілді.

       Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз.

      "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңының  4-бабының  2) тармақшасына,  10-бабына , 17-4-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі  N 345  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2548 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2548 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 345 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы  N 74  қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2797 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 28 мамырдағы  N 159  қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3699 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына қатысудың үлгi шартын бекiту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегi N 345 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 47 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4161 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 345 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы  N 71  қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4221 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 345 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі  N 220  қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4437 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың  үлгі шартында :
      1-тармақта "міндетті", деген сөзден кейін "қосымша және" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:

"2-1-тарау. Қосымша жарналарды төлеу тәртібі

      4-1. Сақтандыру ұйымы - қатысушы Қор белгілеген қосымша жарналар ставкасына сәйкес айқындалған мөлшерде қосымша жарналарды төлейді.
      4-2. Сақтандыру ұйымы - қатысушы қосымша жарнаның сомасын есептеуді уәкілетті органмен бекітілген есептеу әдістемесіне сәйкес дербес жүзеге асырады.
      4-3. Сақтандыру ұйымы - қатысушы қосымша жарналарды төлеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі Қордың шотына есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей әр тоқсанның қорытындысы бойынша дербес жүзеге асырады.";

      27-тармақ:
      1) тармақшада "міндетті" деген сөзден кейін ", қосымша" деген сөзбен толықтырылсын;
      4) тармақшада "міндеттемелерді" деген сөзден кейін ", сондай-ақ қосымша жарналарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      28-тармақтың 4) тармақшасы "міндетті" деген сөзден кейін ", қосымша" деген сөзбен толықтырылсын;

      31-тармақ:
      1) тармақшада "міндетті" деген сөзден кейін ", қосымша" деген сөзбен толықтырылсын;
      2) тармақша "жарналар" деген сөзден кейін ", қосымша жарналар" деген сөздермен толықтырылсын;

      36-тармақта "міндетті" деген сөзден кейін ", қосымша" деген сөзбен толықтырылсын;

      37-тармақта "міндетті" деген сөзден кейін ", қосымша" деген сөздермен толықтырылсын, "міндетті" деген сөзден кейін ", қосымша" деген сөзбен толықтырылсын;

      1-қосымшада:
      қосымшаның атауында "жарналар" деген сөзден кейін ", қосымша жарналар" деген сөздермен толықтырылсын;
      кестедегі "Қорға қатысқаннан бастап кезеңде есептелген шартты міндеттемелердің жалпы сомасы (өсіп отыратын нәтижесімен)" деген бағаннан кейін мынадай мазмұндағы бағанмен толықтырылсын:
      "Қосымша жарналардың есептелген сомасы".

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Стратегия және талдау департаменті (М.С. Бөбеев):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Агенттіктің Төраға Қызметі (Е.Н. Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады