Қосалқы бухгалтерлік есепті және Қазақстан Республикасының қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің автоматтандырылған ақпарат жүйесіне ендірілген Бас бухгалтерлік кітапты жүргізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 20 шілдедегі N 80 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 14 тамызда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4868 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 272 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 272 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілері үшін бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыруға қойылатын талаптарды белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, арнайы қаржы компаниялары және ипотекалық ұйымдар (бұдан әрі - ұйымдар) мынадай талаптарды орындасын:
      1) мынадай талаптар сақталған кезде жүргізілетін барлық операциялар бойынша қосалқы бухгалтерлік есепті жүргізуді қамтамасыз етсін:
      жүргізілетін барлық операцияларды бухгалтерлік есепте көрсетудің тәртібін реттейтін бекітілген ішкі құжаттардың болуы;
      клиенттермен жұмысты жүзеге асыру үшін, жүргізілген операцияларды алынған бастапқы құжаттар негізінде қосалқы бухгалтерлік есепте тіркеу үшін жауапты ұйымдардың тиісті бөлімшелерінің жұмыс тәртібін реттейтін бекітілген ішкі құжаттардың болуы;
      жүргізілетін барлық операциялар бойынша, оның ішінде есеп айырысу кассалық операциялары, кірістер мен шығыстар, кадрлар және жалақы, негізгі құрал-жабдықтар, тауар-материалдық құндылықтар (қорлар), бағалы қағаздар, салымдар, дебиторлық және кредиторлық берешектер, бюджет және бюджеттік бақылау бойынша, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлері, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет және Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің басқа қызметі бойынша қосалқы модульдердің болуы;
      автоматтандырылған ақпарат жүйесіне ендірілген негізгі операциялар бойынша жеке және жүргізілетін барлық операциялар бойынша өзге қызметтің жеке қосалқы бухгалтерлік журналдарының (шарттарды (операцияларды) тіркеу журналдарын қоса алғанда) болуы;
      автоматтандырылған ақпарат жүйесіне ендірілген жүргізілетін барлық операциялар бойынша кодтардың болуы;
      клиенттердің карточкаларын тіркеу кітабын және қосалқы бухгалтерлік есептің жеке шоттарын тіркеу кітабын орталықтан жүргізу;
      2) автоматтандырылған ақпарат жүйесіне ендірілген Бас бухгалтерлік кітапты барлық филиалдарды және өкілдіктерді (олар бар болса) ескере отырып, мынадай талаптармен жүргізуді қамтамасыз етсін:
      Бухгалтерлік есептің Шоттар жоспарын қарау, түзету, ауыстыру мүмкіндігі және бухгалтерлік есептің бірнеше Шоттар жоспарын қолдау;
      Бас бухгалтерлік кітаптың деректерін қосалқы бухгалтерлік есептің деректерінен бөлек сақтау;
      Бас бухгалтерлік кітаптың шоттар бойынша тарихын Бас бухгалтерлік кітаптың шоттары бойынша деректерді қалпына келтіру мүмкіндігімен кемінде бес жыл сақтау;
      Бас бухгалтерлік кітаптың бухгалтерлік жазбаларын қосалқы бухгалтерлік есептің жан-жақты ақпаратына (негізінде осы жазбалар қалыптастырылған шарттарға, журналдарға, төлем және басқа құжаттарға) кірумен қарау мүмкіндігі;
      жүргізілген операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету дұрыстығын автоматтандырылған ақпарат жүйесінде бухгалтерлік жазбаларға рұқсат беру (бекіту) жүйесін (сатысын) құру және ұйым қызметкерлерінің өкілеттіктерін шектеу арқылы бақылау;
      өндірілетін деректердің толық болуын бақылау (функциялар немесе операциялар барлық жолдар толық толтырылмай орындалған жағдайда автоматтандырылған ақпарат жүйесі тиісті хабарлама беруі тиіс);
      қаржылық және өзге есептілікті, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілікті Бас бухгалтерлік кітаптың деректері негізінде орталықтан қалыптастыру;
      қосалқы бухгалтерлік есептің есепке алу операцияларын Бас бухгалтерлік кітапта нақты уақыт режимінде немесе пакеттік режимде көрсету;
      бөлімшелер, филиалдар (олар бар болса) жүргізетін барлық операциялардың, оның ішінде кірістер мен шығыстардың, кадрлардың және жалақының, негізгі құрал-жабдықтардың, тауар-материалдық құндылықтардың (қорлардың), бағалы қағаздардың, салымдардың, дебиторлық және кредиторлық берешектердің бухгалтерлік есебін орталықтан жүргізу.

      2. Осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, ұйымдар 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде өздерінің автоматтандырылған ақпарат жүйелерін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келтірсін.
      2007 жылғы 1 қаңтардан кейін құрылған ұйымдар өздерінің автоматтандырылған ақпарат жүйесін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген талаптарға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап екі жыл ішінде сәйкес келтірсін.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, арнайы қаржы компанияларына және ипотекалық ұйымдарға Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне және»"Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы"»заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З. Айманбетоваға жүктелсін.

       Ұлттық Банк Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады