"Тұрғын үйлерді жобалауға, салуға, пайдалану мен күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2007 жылғы 29 маусымдағы N 394 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 16 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4877 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6)-тармақшасына, 17-бабының 1) және 3)-тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған "Тұрғын үйлерді жобалауға, салуға, пайдалану мен күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Белоног А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру - құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Мұхамеджанов Ж.М.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Индустрия
      және сауда министрлігінің Құрылыс
      және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
      істері комитеті төрағасы
      2007 жылғы "__"______

      Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының   
2007 жылғы 29 маусымдағы 
N 394 бұйрығымен бекітілген

"Тұрғын үйлерді жобалауға, салуға, пайдалану мен
күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары 1. Жалпы ережелер

      1. "Тұрғын үйлерді жобалауға, салуға, пайдалану мен күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі және нормалар (бұдан әрі - санитарлық ереже) тұрғын үйлерді жобалауға, салуға, күтіп-ұстауға, пайдалануға, олардың аумағына және жеріне, жылу және желдету жүйелеріне, табиғи жарыққа, сумен жабдықтауға және канализацияға, сондай-ақ тұрғын емес жайларға, мобильдік үйлерді және мейманханаларды қоспағанда, талаптар орнатады.

      2. Осы санитарлық ереже Қазақстан Республикасының аумағында жүрген барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

      3. Осы санитарлық ережелерде қолданылған терминдер және анықтамалар:
      1) тұрғын үй - негізі тұрғын үй-жайлардан және үйдің жалпы пайдалану бөлігінен, сонымен қатар тұрғын емес қабаттардан (жайлардан) тұратын құрылыс;
      2) тұрғын емес қабаттар (жайлар) - негізгі тұрғын үйдің төменгі қабаттарына іргелес ішіне, жапсарлас (ішіне жалғастырыла) салынған, цокольдық және/немесе төле, сондай-ақ жер үсті қабаттарында орналасқан, қосалқы, көмекші, техникалық мақсаттарға арналған, сондай-ақ, қоғамдық және/немесе кіші, орта кәсіпкерлік не өзге мақсаттағы, тұрғын үймен қызметтес байланыста болмайтын, сонымен қатар негізгі тұрғын үйге жапсарлас және жалғастырыла салынған бөліктері бар жеке жайлар (жайлар тобы);
      3) пандус - ғимараттың цоколінің астында орналасқан, сатының орнына көше беттегі есікке кіруге арналған ылди бөлік;
      4) жер үсті қабат - жерден жайдың жобаланған еденінен төмен емес қабаты;
      5) төле қабат - бөлме еденін белгілегенде биіктігі бөлме биіктігінің жартысынан жоғары, жобаланған жер белгісінен төмен қабат;
      6) цокольді қабат - бөлме еденін белгілегенде жоспарланған жер белгісінің биіктігі бөлме биіктігінің жартысынан биік емес қабат.

           2. Тұрғын үйлердің аумағына және жеріне қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      4. Тұрғын үй аймағы, оған жақын орналасқан аймақтар көгалдандырылған, жарықтандырылған, кіре-беріс және жаяу жүретін жолдар қатты жабынмен жабылуы тиіс.

      5. Қоқыс салатын контейнер темірден жасалған болу тиіс, олар асфальт төселген алаңда орналасуы тиіс, алаңның көлемі контейнер көлемінен үш есе артық болуы тиіс.

      6. Контейнерлер тұрғын үйлерден 25 метрден (бұдан әрі - м)  жақын емес, бірақ 100 м алыс емес қашықтықта орналасуы тиіс.
      Қоқыс жинағыш алаңы үш жағынан 1,5 м биіктікке қоршалуы тиіс.

      7. Қалдықты және қоқысты контейнердің көлемі 2/3-і толғанда күніне бір рет тазаланып тұру керек, жаз айларында күніне бір реттен, ал қыста 3 күнде бір реттен сиретпей тазаланып отырылуы тиіс.

      8. Жануарларды өсіруге арналған жайлардан (ғимараттардан) тұрғын үйлерге дейінгі қашықтық Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3792 тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а. 2005 жылғы 8 шілдедегі N 334 бұйрығымен бекітілген "Өндiрiстiк нысандарды жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережесі мен нормалары талаптарын ескере отырып қабылдануы тиіс.

      9. Жақын жерде орналасқан құрылыс пен нысандардан санитарлық қорғау зонасы  қарастырылуы тиіс.

      10. Суаратын су құбыры ескерілуі тиіс.

      11. Қоқыс жинағыш контейнерлерге қатты асфальтталған подъезд болу керек.

  3. Тұрғын ғимараттарын жобалау мен құрылысына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      12. Тұрғын үйлерді жобалау мен салу осы санитарлық ереже
талаптарына сай жүргізілуі тиіс.

      13. Құрылыс және өңдеу материалдары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген болуы тиіс.

      14. Құрылыс және жөндеу жұмыстарына қолданылатын материалдардың электростатикалық өрісінің кернеу деңгейі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30-60 пайыз (бұдан әрі - %) жағдайда 1 метрге 15 киловатт (бұдан әрі - кВ/м) аспауы тиіс.

      15. Тұрғын үйлерде ені 1,2 м бұрышы 1:20 пандустар қарастырылуы тиіс.

      16. Тұрғын үйлерде тұрмыстық-шаруашылық, өртке қарсы және ыстық су, канализация мен суағыстары болуы тиіс.

      17. Инсоляцияны қамтамасыз ету мақсатында биік тұрғын үйлердің ара қашықтығы 20 м кем болмауы тиіс.

      18. IV климаттық ауданда ғимараттар жақсы желдетумен қамтылуы тиіс.

      19. Бес қабаттан жоғары тұрғын үйлерде лифттер қарастырылуы тиіс .

      20. Тұрғын үйлерде қоқыс құбырлары болуы тиіс, оларды жоғары қабаттың еденінен жердің жобалау белгісінен 11,2 м.

      21. Саты марштары мен алаңдары ұстағыштары және қоршалған болуы тиіс, ал қарттар мен мүгедектерге арналған үйлерде - қосымша қабырғалық ұстағыштар қарастырылады.

      22. Басқыш алаңдары мен лифт холлдары кез келген мақсаттағы басқа жайлардан бөлек, қабатаралық коридорлардан жапқыштары бар есіктермен бөлектенуі тиіс, бөлмелердің қабырғалары шуды өткізбейтін болса лифт шахтыларын тұрғын бөлмелерге жақын орналастыруға болады.

      23. Кірешекке кіретін жердің және басқыш алаңның едендері сырғанақ емес, парапетсіз су өтпейтін, қышқылға төзімді Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдармен қапталуы тиіс.

      24. Қоғамдық мақсаттағы жайлардың немесе тұрғын бөліктің тұрғын жерден өтетін инженерлік коммуникациялар (темір трубалардан жасалған су мен жылыту құбырларынан басқа), бір пәтердің көлемінде орналасқан жайларды қоспағанда, дербес өртке қарсы қоршаулары бар шахталарда жүргізілуі тиіс.

      25. Пәтердің немесе жатақхана бөлмесінің есігінен ең жақын қоқыс жинағышқа дейінгі ара қашықтық 25 м кем болмауы тиіс.

      26.  Қоқыс құбырының бағаны ауа өткізбейтін, құрылыс түзілістерінен дыбыс жібермейтін болуы және тұрғын жайларға іргелес болмауы тиіс.

      27. Қоқысжинағыш камера тікелей қоқыс құбыры бағанының астында орналасуы тиіс, оған ыстық және суық су жүргізілуі тиіс. Қоқысжинағыш камераның жарықта биіктігі 1,95 м кем болмауы тиіс. Қоқысжинағыш камераның ішкі жағы жууға және дезинфекциялауға, контейнерді жууға, камера мен қоқыс түсіргішті жууға ыңғайлы болуы тиіс. Қоқысжинағыш камераның едендері канализациялық трапқа бұрышталып төселуі тиіс.

      28. Қоқысжинағыш камера сыртқа ашылатын есігі бар дербес үйге кіретін есіктен тұтас қабырғамен оқшауланған кіре беріс болуы тиіс.

      29. Қоқысжинағыш камерасынан толған контейнерлерді арнайы автокөліктің бункеріне ролик ретінде салудың тасымалдануын  механизациялауды қарастырылуы тиіс; роликтары бар алаңдар, қармағыш кронштейндері бар элетроталдар.

      30. Қоқысжинағыш камераның едендері ішкі алаңның тегіс бетінде болуы тиіс. Еден деңгейінде тұрғын үйдің су құбырына қосылған ағынсулардың қабылдағышы орналасуы тиіс.

      31. Басқыш алаңдарында орналасқан қоқыс құбырларының  клапандарының қақпақтары резеңке прокладкасы бар тығынмен жабылуы тиіс.

      32. Қоқыс құбыры оны тазалауға, дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны жүргізуге мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

  4. Жылу және желдету жүйелеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      33. Жылу және желдету жүйелері тұрғын үй жайлары ауасының және ауа алмасу жиілігінің осы санитарлық ережелер қосымшасына сәйкес есеп көрсеткіштерін қамтамасыз етуі тиіс.

      34. Жылу радиаторлары тазалағанға ыңғайлы болуы тиіс. Су жылыту жүйесі жағдайында екі түтік жүйесіндегі радиаторларының үстіңгі бетінің температурасы 85 градус Цельсиядан (бұдан әрі -  0 С), бір түтіктік жүйедегілер үшін - жоғарғы қабаттар үшін - 100-105  0 С аспауы тиіс.

      35. Нормаланған ауа соруы бар үй-жайлар үшін жоғалған ауаның орны сол пәтердің басқа бөлмелерінен (ас бөлмесі мен санитарлық тораптарды қоспағанда) және сырттан келетін ауаның есебінен толтырылу жүйесі қарастырылуы тиіс.

      36. Үй-жайлар терезе көзі, терезе және өзге құрылғылар арқылы желдету каналдары арқылы желдетілумен қамтамасыз етілуі тиіс.

      37. Тура, бұрыштық және тік желдетуге жол беріледі. Секциялық үйлерде біржақты орналасқан бір және екі бөлмелі пәтерлер үшін басқыш алаңы немесе өзге желдетілетін пәтерден тыс жайлар арқылы желдетуге жол беріледі. Сонымен қатар мұндай пәтерлер бір қабатта екеуден артық болмауы тиіс. Коридорлық типтегі үйлерде бір және екі бөлмелі пәтерлері үшін ұзындығы 24 м артық емес табиғи жарықтандырылған және тура немесе бұрыштық желдетуі бар ортақ коридорлардан желдетілуіне жол беріледі.

      38. Басқыш алаңның желдетілуі әр қабатта ашылатын 1,2 м 2       әйнектелген өтпелер арқылы қамтамасыз етілуі тиіс.

      39. Желдету жүйесі бір пәтерден екінші пәтерге ауаның ауысуына жол берілмейтіндей қарастырылуы тиіс.

      40. Тұрғын үйлер мен жатақханалардың бөлмелерінің сору желдетілуі ас бөлмесі мен ванна, кептіру шкафтарының сору арналары арқылы өтуі қарастырылуы тиіс, олар бөлек орналасқан және олардың қосылуына жол берілмеуі тиіс.

      41. Бір пәтер шегіндегі ас бөлмесі, санитарлық тораптардың, ванна және киім ілетін бөлмелердің жергілікті желдету арналарын, қызмет көрсететін үй-жайлардан 2 м кем емес жоғары бір деңгейдегі құранды арнаға қосылумен құранды желдету арнасына біріктіруге жол беріледі.

      42. Тұрғын үйлердің ішіне жалғастырылып салынған қоғамдық мақсаттағы жайларда желдету мен жылыту жүйелері қарастырылуы тиіс.

      43. Жанасып салынған объектілердің желдету және жылыту жүйелері автономды болуы тиіс. Бір пәтердің аумағындағы орналасқан жайлардың өртжарылу қаупі бар заттар және нормаланатын мәндерден аспайтын зиянды заттар жоқ болса, сору желдетуді тұрғын үйдің жалпы сору желдетуіне қосуға жол беріледі.

      44. Жылы шатыр астысы бар үйлердегі шатыр астындағы ауа үйдің әр секциясына соңғы қабаттың биіктігі 4,5 м кем емес бір сору шахтадан кетуі қарастырылуы тиіс.

      45. Температурасы 40 оС ден төмен климаттық ауданда 3 қабатты және одан жоғары тұрғын үйлерді сыртқы ауаны жылытатын кіретін желдетумен қамтамасыз етуге жол беріледі.

      46. Әрпәтерлік газ отынындағы сужылытқыштарды (соның ішінде азметражды жылыту қазандары) бес қабатты, қоса алғанда, үйлерде, сүйекті отындағыларды - екі қабат үйлерде орнатуға жол беріледі (цокольды қабатты ескермегенде).

      47. Сүейкті отындағы әрпәтерлік жылу генераторлары ас бөлмесінде немесе жеке бөлмелерде орнатылуы тиіс. Бір-екі пәтерлік үйлерде жылу генераторы орналасқан жайға пәтердің қосалқы жайынан кіруге жол беріледі.

      48. Сүйекті отындағы қайнататын және жағатын пештерді биіктігі екі қабаттан аспайтын үйлерде, жатақханаларда орнатуға жол беріледі.

  5. Табиғи жарықтандыруға қойылатын санитарлы-эпидемиологиялық талаптар

      49. Коридорлық типтегі тұрғын үйлердің үй-жайлары, ас бөлмелері, тұрғын үйлердің қоғамдық мақсаттағы жайлары табиғи жарықтандырылуы тиіс.

      50. Табиғи жарықтанудың коэффициенті бөлменің ортасында 0,5% кем болмауы тиіс.

      51. Инсоляция ұзақтығы көктем-күзгі кезеңдерде тұрғын бөлмелерінде 1-3 бөлмелі пәтерлерде кем дегенде бір бөлмеде және 4-5 бөлмелі пәтерлерде кем дегенде екі бөлмеде орталық аймақта (солтүстік кеңдігінің 58-48о) - күніне кем дегенде 3 сағаттан; оңтүстік аймақта (солтүстік кеңдіктің 48о оңтүстікке қарай) - күніне кем дегенде 2 сағаттан болуы тиіс. Жатақханалардың 60% кем емес үй-жайлары инсоляциялануы тиіс.

      52. Үзінді режимді инсоляция кезінде инсоляцияның суммарлық ұзақтығы 0,5 сағатқа ұзартылуы тиіс. Меридиональды типтегі тұрғын үйлерде барлық тұрғын үй-жайларын біркелкі инсоляциялағанда және тұрғын құрылысын қайта құрастырғанда немесе аса күрделі қалалық құрылыс жағдайында инсоляция ұзақтығының 0,5 сағатқа қысқартылуына жол беріледі.

      53. Пәтерлердің және жатақханалардың барлық тұрғын үй-жайларының және ас бөлмесінің жарық түсіру ауданының қатынасы осы жайлардың едендерінің ауданынан 1:5,5 аспауы тиіс. Ортақ коридорлардың ұзындығы сыртқы қабырғалардағы жарық ойықтары арқылы жарықтанған жағдайда бір жағында 24 м, ал екі жақтан-48 м аспауы тиіс.

      54. Өте ұзын коридорлар үшін жарық қалташалар арқылы қосымша табиғи жарықтандыру қарастырылуы тиіс. Екі жарық қалташасы арасы 24 м артық болмауы тиіс, ал жарық қалтасы мен жарық ойығының арасы 30 м артық болмауы тиіс. Жарық қалташасы қызметін атқаратын басқыш алаңының ені 1,2 м кем болмау тиіс. Жарық қалташасы қызметін атқаратын басқыш алаң арқылы оның екі жағында орналасқан 12 м дейінгі коридорларды жарықтандыруға жол беріледі.

  6. Шу деңгейіне, дірілге, ультрадыбысқа және инфрадыбысқа, электрлік және электромагниттік алаңға және иондық сәулеленуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      55. Тұрғын үйлердің жайларында шу және инфрадыбыс деңгейлері қауіпсіз болуы тиіс.

      56. Тұрғын үй-жайларда түзетілген дірілжылдамдатқыш деңгейі 80 дециБелден (бұдан әрі - дБ), дірілжылдамдық - 72 дБ жоғары болмауы тиіс. Дірілдің рұқсат етілген деңгейіне енгізілген түзетулерді есептегенде үнемі діріл ноль, үнемі емес болса - минус 10 дБ және тәулік уақытын есептегенде - сағат 7-ден 23-ке дейін плюс 5, сағат 23-тен 7-ге дейін - ноль.

      57. Ауа ультрадыбысының берілген деңгейі ретінде децибелде үшінші октавалық белдеудегі 10; 12,5; 16; 20; 25; 31,5; 40; 50; 63; 80; 100; 160; 200; 250; 315 килоГерц ортагеометриялық жиіліктегі дыбыс қысымы есептелуі тиіс, контакты ультрадыбыстың берілген деңгейі ретінде дірілжылдамдықтың шыңдық мағынасы немесе оның децибелде октавалық белдеудегі 31,5; 63; 125; 250; 500; 1000; 2000; 4000; 8000 Герц (бұдан әрі - Гц) ортагеометриялық жиіліктегі логарифмдік деңгейі есептелуі тиіс.

      58. Қуаттылығы 100 Ватт және одан жоғары 300 мегаГерцтен жоғары жиілікті радиотехникалық объектілер тұрғын құрылысы аймағынан 300 м қашықтықта орналасуы тиіс.

      59. Тұрғын үй-жайларда 50 Гц өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік жүйе кедергісі қабырғадан және терезеден 0,2 м қашықтықта және еденнен 0,5 - 1,8 м биіктікте 1 метрге 0,5 киловольттан (бұдан әрі - кВ/м) артпауы тиіс.

      60. Тұрғын үй-жайларда 50 Гц өнеркәсіптік жиіліктегі магнит жүйесінің индукциясы қабырғадан және терезеден 0,2 м қашықтықта және еденнен 0,5 - 1,5 м биіктікте 10 микроТеслден (одан әрі - мкТл) артпауы тиіс.

      61. Тұрғын орындарында 50 Гц өнеркәсіптік электрлік және магниттік жүйе тұрмыс техникасы және жергілікті жарықтандырғыш құралы сөндіріліп тұрғанда есептелінеді.

      62. Өнеркәсіптік электрлік өрістің кернеуі 50 Гц тұрғын орындарында ауа қабатынан айнымалы тоқты электрөтгізгіші үшін және басқа объектілердің 1 кВ/м жерден 1,8 биіктіктен аспауы тиіс.

      63. Үй ішінде гамма-сәулеленуінің әсерлі дозасының қуаты сол жердің табиғи фонының мағынасынан 0,2 мк 3в/сағаттан артпауы тиіс, жобаланған немесе қайта тұрғызылатын үйлер үшін бөлме ішіндегі ауада радонның ортажылдық эквиваленті тепе-теңдікті көлемді белсенділігі 100 кубтағы метрге Беккерельден және пайдалануға берілетін ғимараттарда 200 кубтағы метрге Беккерельден артпауы тиіс.

      64. Жаңадан тұрғызылатын үйлердің құрылыс материалдарында табиғи радионуклеоидтың үлесті әсерлі белсенділігі 370 килограмға Беккерельден артпауы тиіс.

  7. Сумен қамтамасыз етуге және канализацияға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      65. Орталықтандырылған ыстық және орталықтандырылмаған сулардың қауіпсіз және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2999 тіркелген "Шаруашылық-ауыз суымен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындары жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2004 жылғы 28 маусымдағы N 506 бұйрығының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      66. Елді мекендерде орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмегенде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3720 тіркелген "Орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 13 мамырдағы N 229 бұйрығына сәйкес орталықтандырылмаған сумен жабдықтау қарастырылуы тиіс.

      67. Ас және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінде Қазақстан Республикасы аймағында қолдануға рұқсаты бар материалдардан жасалған сумен қатынаста болатын құбырлар және басқа жабдықтар қолданылуы тиіс.

      68. Ас су өткізгіш торабымен тамаққа пайдаланылмайтын су өткізгіш торабын біріктіруге жол берілмейді.

      69. Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етілмейтін және канализациясы жоқ аудандарда аулалық қоқыс жинағыш және су сіңірілмейтін үлгідегі қазылған шұңқыры бар 1-2 қабатты тұрғын үйлерді жобалауға және салуға жол беріледі, сонымен қатар арнайы көлік құралымен арнайы орындарға жуынды-шайынды шығарылуы тиіс (жуынды төгетін станциялар, суармалы егіс, фильтрация алқаптары). Олардың шығарылуы толған бойда, бірақ 3 тәулікте 1 реттен сирек емес болуы тиіс (күреп алудың көлемі 3 тәулік науа қорынан есептеледі). 

  8. Тұрғын үй-жайларын күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      70. Тұрғын үйлердің барлық үй-жайлары тазалықта ұсталуы тиіс. Істен шыққан су өткізгіш, канализация, желдеткіш, жылу, электрмен қамтамасыз ету жүйелері, лифт құрылымы және басқалары тез арада жөнделуі тиіс.

      71. Тұрғын үй-жайлардың биіктігі 2,5 м төмен болмауы тиіс.

      72. Төмендегілерге жол берілмейді:
      1) Тұрғын үй-жайларды цокольды және/немесе төле қабаттарда орналастыруға;
      2) пәтераралық қалаулар ретінде гипсокартоннан жасалған қалауларды қолдануға;
      3) тұрғын үй-жайлардың астында және үстінде және олармен іргелес машина тұрағын, лифт шахталары мен қоқысжинағыш камерасын орнатуға;
      4) ас бөлмесінен, ванналардан, азық-түлік сақтайтын қоймалардан желдету камерасын пәтер аралық жылу генераторларының, гараждың желдету камерасымен қосуға;
      5) тұрғын үйлерде автокөліктерді жөндейтін және техникалық көмек көрсету орындарын, қосалқы салынған көлік жуу орындарын орналастыруға;
      6) тұрғын үйлерге қосып салған объектілерде газ құрылғыны орнатуға және газификацияланбаған тұрғын үйлерде үй-жайды жылыту үшін тұрмыстық газ құралдарын қолдануға;
      7) тұрғын үйлерді жобалау іс қағаздары бойынша қарастырылмаған мақсатқа сәйкес рұқсатсыз және реконструкциясыз пайдалануға;
      8) тұрғын үйлердегі тұрғын үй-жайларда және қоғамдық мақсаттағы жайларда ауаны ластайтын заттарды сақтауға;
      9) шу, діріл деңгейін жоғарылататын, ауаны ластайтын немесе көрші тұрғын бөлмелеріндегі азаматтардың тұрмыс жағдайына кері әсер ететін жұмыстарды атқаруға;
      10) тұрғын үйдің барлық үй-жайларын ластауға;
      11) тұрғын үйге іргелес жатқан аумақта автокөліктерді жууға;
      12) тұрғын үйлерде жануарлар үшін баспананы орналастыруға;
      13) тұрғын үйлерге қосылып салынған объектілер үшін тұрғын есік алдына кіре беріс жолдарды және жүк түсіретін алаңдарды ұйымдастыруға.

  9. Тұрғын емес қабаттарға (жайларға) қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      73. Тұрғын үйлерде орналасатын тұрғын емес қабаттардың (жайлардың) биіктігін тұрғын үй-жайлардың биіктігіне теңдей етуге жол беріледі.

      74. Тұрғын үйдің цокольды қабатында төмендегілерді орналастыруға жол берілмейді:
      1) мектеп жасына дейінгі балалардың уақытша топтары үшін жайлар;
      2) денсаулық сақтау объектілері.

      75. Тұрғын ғимараттарының бірінші және екінші қабаттарында төмендегілерді орнатуға жол берілмейді:
      1) жалпы ауданы 700 квадраттық метр (бұдан әрі - м2) байланыс бөлімшелері;
      2) жалпы ауданы 150 м2 сауықтыру-дене шынықтыру объектілері;
      3) 50-ден артық орынды қоғамдық тамақтану объектісін және күніне 500 артық өндірісі бар үй асханасы;
      4) суммарлы сауда алаңы 1000 м2 артық бөлшек сауда дукені, ыдыстар қабылдау орындары;
      5) эксплуатациясы тұрғын ғимараттың ауасын ластайтын, құрылыс, москатты-химиялық және басқа товарлардың, арнайы дүкендері, арнайы балық және көкөніс дүкендері;
      6) құрамында тез тұтанатын заттарды қолданатын тұрмыстық қызмет көрсету объектілері (100 м2 дейін ауданы бар сағат жөндеу орындарын және 250 м2 шаштараз объектілерін қоспағанда);
      7) жоспарланған ауданы 100 м2 артық аяқ киім жөндеу, тұрмыс машиналарын және құралдарын жөндеу шеберханалары;
      8) монша, хауыз, жойылатын шикізатты қабылдау орындары, химиялық тазартқыштар, кір жуу орындары (сменасына 75 килограмға дейін кір жуу мен қабылдау орындарын қоспағанда);
      9) жалпы ауданы 100 м2 артық тұрғын үйлерді телефонизациялауға арналған автоматтық телефон станциялары;
      10) қоғамдық әжетханалар;
      11) жерлеу бюролары.

      76. Жоғарғы қабаттарда суретшілер мен сәулетшілердің шығармашылық шеберханаларын орнатуға жол беріледі, егер қабаттың бірігуі саты торшасымен тамбур арқылы ойластырылған жағдайда.

      77. Тұрғын үйдің төлелік, цокольды және бірінші қабаттарында автокөліктер тұрағын орналастыруға жол беріледі.

      78. Қоғамдық мақсаттағы жайлар, жатақхана және қарттар мен мүгедектері бар жанұялар үшін салынған тұрғын үйлердің осындай жайларын қоспағанда, тұрғын үйдің тұрғын бөлігінен оңашаланған кіре-беріс және эвакуациялық шығыстары болуы тиіс.

                                 "Тұрғын үйлерді жобалауға, салуға,
                               пайдалану мен күтіп-ұстауға қойылатын
                                    санитарлық-эпидемиологиялық
                               талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық
                                  ережесі мен нормаларына қосымша

        Тұрғын үйлердің үй-жайларындағы ауаның есеп мөлшері
                 және ауаның ауысуының жиілігі

Үй-жай

Жылдың суық мезгіліндегі ауаның есеп температура сы, oС

Ауаның ауысу жиілігі немесе
үй-жайдан шығатын ауаның есебі

Ағым               Сорылу

Пәтердің немесе
жатақхананың тұрғын
бөлмесі

20

3 сағатта
кубтық
метр (бұдан
әрі - м3/сағ) тұрғын
үй-жайдың 1
квадратық
метрге
(бұдан
әрі - м2)


Электрплиталарымен
бірге пәтерлердің
және жатақханалардың
ас бөлмелері кубтары 

16

-

2-конфорлы
плиталарда 60 м3/сағ кем емес

Газ плиталармен

16


60 м3/сағ кем
емес "75"
3-конфорлы
плиталарға
"90"
4-конфорлы
плитаға

Пәтерлердегі аяқ
киім мен киімге
арналған кептіру
шкафтары

-

-

30 м3/сағ

Жуынатын ванна

25

-

"25"

Жеке әжетхана

18

-

"25"

Жуынатын ванна мен
әжетхана бірге 

25

-

"50"

Ортақ душ

25

-

5

Жатақханадағы
жуынатын жер,
киім-кешекті
үтіктейтін және
тазалайтын жер

18

-

1,5

Вестибюль, жалпы
дәліз, пәтерлі
үйдегі басқыш алаң

16

-

-

Кір жуатын жер

15

4 кем емес
есепте

7

Жатақханалардағы
киім үтіктейтін,
кептіретін орындар

15

2 кем емес
есепте

3

Жатақханада жеке
заттарды, спорт
заттарын, шаруашылық
заттарын сақтайтын
орындар 

12

-

0,5

Лифттердің машина
бөлімдері

5

-

0,5 кем емес
есепте

Қоқысжинайтын камера

5

-

1 (қоқыс
құбырының
бағанынан)

      Ескертпелер:
      1. Жатақханалар мен пәтерлердің бұрыштық бөлмелерінде есептік
ауа температурасы кестеде көрсетілген 2 oС жоғары болмауы керек.
      2. Лифттердің машина орындарында ауа температурасы жылдың
жылы мезгілдерінде 40 oС аспауы керек.

          Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының жылдамдығы және
                     ауаның жылжу жылдамдығы

Бөлмелер аты

Салыстырмалы
ылғалдылық %

Ауа қозғалысының
жылдамдығы,
секундына метр
м/с

оптимальді

рұқсат
етілген

оптимальді

рұқсат етілген


Тұрғын бөлме

45-30

60

0,15

0,2

Жылдың
суық
мезгілі

Оқуға
және демалысқа
арналған
бөлмелер

45-30

60

0,15

0,2

Пәтераралық
дәліз

45-30

60

0,15

0,2

Әжетхана

19-21

18-26

0,15

0,2

Жуынатын
бөлме

24-26

18-26

0,15

0,2

Тұрғын
бөлме

60-30
16-18

65
14-20

0,2

0,3

Жылдың жылы кезеңі



0,2

0,3

Тұрғын бөлме

60-30

65

0,2

0,3

(*) 






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады