Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.08.15 № 208-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Г.Қ. Ыбыраева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің және "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Н.Ш. Алдабергеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға
КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі
2007 жылғы 25 қыркүйек
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2007 жылғы 29 тамыздағы
N 227-НҚ бұйрығымен бекітілген
Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды
жалғастыруға рұқсат беру ережесі 1. Жалпы ережелері
1. Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Темір жол көлігі туралы", "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 26 ақпандағы N 63-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.
2. Ереже кірме жолдардың магистральдық (станциялық) жолдарға жалғасуына рұқсат беру тәртібін белгілейді.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өтініш - магистральдық темір жол желісі операторының темір жолдарының магистральдық және станциялық жолдарына жалғасатын темір жолдары кірме жолдарының құрылысын (қайта жаңғыртуын) жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның ресми өтініші;
2) өтініш беруші - магистральдық темір жол желісі операторының темір жолдарының магистральдық (станциялық) жолдарына жалғасатын темір жолдары кірме жолдарының құрылысын (қайта жаңғыртуын) жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
3) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) кірме жолдардың жалғасуы - темір жолдарының магистральдық (станциялық) жолдарына кірме жолдардың қосылуы.
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 26 ақпандағы N 63-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.
2. Кірме жолдардың жалғасуына рұқсат беру тәртібі
4. Кірме жолдардың жалғасуына рұқсат беруді уәкілетті орган өтініш берушінің жазбаша өтінішінің негізінде жүзеге асырады.
5. Өтініш беруші магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат алу үшін уәкілетті органға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беруге арналған өтінішті және мыналар:
1) жер учаскесіне меншік құқығын белгілеуші және сәйкестендіру құжатының;
2) жүктің тегі мен көлемін көрсете отырып, жоспарланып отырған жылдық жүк айналымы туралы мәліметтердің;
3) қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған кірме жолды салу (реконструкциялау) кезінде - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы және қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жазбаша келісімінің;
4) кірме жолдың жалғасу жерін таңдау актісінің;
5) жобаланып отырған немесе реконструкцияланатын кірме жолды, ал қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде - жобаланып отырған және қолда бар темір жолдың эстакадаларын көрсете отырып ситуациялық жоспардың;
6) магистральдық темір жол желісі операторының кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат берудің мақсаттылығы туралы қорытындысымен бірге кірме жолдарды жалғастыруға арналған техникалық шарттарының;
7) өтініш берушінің (заңды тұлға, дара кәсіпкер үшін) құрылтай құжаттарының, мемлекеттік тіркелуін (қайта тіркелуін) растайтын құжаттың не нотариус растаған жеке куәліктің (жеке тұлғалар үшін) көшірмелерін ұсынады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.02.27 № 31-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
6. Жеке тұлға ұсынған құжаттар тігіледі, нөмірленеді және оның қолымен расталады, ал заңды тұлғаның - тігіледі, нөмірленеді, мөрмен және өтініш берушінің бірінші басшысының не міндеттер жүктеу туралы бұйрықты қоса бере отырып оны алмастыратын тұлғаның қолымен расталады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.02.27 № 31-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
6-1. Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беруге арналған өтініш нысанын уәкілетті органның кеңсесі береді, сондай-ақ ол уәкілетті органның www.regulator.kz интернет–ресурсында орналасқан.
Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат алуға қажетті құжаттар пошта арқылы жіберіледі немесе уәкілетті органның кеңсесіне тапсырылады.
Өтініш беруші (өтініш берушінің өкілі) құжаттарды тікелей уәкілетті органның кеңсесіне тапсырған жағдайда, кеңсе қызметкері осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат алуға өтінішті қабылдағаны туралы талон береді, онда тіркеу күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ өтініш берушінің магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат алған күні көрсетіледі.
Жазбаша өтінішті тіркеу кезінде өтініштің бірінші парағында мөртабан басылады, онда тіркеу нөмірі мен тіркеу күні көрсетіледі.
Құжаттарды пошта арқылы жіберген жағдайда өтініш беруші уәкілетті органның кеңсесінен ақпарат алады.
Уәкілетті орган магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсатты өтініш берушіге жеке не оның өкіліне сенімхат арқылы береді немесе пошта арқылы жібереді.
Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.02.27 № 31-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
6-2. Уәкілетті орган өтініш берушінің құжаттарын алған кезден бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Осы Ереженің 5-тармағына сәйкес құжаттар толық ұсынылмаған және осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды қараусыз екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қайтарады.
Ескерту. 6-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.02.27 № 31-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
7. (Алып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 26 ақпандағы N 63-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен).
8. (Алып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 26 ақпандағы N 63-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен).
9. Кірме жолдардың жалғасуына рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш түскен сәттен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қарайды.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2011.01.21 N 21-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
10. Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдардың жалғасуына рұқсат беру және магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдардың жалғасуына рұқсат беруден жазбаша дәлелді бас тарту жазбаша нысанда ресімделеді және уәкілетті лауазымды тұлға қол қояды.
Уәкілетті орган магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдардың жалғасуына рұқсат берілгені туралы магистральдық темір жол желісінің операторына бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.02.27 № 31-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
10-1. Егер уәкілетті орган осы Ереженің 9-тармағында белгіленген мерзімде өтініш берушіге рұқсат бермегені не өтініш берушіні рұқсат беруден бас тарту себебі туралы жазбаша хабарламаған жағдайда, онда осы Ережеде белгіленген мерзім өткен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кейін өтініш беруші уәкілетті органды кірме жолдарды магистральдық және станциялық жолдарға жалғастыру әрекеттерінің басталуы туралы хабардар етеді.
Уәкілетті орган өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушінің жазбаша хабарламасында көрсетілген күнінен бастап рұқсат береді.
Ескерту. 10-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.02.27 № 31-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Магистральдық және станциялық
жолдарға кірме жолдарды
жалғастыруға рұқсат беру
ережесіне
1-қосымша
Ескерту. 1-қосымшаман толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.02.27 № 31-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Нысан
____________________________________
(магистральдық және станциялық жолдарға
кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру
мемлекеттік қызметін көрсететін мемлекеттік
органның толық атауы)
______________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты/заңды
тұлғаның атауы, мекенжайы және телефоны)
Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды
жалғастыруға рұқсат беруге арналған өтініш
_______ жылғы _________ № ___ техникалық шарттарына сәйкес _________
________________________________________________________ станциясында
(мекенжай)
__________________________________________________ үшін магистральдық
(жүктің түрін көрсету)
және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Қосымша _________ парақ.
Жеке тұлғаның тегі, аты, ______ ___________________________
әкесінің аты/заңды (қолы) (мөрмен расталған заңды тұлғаның
тұлғаның лауазымы бiрiншi басшысының не оны
алмастыратын тұлғаның тегі,
аты, әкесінің аты)
________________________
(өтініш күні)
Ескерту: заңды тұлға кірме жолдарды магистральдық және станциялық жолдарға жалғастыруға рұқсат беруге өтініш ұсынған жағдайда шығыс нөмір мен күнді көрсетеді.
2-қосымша
Магистральдық және станциялық
жолдарға кірме жолдарды
жалғастыруға рұқсат беру
ережесіне
2-қосымша
Ескерту. 2-қосымшаман толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.02.27 № 31-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Кірме жолдарды магистральдық және станциялық жолдарға
жалғастыруға рұқсат беруге өтініш қабылдау туралы талон
_____________________________________________________________________
(Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты/заңды тұлғаның лауазымы)
20 ____ ж. «_____» ____________ сағ._____ мин.
Өтінішті қабылдады __________________________________________________
(кеңсе қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты)
Мемлекеттік қызметті алған күні 20 __ ж. «___» ___ сағ.___ мин.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі кеңсесінің лауазымды тұлғалары шағымды қарау барысы туралы хабарлау мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8, 13-кіреберіс, 641-кабинет, 8 (7172) 74-11-98 жүзеге асырады.