Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.01.2013 № 10 Бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 587 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5030 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының 2008 жылғы 27 наурыздағы № 1), мынадай толықтырулар енгізілсін.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесінде:
11-тармақтағы:
екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Оқуға түсушінің тұлғасын куәландыратын құжаттар жеке, ата-аналарымен немесе заңды тұлғалармен ұсынылады.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар тұратын жерінде тіркелгені туралы белгісі бар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқық берілген құжатты ұсынады:
шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
босқын - босқынның куәлігі;
паналатуды іздеуші тұлға - паналатуды іздеуші тұлғаңың куәлігі;
оралман - оралман куәлігі немесе көші-қон карточкасы.
Аталған талаптар Консулдық қатынастар туралы және Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес елшіліктер мен консулдықтардың қызметкерлеріне таратылмайды.
Қазақстан Республикасында уақытша тұратын тұлғалар төлқұжат көшірмесін және көші-қон карточканың көшірмесін көрсетеді.».
2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуі;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Б. Қасымбековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жұмағұлов