Кірме жолдар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2007 жылғы 7 желтоқсандағы N 321-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 29 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5117 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 53-НҚ бұйрығымен. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 53-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 53-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Кірме жолдар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең жағдайлар беру ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Г.Қ. Ыбыраева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Н.Ш.Алдабергеновке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

      КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрі
      2007 жылғы 25 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Табиғи   
монополияларды реттеу       
агенттігінің 2007 жылғы       
7 желтоқсандағы           
N 321-НҚ бұйрығымен         
бекітілген              

Кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы", "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және кірме жолдар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - Субъектілер) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың тең қол жеткізуін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары мен тәртібін айқындайды.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрығымен.

      2. Кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайлары тұтынушылардың оларға ұйымдастыру-құқықтық нысандарына, кірме жолдар иелерінің құқықтық-мүліктік қатынастарына қарамастан осы қызметтерді көрсетуде кемсітпеушілік жағдайларды қамтамасыз етуді көздейді.

      3. Осы Ереже кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды ескере отырып, ұсынылған жағдайда қолданылмайды.

      4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      2) кірме жолдың шектелген өткізу қабілеті - оның техникалық жарақтануына байланысты уақыт бірлігінде (тәулік, сағат) нақты кірме жол арқылы өткізілуі мүмкін вагондардың ең көп саны;
      3) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектiсi ұсынатын және көрсетілетін қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгiлi бiр тауар беру түрiнде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкiлеттi органның мемлекеттiк реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар).
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрығымен.

      5. Кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын қамтамасыз ету мынадай қағидаттарға сүйене отырып, жүзеге асырылады:
      1) кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең қол жетімділік;
      2) кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) барлық тұтынушыларға қатысты бірыңғай тарифтік саясат жүргізу;
      3) кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін және технологиялық жағынан олармен байланысты қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) қызметтері тізбесінің ақпараттық ашықтығы.

2. Кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге
(тауарларға, жұмыстарға) тең қол жеткізуді ұйымдастыру
тәртібі

      6. Табиғи монополиялар субъектілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысымен бекітілген Кірме жолды жылжымалы құрамның өтуі үшін беру жөнінде қызметтер көрсетуге арналған үлгі шартына және жұмыстары, Тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған үлгі шартына сәйкес кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен шарттар жасасады.

      7. Кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсету туралы сауалнама (бұдан әрі - сауал) екі данада жазбаша ресімделеді, оның тіркеу нөмірі, күні, түскен уақыты бар бір данасы тұтынушыда қалады.
      Субъекті кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылардың сауалнамаларын тіркеу журналын жүргізеді, журнал нөмірленуге және тігілуге тиіс. Кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылардың сауалнамаларын тіркеу журналында сауалдың түскен күні мен уақыты, сондай-ақ тіркеу нөмірі тіркеледі.
      Сауалнамаларды тіркеуден бас тартуға, түскен күні мен уақытын, сондай-ақ олардың тіркеу нөмірлерін бұрмалауға жол берілмейді.

      8. Сауалнамаларды Субъектінің қарауы олардың түскен тиісті кезектілігіне сәйкес жүргізіледі.
      Бір күнде бірнеше сауалнамалар түскен жағдайда, оларды бір мезгілде қанағаттандыру кірме жолдың өткізу қабілеті шектелгендіктен, кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну кірме жолдың техникалық және технологиялық мүмкіндігіне байланысты тұтынушыны бес жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, мәлімделген көлемдерге барабар орташа өлшенген қағидат бойынша жүзеге асырылады.

      9. Кірме жолдарды пайдалану жөніндегі келісілген қызметтерден тұтынушы бас тартқан жағдайда, Субъекті сауал берген келесі тұтынушыға кезек бойынша тиісті қызметтер көрсетеді.

      10. Кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы төлеу уәкілетті орган белгілеген тарифтерге сәйкес жүргізіледі.

3. Субъектінің ақпарат беру тәртібі

      11. Субъекті тұтынушыға кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар), олардың құны туралы, кірме жолдарға қол жеткізудің тәртібі туралы, сондай-ақ кірме жолдардың өткізу қабілеті, кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетудің техникалық және технологиялық мүмкіндіктері туралы ақпаратты сауалнамаларды қабылдау орны бойынша мәтіндер, кестелер мен графиктер түрінде орналастырылады.
      Тұтынушының жазбаша сауалы бойынша Субъекті аталған ақпаратты жазбаша нысанда ұсынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады