Әділет министрлігі ұсынысының негізінде, 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 6-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 14 маусымдағы N
384/48-ІІІ
"Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 304/40-ІІІ "Астана қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы" шешіміне (2007 жылғы 27 маусымда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 471 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 3 шілдедегі N 109 "Астана хабары", 2007 жылғы 3 шілдедегі N 116, 2007 жылғы 6 шілдедегі N 117 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "осы шешім Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.".
2. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі N
412/51-ІІІ
"Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 304/40-ІІІ "Астана қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы" шешіміне (2007 жылғы 20 шілдеде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 472 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 26 шілдедегі N 124-125 "Астана хабары", 2007 жылғы 26 шілдедегі N 127 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "осы шешім Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.".
3. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N
14/4-IV
"Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 304/40-ІІІ "Астана қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы" шешіміне (2007 жылғы 06 қарашада нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 477 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 13 қарашадағы N 180, 2007 жылғы 15 қарашадағы N 181 "Вечерняя Астана", 2007 жылғы 13 қарашадағы N 185 "Астана хабары" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "осы шешім Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.".