Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2008.04.18 N 80 қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19 бабының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 318 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті атқарушы органдар қорғаныс жөніндегі тиісті басқармалар арқылы 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтардың әскери қызметке шақырылуын ұйымдастырсын және өткізілуін қамтамасыз етсін.
2. Аудандық және қалалық шақыру комиссияларының қызметіне басшылық ету және бақылау жасау үшін облыстық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Қаратал ауданының әкімі (Қ.Ө.Медеуов) әскерге шақыру кезеңінде Үштөбе қаласындағы облыстық жинау пунктіне кезекті техникалық жұмысшыларды қажет мөлшерде бөлсін.
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Б.Садықов):
1) облыстық, аудандық және қалалық медициналық комиссияларын білікті маман-дәрігерлермен және орта буын медициналық қызметшілермен қамтамасыз етсін;
2) инструкторлық-әдістемелік нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес шақырылушыларды дер кезінде медициналық іріктеуден өткізуді қамтамасыз етсін;
3) шақырылушыларды адамдардың иммунды тапшылық вирусы (АИТВ) инфекциясына, сондай-ақ тексерулердің басқа да түрлеріне ақысыз тексеруді қамтамасыз етсін;
4) шақыру (жинау) пункттерін қажетті құралдармен, медициналық, шаруашылық мүлікпен және дәрі-дәрмекпен жабдықтасын;
5) шақырылушыларды тексеру үшін денсаулық сақтау ұйымдарына төсек-орынның қажетті санын бөлсін.
5. Ішкі саясат департаменті (Қ. Жәйшібекова) жастарды қазақстандық патриотизм, Отан қорғау жөніндегі конституциялық борышын қалтқысыз орындау рухында тәрбиелеу жұмысын жандандырсын.
6. Облыстық спорт және дене тәрбиесі басқармасы (Т.Чарапиев) әскер жасындағы жастар арасында бұқаралық-спорт және әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жандандырсын, кәсіпорындар мен орта білім беретін оқу орындарында жастардың дене тәрбиесі дайындығына тексерулер ұйымдастырсын.
7. Алматы облысының қорғаныс істері департаменті (Т.Мәукебаев) көктемгі шақыру жөніндегі осы қаулының орындалуы туралы Алматы облысы жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасына көктемгі шақыру бойынша 2007 жылғы 20 шілдеге және күзгі шақыру бойынша 2008 жылдың 20 қаңтарына дейін хабардар етсін.
8.Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.А. Долженковқа жүктелсін.
9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі