Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010.02.24 N 28/217 шешімімен.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/276 "Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі – 8-4-26, "Балқаш өңірі" газетінің 2006 жылғы 17 наурыздағы N 23 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 тармақта "9700" саны "10236" санымен ауыстырылсын;
2) 2 тармақта "600" саны "750" санымен ауыстырылсын;
3) 4 тармақ келесі мазмұндағы 5, 6 тармақшаларымен толықтырылсын:
"5) зейнетақы немесе жәрдемақы алушының куәлігі;
6) белгіленген нысандағы мүгедектігі туралы анықтама".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, адам құқығын қорғау, әлеуметтік сала бойынша тұрақты комиссиясына (Баймағанбетов Е.К.) жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Сессия төрайымы Г. Ахрименя
Қалалық мәслихат хатшысы Л. Коробейникова
"КЕЛІСІЛДІ"
Қала әкімі Токушев Қ.Ә.
14 ақпан 2007 жыл
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы Адамова Қ.Қ.
14 ақпан 2007 жыл
Қаржы бөлімі
меңгерушісі Томпиева Ж.Қ.
14 ақпан 2007 жыл
Экономика және
бюджеттік жоспарлау
бөлімінің бастығы Шлыкова З.С.
14 ақпан 2007 жыл