Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010 жылғы 24 ақпандағы N 28/217 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 наурызда N 8-4-176 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011 жылғы 24 наурыздағы N 43/337 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.03.24 N 43/337 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2009 жылғы 7 желтоқсандағы "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Зейнетақылары және әлеуметтік жәрдемақылары 18325 теңге деңгейінен аспайтын жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Әлеуметтік көмек мөлшері айына 900 теңге көлемінде белгіленсін. Әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап, көмекті алуға құқығы туындағаннан кейін тағайындалады. Осы аталған көмекті төлеу өткен ай үшін ай сайын жүргізіледі.
      3. Көлікте жүруге әлеуметтік көмек келесі азаматтарға тағайындалатындығы және төленетіндігі анықталсын:
      1) зейнеткерлерге;
      2) жұмыссыз 3-ші топ мүгедектеріне;
      3) 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
      4) зейнеткерлік жастағы асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алушыларға;
      5) N 1, N 2 тізім бойынша жұмыс жасамайтын арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға.
      4. "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Адамова Қ.Қ.) жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсетуді тағайындауды және төлеуді келесі құжаттар негізінде мезгілінде қамтамасыз етсін:
      1) көмек алушының банктік қызметтерді жүзеге асыруға сәйкес лицензиясы бар мекемелерде жеке шоты көрсетілген өтініш;
      2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттары;
      3) азаматтарды тіркеу кітапшасы;
      4) еңбек кітапшасы немесе жеке еңбек келісім шарты (зейнеткерлерден басқа);
      5) зейнетақы немесе жәрдемақы алушының куәлігі;
      6) белгіленген нысандағы мүгедектігі туралы анықтама;
      7) жеке кәсіпкер ретінде тіркеу фактісінің жоқтығы туралы салық комитетінің анықтамасы.
      5. Ұсынылған құжаттардың шынайылығына өтініш берушілер жауапты. Сенімсіз мәліметтер беру барысында заңсыз тұрғыда тағайындалған және төленген жәрдемақылар әлеуметтік көмекті алушылардан өз еркімен немесе сотқа жүгіну арқылы қайтарылады.
      6. Қосымшада көрсетілген кейбір шешімдердің күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Баймағанбетов Е.К.).
      8. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енеді және 2010 жылдың 1 қаңтарынан туындаған қатынастарға таратылады.

      Сессия төрағасы                            Қ. Шағыров

      Қалалық мәслихат хатшысы                   И. Сторожко

      КЕЛІСІЛДІ

      Қала әкімі                                 Қ.Г. Тейлянов
      22 ақпан 2010 жыл

      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімінің бастығы                З.С. Шлыкова
      22 ақпан 2010 жыл

      Қаржы бөлімінің бастығы                    Ж.К. Томпиева
      22 ақпан 2010 жыл

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімінің бастығы            Қ.Қ. Адамова
      22 ақпан 2010 жыл

Қалалық мәслихаттың
2010 жылғы 24 ақпандағы
N 28/217 шешіміне
1 қосымша

Қалалық мәслихаттың күші жойылған шешімдерінің
тізімі

      1. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/276 "Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-26 болып тіркелген, 2006 жылғы 17 наурыздағы N 23 "Балқаш өңірі" газетінде, 2006 жылғы 6 қыркүйектегі N 59 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған).
      2. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 21 ақпандағы N 40/390 "Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/276 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-66 болып тіркелген, 2007 жылғы 9 наурыздағы N 21 "Балқаш өңірі" газетінде, 2007 жылғы 9 наурыздағы N 25-26 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған).
      3. Қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 12 наурыздағы N 7/61 "Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/276 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-105 болып тіркелген, 2008 жылғы 11 сәуірдегі N 29 "Балқаш өңірі" газетінде, 2008 жылғы 9 сәуірдегі N 42 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған).
      4. Қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 30 маусымдағы N 10/93 "Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/276 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімімен өзгеріс енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-113 болып тіркелген, 2008 жылғы 16 шілдедегі N 68 "Балқаш өңірі" газетінде, 2008 жылғы 16 шілдедегі N 84 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған).
      5. Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 27 мамырдағы N 21/160 "Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/276 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгеріс енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-145 болып тіркелген, 2009 жылғы 17 маусымдағы N 71 "Балқаш өңірі" газетінде, 2009 жылғы 17 маусымдағы N 70 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады