Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 22 маусымдағы 28 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" N 308 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 34 сессиясының 2007 жылғы 20 наурыздағы N 382 шешімі. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Әділет басқармасында 2007 жылғы 4 мамырда N 8-10-44 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 12 сессиясының 2009 жылғы 24 сәуірдегі N 141 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 12 сессиясының 24.04.2009 N 141 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8–бабы 3–тармағы 5) тармақшасы және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 22 маусымдағы 28 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" N 308 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімі N 8-10-27 болып тіркелген), аудандық "Тоқырауын тынысы" газетінің 2006 жылғы 28 тамызындағы N 31 (7043) санында жарияланған, келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 3 тармақта:

      2) тармақшада:

      "6 ай" деген "7 ай" деп ауыстырылсын;

      2) 8 тармақта

      5) тармақшада:

      "18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы" алынып тасталсын.

      3) Осы шешімнің 2 және 8 тармақтары жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саланы дамыту және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Х.Қ. Досмақов) жүктелсін.

      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Қ. Әміре

Аудандық мәслихат хатшысы

М. Оңғарқұлов

КЕЛІСІЛДІ


Ауданның жұмыспен қамту


және әлеуметтік бағдарламалар


бөлімінің меңгерушісі

А. Түсіпбеков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады