Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыcын беру және телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 28 сессиясының 2006 жылғы 22 маусымдағы N 308 шешімі. Ақтоғай ауданы Әділет басқармасында 2006 жылғы 25 шілдеде N 8-10-27 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 12 сессиясының 2009 жылғы 24 сәуірдегі N 141 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 12 сессиясының 24.04.2009 N 141 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Телефон үшін абонеттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуді кейбір мәселелері туралы" Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саланы дамыту және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Х.М. Досмақов) жүктелсін.

      3. Осы шешім 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Қ. Түсіпбеков

Аудандық мәслихат хатшысы

М. Оңғарқұлов


  Аудандық мәслихаттың
28 сессиясының
22 маусым 2006 жыл
N 308 шешімімен
бекітілген

Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақыларды беру және телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің
ҚАҒИДАСЫ:

      Осы Қағида Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысына сәйкес жасалды.

1. Негізгі ережелер.

      1. Тұрғын үй жәрдемақылары тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметті тұтыну, сондай-ақ тұрғын үйді жалдау (жалға беру) бойынша төлем шығындарын қайтару үшін, сонымен қатар телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырулары бойынша өтемақы түрінде тұрғындардың аз қамтылған топтарына берілетін тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.

2. Тұрғын үй жәрдемақыларды тағайындау тәртібі.

      2. Өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңдылықтарымен бекітілген (18 шаршы метр) отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларына балама.

      3. Тұрғын үй көмегі тұрғылықты жер бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде келесі тәртіппен белгіленеді.

      1) көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызілікті азаматтар үшін - 30 шаршы метр;

      2) бір адамға тұтынылған коммуналдық қызметтер мөлшері:

      газ:

      орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталған жағдайда үйге - айына 8 килограмм;

      орталықтандырылған ыстық су болмаған жағдайда үйге – айына 10 килограмм;

      қатты отын:

      1 шаршы метр алаңды жылытуға 1-2 қабатта салынған үйлер үшін 346 килограмм, 3-4 қабатта салынған үйлер үшін 225 килограмм, 5 қабатта салынған үйлерге 134 килограмм (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде), үйге 7 тонна көмірден артық болмауы тиіс. Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы облыстың қалалары мен аудандарында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады.

      Ескерту. 3-тармақтың 2) тармақшасына өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2007.03.20 N 382 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2008.06.24 N 80(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.

      отбасының нақты тұтынған электр қуатының мөлшері:

      газ плитасы бар үйлерде - 150 киловатт;

      электр плитасы бар үйлерде – 250 киловатт.

      3) cуық суды, канализацияны, ыстық суды, қоқыс төккішті, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер меншіктерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және әрі қарай) басқару үлгісіне байланыссыз тарифтерді бекітетін органдармен белгіленеді. Тұрғын үй төлемі мен коммуналдық қызметке белгіленген мөлшерден жоғары тұтыну жалпы негізде жүргізіледі.

      4) Дау-жанжал туған кезде немесе сәйкес келмейтін жағдайлар болған кезде тұрғын үй жәрдемақысы туралы мәселені шешу үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы арнайы комиссиясының қарауына енгізіледі. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда жәрдемақыға үміткер тұлға оны сот арқылы шешіп алуға құқы бар.

      Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу жәрдемақы алушының есепшотына аудару арқылы төленеді.

      5) Есепшотқа тұрғын үй жәрдемақысының сомаларын аудару кезінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі салым салушыларының бір жолғы тапсырмалары негізінде тұрғын үй жәрдемақысы сомалары салымынан аудару үшін банктік есеп-қисаптың формаларын толтыру жолымен бөлінген қаржыны мақсатты пайдалануларын тексеру қажет.

      6) Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй жәрдемақысын алғаннан кейін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстауға шыққан нақты шығындарды 1 айдың ішінде дәлелсіз себептермен (науқастануы, уақытша болмауы және тағы басқалар) төлемеген азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды тоқтатуға және бермеуге құқы бар. Тұрғын үй жәрдемақысын тоқтатып, оны бермеу туралы мәселесін комиссия тұрғын үй жәрдемақы алушысының қатыстыруымен қарайды. Комиссия шешімінің көшірмесін бөлімдер өтініш берушіге тапсырады.

3. Тұрғын үй жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі.

      7. Тұрғын үй жәрдемақылар осы елді мекенде тұрақты тұратын және үй иелері немесе пайдаланушысы болып табылатын (жалға алушы, жалдаушы) жеке тұлғаларға тағайындалады. Отбасы құрамында балалары, немерелері бірге тұратын, пәтер иесі болып табылатын зейнеткерлерге жәрдемақы балалары мен немерелері есепке алынбай тағайындалады.

      8. Жеке меншігінде бірнеше үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалға беретін (жалдайтын) немесе жалдайтын отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтарын жоғалтады.

      9. Егер де күтімді қажет етеді деп танылған он сегіз жастан асқан азаматтарға және мүгедектерге күтім жасайтын, 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу (бір немесе бірнешеу) және сондай-ақ 4 және одан да көп баланы - бірінші сыныпты ең кіші баланың аяқтауына дейін (бірақ 9 жастан жоғары емес) тәрбиелеумен айналысатын адамдарды есепке алмағанда отбасында жұмыс істеуге қабілеті бар адамдар тұрса, еш жерде жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздығы жөнінде тіркелмеген адамдардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтары жоқ.

4. Тұрғын үй жәрдемақыларды беру мерзімдері

      10. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берілген айдан бастап 6 айға тағайындалады. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың қайта тіркелуі құжаттарды алғаш рет тапсырған процедурасындай.

      Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге рұқсат етілетін шығындар шегінің үлесі, олар отбасының табыстары, коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгерген жағдайда бұрында тағайындалған жәрдемақылар тиісті өзгерістер болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеледі.

      Тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынған отбасылар құжаттарды нақты тапсырған күннен бастап емес, тұрғын үй жәрдемақысын бір тоқсанға алады.

      Ағымдағы тоқсан бойы отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынбаған отбасылар, себебіне қарамай, тұрғын үй жәрдемақыларды есептеу құжаттар ұсынылған айдан бастап жүргізіледі.

      11. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар 15 күннің ішінде тұрғын үй жәрдемақсын алу құқығына және мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде уәкілетті органдарға хабарлауы керек.

      12. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге рұқсат етілетін шығындар шегінің үлесі, коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгерген жағдайда бұрында тағайындалған жәрдемақылар тиісті өзгерістер болған уақыттан бастап қайта тағайындалады.

      13. Жәрдемақыға құқықтыларды анықтау кезде басқа қалаларда уақытша тұратыны тиісті құжаттармен дәлелденген адамдар есепке алынбайды.

5. Тұрғын үй жәрдемақыларын өтіну және есептеу тәртібі.

      14. Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға келесі құжаттармен өтінеді:

      1) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) тұрғын үйге құқығын анықтайтын құжаттардың көшірмесі (тұрғын үй төлқұжаты, сату-сатып алу келісім шарты, сыйға беру келісім шарты, мұрагерлік құқығы жөніндегі куәлік, жалдау (жалға алу) келісім шарты, меншік құқығын тану жөніндегі сот шешімі және басқалар);

      4) отбасы құрамын (азаматтарды тіркеу кітабы, пәтердің карточкасы, үй кітабы) және тұрғылықты жерін анықтайтын құжаттың көшірмесі;

      5) өтініш берушінің отбасы жағдайын анықтайтын құжаттың (неке туралы немесе некені бұзу туралы куәлік, жалғызбасты 65 жастан асқан адамдарды қоспағанда) көшірмесі;

      6) отбасы мүшелерінің қызмет түрі жөнінде мәлімет (еңбек кітапшасының көшірмесі, жұмыс орнынан анықтама және басқалар);

      7) тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге төлеу жөніндегі шығындар туралы мәліметтер (түбіртек);

      8) өтініш берушінің қалалық телекоммуникациялар желісінің абонементі екендігін анықтайтын (келісім шарт немесе телекоммуникация қызметтер есебінің түбіртегі) құжаттың көшірмесі;

      9) отбасы мүшелерінің табысы жөнінде мәлімет;

      10) жұмыссыздар тұрғылықты жер бойынша жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органның анықтамасын тапсырады;

      11) Аз қамтылған азаматтардың материалдық-тұрмыстық жағдайының тексеру актісі;

      15. Құжаттың түпнұсқасымен және көшірмесі салыстырып тексеру үшін тапсырылады, одан соң түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылып беріледі.

      16. Қажеттілігіне қарай уәкілетті орган тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар (арнаулы комиссияның тапсырысы бойынша). Тексеру актісі тұрғын үй жәрдемақысын алушының жеке ісіне тіркеледі.

      17. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесінде отбасына тұрғын үй жәрдемақысын беру жөнінде келісім-шарт жасалады. Келісім-шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй жәрдемақысын алушыда сақталады. Аталған келісім-шарт тұрғын үй жәрдемақысын беру үшін негіз болып табылады. Уәкілетті органмен ай сайын тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі жүргізіледі, ол өтініш берушінің өтініміне қарай беріледі.

      18. Мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда уәкілетті орган сұраныс жасауға құқықты, ал заңды тұлға мен жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер адамның табысы туралы мәлімет беруге міндетті.

      19. Жәрдемақы мөлшері үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайланауға тұрғын үй жәрдемақысын алушысының телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына сома өтемақы шараларын қамтитын норма шегінде көтерілуіне сома нақты төлем мен тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасылардың шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі. Тұрғын үй жәрдемақы алуға үміткер отбасылардың шығындар деңгейінің шегі отбасының жиынтық табысынан 16% мөлшерінде анықталсын. Жиынтық табыс қолданыстағы заңмен белгіленген тәртіппен есептеледі.

      Ескерту. 5-тармақтың 19) тармақшасына өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2007.12.24 N 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2008.12.23 N 114(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.

      20. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметке және телефон үшін абоненттік ақының өсу айырмасы нақты төлем ақыны аудару сомасынан артуы тиісті емес.

      21. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері тағайындалған жәрдемақы сомаларының көрсетілуімен тұрғын үй жәрдемақы алушылардың тізімін жасайды және ай сайын төленген жәрдемақылар сомасын өтеу үшін тұрғылықты жер бойынша қаржы органдарына жиынтық ведомостарды тапсырады. Телефон үшін абоненттік ақы тарифтарының арттырылуына өтемақыны төлеу және қажеттілікті құру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

6. Тұрғын үй жәрдемақылардың қаржыландыру көздері.

      22. Тұрғын үй жәрдемақылары жергілікті бюджет қаржылары есебінен қаржыланады, қалалық телекоммуникация абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің артуының бөлімдеріне – Республикалық бюджеттен жүзеге асырады.

7. Жиынтық табысты есептеу тәртiбi

      1. Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын (бұдан әрi – жиынтық табыс) тұрғын үй жәрдемақсын тағайындауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган есептейдi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган).

      2. Отбасының жиынтық табысын есептегенде отбасы құрамында бірге тұратын, шаруашылықты бірге жүргізетін және тұрғылықты бір жерде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.

      Есептi кезеңде құрамында өзгерiстер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде келген (кеткен) отбасы мүшесiнiң табысы келесі тоқсанның бірінші айынан бастап есепке алынады (есепке алынбайды).

      3. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй жәрдемақысына өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрi - есептi кезең) Қазақстан Републикасында және одан тыс жерлерде ақшалай немесе заттай түрде алынған табыстың барлық түрлерi есептеледі.

      4. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, осы тоқсанда жұмыс істеген барлық уақыты отбасының жиынтық табысына есептеледі.

      5. Бір тоқсаннан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бiр мезгілде алынған кезде (оның iшiнде жалақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақылар және т.б. бойынша берешектер) жиынтық табысқа есептiк кезеңде алынған табыстың барлық соммасы есептеледі.

      6. Шетелдiк валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлiк есеп стандарттарында белгiленген тәртiппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледi.

      7. Орташа жан басына шаққандағы табыс отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен белгіленеді.

8. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде есепке алынатын табыс түрлерi

      8. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлерi есепке алынады:

      1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;

      2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;

      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;

      4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;

      5) алынып тасталды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 34 сессиясының 2007.03.20 N 382 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз);

      6) өзге де табыс.

      9. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:

      1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;

      2) тұрғын үй жәрдемақысы;

      3) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;

      4) бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;

      5) жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.

      Егер жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледi;

      6) отбасы мүшелерінің бipeуi осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтiн алимент;

      7) азаматтардың тегiн немесе жеңiлдiкпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;

      8) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;

      9) азаматтардың елдi мекеннен тыс жерлерге емделуге тегiн немесе жеңілдiкпен жол жүру құны;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

      дәрілiк препараттар;

      санаторийлiк-курорттық емдеу;

      протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);

      жүрiп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлiнген басқа да сауықтыру құралдары;

      бiлiм алу кезеңiнде оқушыларды тегiн тамақтандыру түрiнде көрсетiлген заттай көмек түрлерi.

      11) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;

      12) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек.

9. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын, еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрінде алынған табыс.

      10. Жиынтық табысты есептеу кезiнде отбасының мынадай (осы Қағиданың 9 - тармағында көрсетiлгендерден басқа) түрде алынған табысы есепке алынады:

      1) жұмыс берушi еңбекақы ретiнде есептеген, атап айтқанда:

      жалақының барлық түрлерi, оның iшiнде кесiмдi, мерзiмдi, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетiн ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзiне қарамастан);

      демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн ақшалай өтемақы;

      ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушiнiң (жеке тұлғаның) қызметi тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда жеке еңбек шартының бұзылуы кезiнде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде төленетiн өтемақылар;

      уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңiндегi жалақы;

      Маусымдық жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің жалақысы оны алған кезеңнен бастап отбасының жиынтық табысына есептеледі. Жалақы болмаған кезеңде ол жиынтық табысқа есептелмейді.

      сақтандыру агенттерi мен брокерлерге төленетiн комиссиялық сыйақы;

      бала туғанда және жерлеуге берiлетiн жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезiнде ескерiлмейтiн және ұйым қаражатының есебiнен төленетiн басқа да төлем түрлерi;

      мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң ақшалай үлесiн қоспағанда, әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде келiсiм-шарт бойынша қызмет өткерiп жүргендердiң және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестiрiлген азаматтар санаттарының үстемеақылар мен қосымша ақылар ескерiлген ақшалай үлесi;

      жалдау бойынша төленетiн еңбекақы;

      жұмыс берушi төлеген несие сомасы. Көрсетiлген төлемдер несиені өтеудiң белгiленген мерзiмiне бөлiп таратылады;

      2) әлеуметтiк төлемдер, атап айтқанда:

      Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлерi, оларға өтемақы төлемдерi;

      мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;

      арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар;

      жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылар;

      мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;

      бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар;

      үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамсыздандыру;

      қаржыландыру көзiне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетiн стипендия;

      жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен берiлетiн әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақылар;

      1, 2 - топтағы жалғызiлiктi, басқа адамның көмегiне мұқтаж мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларына қосылатын күтiмге арналған қосымша үстемеақылар мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының шешiмi бойынша бюджеттен берiлетiн басқа да ұдайы төлемдер;

      жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен көрсетiлетiн, қалаiшiлiк қоғамдық көлiкте жүруге берiлетiн материалдық (әлеуметтiк) көмек;

      заңдарға және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес берiлетiн, осы Қағиданың 9-тармағының 10) тармақшасында көрсетiлгендерден басқа, заттай көмек түрлерiнiң құны, сондай-ақ осы көмектiң орнына төленетiн сома;

      осы бөлiмде көрсетiлген, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары, мекемелер мен басқа да ұйымдар белгiлеген барлық төлем түрлерiне өзге де үстемеақылар мен қосымша ақылар.

      11. Жиынтық табыстың құрамына қызметкер еңбек және қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы заңнамаға сәйкес жұмыс берушi төлейтiн бiр жолғы төлемдер мен ай сайынғы сома қосылады.

      12. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша (мердiгерлiк және басқа) жұмыстарды орындайтын адамдардың табысы шарт қолданылатын бүкiл кезеңге жиынтықталады. Алынған табыс жұмысты орындау үшiн шартта көзделген айлардың санына бөлiнедi және есептi кезеңге келетiн айлардағы жиынтық табыста есепке алынады.

      13. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша, оның iшiнде ғылыми, әдеби және өнер туындыларын және т.б. жасауға, шығаруға, орындауға немесе өзге де пайдалануға алынған, осы шарт есебiне аванспен төленетiн сыйақылар аванс берудiң бүкiл кезеңіне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады, ал қалған сома шарттың аванс бергеннен кейiнгi қолданылу кезеңiне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады.

      14. Авторлық сыйақылар (шарттар болмаған кезде), сондай-ақ жаңалық ашқаны, өнертабыстар мен рационализаторлық ұсыныстары үшiн сыйақылар жиынтық табысқа сыйақы сомасын ол алынған айлардың санына бөлуден алынған үлес мөлшерiнде қосылады және есептi кезеңге келетiн айлардың санына көбейтiледi.

      15. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс олардың мөлшерi туралы анықтамалармен расталады.

10. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынған табыс

      16. Жиынтық табысты есептеу кезiнде кәсiпкерлiктен және басқа да қызмет түрлерiнен:

      1) өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан;

      2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлiктi сату кезiндегi құн өсiмiнен;

      3) шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде және шартты жер үлесi мен мүлiк жарнасынан алынған.

      Шаруа қожалығы мүшелерiнiң жиынтық табысын есептеу салық органдарына ұсынылатын, алынған табыс туралы декларацияда көрсетiлген ауыл шаруашылығы өнiмiн сатудан нақты алынған табыс ескерiле отырып жүргiзiледi. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлiнедi және оның тиiстi бөлiгi айқындалатын кезеңдегi жалпы жиынтық табысқа қосылады;

      4) өзiн-өзi жұмыспен қамтудан түскен табыс есепке алынады.

      17. Жекелеген азаматтарда жұмыс iстейтiн адамдар жалақысын шарттың көшiрмесiмен, жалға алушының анықтамасымен немесе өтiнiш негiзiнде растайды.

      Жекелеген азаматтарда шарттар жасамай жұмыс iстейтiн адамдардың жиынтық табысы олардың өтiнiштерi негiзiнде расталады. Бұл ретте жалақының заттай бөлiгi жиынтық табысқа нарықтық баға бойынша ақшалай баламада қосылады.

      18. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтiнiшпен расталады.

      19. Кәсiпкерлiк қызметпен арнаулы салық режимi жағдайында айналысатын адамдардың табысы бiр жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негiзiнде расталады.

      Шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған табысты қоса алғанда, ресми расталмаған табыс әрбiр жұмыс iстеушiге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.

11. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс

      20. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында есепке алынады.

      Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушiнiң жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттiң қосымша сомасы жиынтық табысқа олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.

      21. Адамдардың асырауындағыларды ұстауға мiндеттi адамның тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердiң болмауы себебiнен алимент өндiрiп алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетiлген адамның iздеуде жүргенi туралы тиiстi органдардан алынған құжаттар қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде есептеледi.

      22. Егер төлеушi алимент төлеуден жалтарған жағдайда, жиынтық табысқа алимент есепке алынбай есептеледi.

      23. Егер ата-анасының арасында неке бұзылмай жұбайлардың бiреуiнен алимент өндiрiп алынса, осы жұбайы отбасымен бiрге тұрған кезде оның табысы жиынтық табыста толық есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке алынады.

      24. Егер баланың анасы баланың әкесімен тіркелген некеде тұрмаса, онымен бірге тұрмаса және алимент өндіріп алу туралы сот шешімі болмаса жиынтық табысқа алименттi есепке алмай есептеледi.

      25. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамаларымен не почта аударымдарының алынған алимент туралы түбiртегiмен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндiрiп алу туралы шешiмi қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде расталады. Алимент бойынша 3 айдан астам кезең үшiн берешек пайда болғанда сот орындаушысының алимент бойынша берешектi айқындау туралы қаулысы ұсынылады.

12. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын, жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс

      27. Жеке қосалқы шаруашылықты жүргiзуден алынған табыстың отбасының құрамында ескерiлген әрбiр мүшесiне келетiн үлесi балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының жиынтық табысында есепке алынады.

      26. Жеке қосалқы шаруашылықтан (үй малын, құс өсіруден, ауыл шаруашылығы (гүл) өнімдерін өсіруден) түскен табыс жиынтық табыстың құрамына қосылады.

      27. Жиынтық табыста есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнiмдерiн өсiруден, мал мен құс ұстаудан және өсiруден алынған табыс өтiнiш берушiнiң кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi немесе басқа да құзыреттi орган растаған жеке қосалқы шаруашылығының болуы және мөлшерi туралы мәлiметтерiнiң негiзiнде әрбiр отбасы бойынша есептеледi.

      28. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты уәкiлеттi орган осы Қағиданың 1, 2, 3, 4 қосымшалардың негiзiнде есептейдi.

      Жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл өнiмдерiн сатудан, сондай-ақ терiсi бағалы аңдар, ара, құс (тауықтан, қаздан, үйректен басқа) өсiруден алынған табыс жиынтық табысқа жазбаша өтiнiштiң негiзiнде қосылады.

      29. Бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) 1 кг өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады (ocы Қағидада 2, 3 -қосымшаларға сәйкес) және шығыстардың орташа деңгейi шегерiледi.

      30. Табысты есептеу үшiн алдыңғы күнтiзбелiк жылдың өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiне облыста қалыптасқан, облыстық статистика органдары облыстық уәкiлеттi органға ұсынатын орташа жылдық бағалары пайдаланылады.

      Малды (құсты) есептi кезеңде сату кезiнде жиынтық табысқа облыстық статистика органдарының деректерi бойынша тiрi мал нарығында қалыптасқан бағалар бойынша бiр жолғы табыс қосылады.

      Жиынтық табыс жұмыс малы (жылқы, түйе және басқалары) мен бiр жыл iшiнде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерiлмей есептеледi. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетiлген мал бiр жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретiнде есепке алынады.

      31. Осы Қағиданың 3-қосымшаға сәйкес өнiм бермейтiн жастағы (төл) үй малынан, құстан түсетiн табыс ол сыйға тартылған немесе өткiзiлген (сату, сою және т.б.) жағдайда ғана есепке алынады. Төлдiң құны отбасының жиынтық табысына тiрi мал нарығында қалыптасқан, облыстық статистика органдары ұсынған бағалар бойынша қосылады.

      32. Осы Қағиданың 30-тармағында көрсетiлгендерден басқа, үй малы, құс болған кезде жиынтық табыс табыстың жылдық сомасын он екi айға бөлу жолымен айқындалады. Шыққан сан есептi кезеңдегi айлардың санына көбейтiледi.

      33. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есебiнiң жеке нормативтiк карточкасын осы Қағиданың 4-қосымшаға сәйкес балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң деректерi негiзiнде толтырады.

13. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын өзге табыс

      34. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде мынадай өзге де табыс есепке алынады:

      1) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден;

      2) бағалы қағаздардан (дивидендтер);

      3) шетелдiк валютаны өткiзуден;

      4) асыл тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариат сатудан;

      5) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан;

      6) авторлық сыйақы түрiндегi;

      7) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралдарын және басқа да мүлiктi сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде алынған;

      8) несиені (шағын несиені) пайдаланудан;

      9) қайтарымсыз алынған ақша;

      10) ақша салымдары бойынша сыйақы (мүдде);

      11) ақшалай аударымдар;

      12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлiк бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегi ұтыстар;

      13) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегiн (құн түрiнде) қоса алғанда, өзге де мәлiмделген табыс.

      Көрсетiлген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтiнiшпен расталады.

      Орта білім беру, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінде ақылы негізде күндізгі бөлімде оқитын шәкіртақы алмайтын студенттердің жиынтық табысына ерікті айтылған табысы есептеледі.

      35. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден алынған, ресми расталмаған табыс бiр айдағы ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.

      36. Алынған несиелердiң (шағын несиелердiң) сомасы жиынтық табыста есепке алынбайды.

      37. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан алынған табыс оның алынған күннен бастап бірге жалпы жиынтық табысқа қосылады.

      Басқа тұрғын үй (көлiк құралын) сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлiктi (көлiк құралын) сатудан алынған сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлiк құралы) құнының арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.

  Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға,
коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй
жәрдемақыларды беру және телекоммуникация
желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік
ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің
Қағидасына 1-қосымша

Қарағанды облысының табиғи жағдайы бойынша
әкімшілік-аумақтық аудандардың
ТIЗБЕСI

2. Қуаң дала аймағы

Қарағанды

1. Нұра
2. Қарқаралы
3. Осакаров
4. Абай
5. Бұқар жырау
Қарағанды қаласы
Сарань қаласы
Шахтинск қаласы
Темiртау қаласы

3. Шөлейттi аймақ

Қарағанды

1. Жаңаарқа
2. Шет
3. Ақтоғай
4. Ұлытау
Жезқазған қаласы
Балқаш қаласы
Қаражал қаласы
Приозерск қаласы
Сәтбаев қаласы

  Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға,
коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй
жәрдемақыларды беру және телекоммуникация
желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік
ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің
Қағидасына 2-қосымша

Шөлейтті аймақтағы жеке қосалқы
шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің
нормативтік карточкасы

      Өсімдік шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң 1 соткасының орташа түсiмi, кг

Жердiң
1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң орташа бағасы, теңге

1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.)

1 сотка жерден түскен
табыс (+), шығыс (-), теңге
(5-бaғ - 3-бағ.)

1

2

3

4

5

6

Бидай

10

226

14,5

145

-81

Арпа

15

174

8,8

132

-42

Қарамық

8

153

82,9

663,2

510,2

Жүгерi (жасыл салмағы)

100

128




Көп жылдық шөптер

10

91




Бiр жылдық шөптер

10

84




Картоп

70

1102

17,7

1239

137

Көкөнiстер

90

1249

61,8

5562

4313

Бақшалар

85

458

35,0

2975

2517

Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт және басқалары)

22

525

116,5

2563

2038

Сүйектi жемiс бақтары (өрiк, қара өрiк және басқалары)

20

498

90,2

1804

1306

Жидек дақылдары

10

589

200,5

2005

1416

Жүзім

20

564

143,4

2868

2304


      Мал шаруашылығының өнімi

Өнiм

1 бастан алынатын орташа өнiмдiлiк, кг (л)

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа құны, теңге

1 бастан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ. x 4-бағ.)

1 бастан түскен
табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ. – 3-бағ.)

1

2

3

4

5

6

Сүтті iрi қара мал (сүт)

1100

19944

24,3

26730

6786

Eтті iрi қара мал (сиыр еті)

165

16016

360

59400

43384

Шошқалар (шошқа еті)

110

8462

390,5

42955

34493

Қойлар, ешкілер ет/жүн

22/2,25

1200/105

296,3/25

7926/55

6676

Жылқы (жылқы еті)

138

6044

427,5

58995

52951

Түйе (түйе еті)

1140

2925

8,9



Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)

200 жұмыртқа

728

288,2

1780

10521

Етті құс (құс еті)

2,5

489


720,5

231,5

  Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға,
коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй
жәрдемақыларды беру және телекоммуникация
желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік
ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің
Қағидасына 3-қосымша

АЗЫҚ-ТҮЛIКТIК ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН
YЙ МАЛДАРЫ МЕН ҚҰСТАРЫНЫҢ
ЖАСЫ

Малдардың түрi

Өлшем
бірлігі

Өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы

Iрi қара мал

Ай

25

Қойлар мен ешкiлер

Ай

12

Шошқалар

ай

10

Жылқылар

ай

16

Түйелер

ай

18

Жұмыртқалайтын құс

күн

195

Етті құс

күн

125

  Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға,
коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй
жәрдемақыларды беру және телекоммуникация
желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік
ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің
Қағидасына 4-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң
ҮЛГI ЖЕКЕ НОРМАТИВТIК КАРТОЧКАСЫ

      Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. _____________________________________________

      Үйiнiң мекен-жайы ___________________________________________________

Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi

жер, сотка, мал басы, саны

жылына түсетiн табыс нормативi,теңге

жылына түсетiн табыстың барлығы, теңге

бiр тоқсанда түсетiн табыстың барлығы, теңге

Бидай





Арпа





Дәнi алынатын жүгерi





Күрiш





Қарамық





Картоп





Көкөністер





Бақшалар





Күнбағыс





Қант қызылшасы





Темекi





Шекiлдеуiк бақтары





Сүйектi жемiс бақтары





Жемiстер





Жүзiм





Көп жылдық шөп





Бiр жылдық шөп





Жасыл жемге берiлетiн жүгерi





Сүттi iрi қара мал





Еттi iрi қара мал





Шошқалар





Қойлар мен ешкілер





Жылқылар





Түйелер





Жұмыртқалайтын құс





Еттi құс





Жиыны: бiр жылғы табыс

Х

х



Жиыны: бiр тоқсандағы табыс

Х

х

х

Х


      200_ж. "__"_________ ____________________________

      (өтiнiш берушiнiң қолы)

      ___________________________________________

      (есепті жасаған адамның Т.А.Ә. және қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады