Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 12 сессиясының 2009.04.24 N 141 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 09 қыркүйектегі "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 949 Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 22 маусымдағы 28 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" N 308 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімі N 8-10-27 болып тіркелген), аудандық "Тоқырауын тынысы газетінің 2006 жылғы 28 тамызындағы N 31 (7043) санында жарияланған, аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 20 наурыздағы 34 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" N 308 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, N 382 шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімі N 8-10-44 болып тіркелген), аудандық "Тоқырауын тынысы газетінің 2007 жылғы 11 мамырдағы N 19 (7084) санында жарияланған шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
5 тармақта:
19) тармақшада:
"20 % "деген "18%" деп ауыстырылсын;
2. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саланы дамыту және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А.Е. Күлмағанбетова) жүктелсін.
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ө. Смаилов |
Аудандық мәслихат хатшысы | М. Оңғарқұлов. |
КЕЛІСІЛДІ | |
Ауданның жұмыспен қамту | |
және әлеуметтік бағдарламалар | |
бөлімінің бастығы | А. Түсіпбеков |
24.12.2007 ж.